Ракурс – түсірілімнің нысанына қатысты фотоаппараттың орналасу
деңгейі (жоғары немесе төмен), дақтарды жою, түстерді жөндеу.
Сәуле түсіру уақыты, яки ұсталым (выдержка) – суретке түсіру
сәтінде ауа райына, жарыққа байланысты жапқыштың (затвор) ашылу сәтінде
қойылатын уақыт дәлдігі. Ұсталым әрқашан секунд және миллисекундпен
өлшенеді. Бөлшек түрінде белгіленгенімен (мысалы, 1/500), экранда тек
бөлшектің бөліміндегі сан (500) көрсетіледі.
Сәуле жарығы мен диафрагманың артықшылығы (приоритет
выдержки/диафрагмы) – выдержка/диафрагманың қолмен қойылатын
режимі. Ал диафрагма/выдержка автоматты түрде камерамен қойылады.
Слайд – диапроектордың арқасында немесе жарық көзіне көрінетін
пленкадағы, шыныдағы позитивті сурет.
Созылмалы сәуле уақыты (выдержка) – Жалпы не түнгі түсірілімдерге
арналған секунд және минутпен өлшенетін сәуле уакыты .
121
Табиғи жарық – фотографтың қатысынсыз пайда болатын жарық. Оған
күн сәулесі, айдың немесе шамның жарығы, неонды оттар жатады.