Кереғар (контраст)
– негатив суретіндегі жарықтың, қараңғы
бөлшектердің өзгеру диапазоны.
Композиция – түсірілімдегі басты және артқы фонда орналасқан
объектілердің көз мөлшерінің гармониялық талаптарына сай орналасуы.
Композициялық тепе-теңдік – түсті элементтердің, ашық және қараңғы
учаскелердің, кіші және үлкен нысандардың кеңістікте біркелкі орналасуы.
Ол жеке элементтердің бірыңғай тығыз байланысуын қамтамасыз етеді.
.
Қалқа (диафрагма) (грекше, diaphragma – қалқа. Ағылшынша aperture -
апертура). Әйнеккөздің (объективтің) линзаларының аралығында орналасқан
қалқа. Әдетте желпуіш сияқты жапырақшалар жиынтығынан құралады да,
жарық, сәуле өтуін қалқалап, мөлшерлеп тұрады.
Көздік "f" саны – фотоаппараттың әйнеккөзінің диафрагмалық
саңылауының өлшемін көрсететін сан. Көз(диафрагма) f санымен
белгіленеді. Көрсетілген сан кіші болған сайын, саңылаудың көлемі үлкейеді.
Көру бұрышы (угол зрения) – бейнеіздеуіште қадағаланып, әйнеккөзде
ұсталынып тұратын аумақ. Көру бұрышы немесе шекара бұрышы
объективтің фокустық қашықтығымен өлшенеді.
Көрініс (панорама) – үлкен бұрыштан түсірілген сурет. Мысалы,пейзаж
немесе адамдардың үлкен тобы.