113
түбінде тесігі бар полиэтиленді пакетті бекіту болып табылады. Осылайша
камера судан қорғанады,ал сіз камераны оңай басқара аласыз. Арнайы қапты
да алуға болады,алайда олар өте қымбат,әрі сатылымда жоқ болып жатады.
Онымен қоса,арнайы аквабокстар бар,олардың арқасында сіз тіпті, су
астындада түсірілім жасай аласыз.
Егер де су жарқылдақтың (вспышканың) әйнегіне түссе,оны тез арада құрғақ
орамалмен сүрту керек. Және де жарқылдақтың әйнегін ұстауға болмайды,
кірленудің әсерінен алдыңғы жарқыл әйнегі күйеді. Аптап ыстықта немесе от
жалынның қасына камераны қойып кетпеңіз!
Ешқашан күнге обьектив арқылы қарамаңыз. Оның кесірінен көз торыңыз
күйікке ұшырайды. Аяз кезінде камераға ерекше күтім қажет. Біріншіден,
бөлмеден далаға шыққан бойда камераны қабынан алудың қажеті жоқ.
Қаптың ішіндегі температура даладағы температурамен теңесу керек.
Негізінде бөлмеге кірер алдында қаптың
ішінде ауа қалатындай
етіп,полиэтиленді пакетті салу керек,ал қаптың ішінде силикагель жатуы тиіс
Ол конденсаттың, полиэтиленді пакеттің ішінде
пайда болуын қамтамасыз
етеді. Аязда тіпті заряд алған аккумулятор да тез отырады. Сол үшін
аккумуляторды түсірілім кезінде
ғана камераға орнату керек,ал
басқа кезде
оны ішкі қалтаға салып жүріңіз. Аяздағы түсірілімге
бірнеше аккумулятор
алып жүрген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: