105
Ресейдің фотожурналистер одағы
1990 жылдың желтоқсанында Ресейдің барлық аумағынан Курск
қаласына 200-ге жуық фотограф жиналған съезд болды. Бұл одақ кеңестік
Ресей үкіметінің қоғамдық шығармашылық ұйымы ретінде 1991 жылы 14
мамырда тіркелген. Бірлестік мүшелері ретінде: кез келген 18-ден
асқан
фотосурет шеберлері, фотоөнер сыншылары, тарихшылар мен теоретиктер,
фотографиялық
басылымдардың шығарушылары, осы саланы зерттеуші
ғалымдар, техникалық мамандар, фотоұйым педагогтары және заңгерлер
мен қоғамдық бірлестіктер саналады. Бүгінгі таңда ұйымда 2000
кәсіби
фотограф мамандар, фотожурналистер мен бильдредакторлар,балалар
фотостудияларының басшылары және шығармашылықпен айналысатын
фотоәуесқойлар қызмет атқарады. Ұйымның мақсаты:
отандық фотоөнердің
дамуына үлес қосу; елдегі және шет мемлекеттердегі ресейліктердің
фотосурет түсірудегі авторлық құқығын қорғау; әртүрлі сайыстар мен
көрмелер өткізіп тұру арқылы
фотосуреткерлерді талаптандыру, шыңдау;
фотосүйерлердің қозғалыстарына демеу болу. Одақ дүниежүзінің өзге де
мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатқан. Қазірде мұндай ұйым: АҚШ-та,
Францияда, Нидерландия пен Болгарияда, Италияда,
Германияда, Литва,
Украина мен Беларуссияда бар. Аталмыш ұйымның ескі фотомұрағаты
сақталған. Онда шамамен 10 мыңға жуық байырғы фотосуреттер,
фотоқұралдар және ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы
көптеген
кітаптар,фотоөнер туралы басылымдар, сонымен қатар ресейлік
және шетелдік журналдар мен альбомдар бар.
Достарыңызбен бөлісу: