23
Қарапайым түсінікпен
терезені алсақ, терезе қаншама үлкен ашылған
сайын, жарық сәуле соншама көп өтеді. Диафрагма f/2,8 не f.2,8 сандарымен
белгіленеді. Көрсетілген сан қаншама кіші болған сайын,
саңылау соншама
үлкен, ашық болады.
Толық ашылған диафрагма анықтық тереңдігін (глубина резкости) өте аз
береді (артқы жақтары бұлыңғырлау). Үлкен анықтау тереңдікті алу үшін
диафрагма саны f.8-ден жоғары болуы керек.
Диафрагманы жапқан сайын (сандық фотоаппарат) матрицадағы бүкіл
шаң-тозаң көрінеді.
Әйнеккөздің (объективтің) жақтауында диафрагманы қозғалтуға
арналған сақина немесе кішкене тартпа (рычаг) бар. Бұл жапырақшаларды
ашу немесе жабу арқылы жарық сәуле
өткізу саңылауының шамасын
реттейді.
Қолайлы болуы үшін әйнеккөздің (объективтің) жақтауында
диафрагмалық сандар өлшемі жазылған.
Диафрагма механизмі фотожапқыны (затвор) босату тетігін басқан кезде
ғана жұмыс істейді, тетігін басқан соң жарық
сәуле өткізу саңылауы жапқы
жұмыс істер кезде ғана секірмелі түрде кішірейеді. Мұндай диафрагмалар
«секірмелі» диафрагмалар деп аталады. Бұлар суретке түсіру нысанасын
салыстырмалы саңылау барынша үлкен кезде, яғни суретке түсірілмекші
нысанның кескінін айналы кескін іздегіштің
барынша жарықтанып тұрған
кезінде фокустауға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде, әйнеккөздің
фокусталу дәлдігі артады (1).
Ұсталым
(фотоаппараттың түсіру уақыты. выдержка). Суретке түсіру
сәтінде
ауа райына, жарыққа байланысты жапқыштың (затвор) ашылу
сәтіндегі қойылатын уақыт дәлдігі. Уақыт дәлдігі фотоматериалды не
матрицаның көлеміне қарай пайдаланғанда қойылады. Фотоқағазды
пайдаланғанда да жарық күшінің уақыты дәл
қойылуы керек және терезені
алар болсақ, терезе қаншама ұзақ ашылған сайын соншама жарық көп өтеді.
24
Ұсталым
(выдержка) әрқашан секунд және миллисекундпен
өлшенеді. Белгіленуі 1/200, ал камерада тек қана 200 көрсетіледі. Егерде
Ұсталым секундтан ұзағырақ болса белгіленуі «Z» яғни 2 секунд.
Өте қысқа ұсталымдар жылдам қозғалыс кезінде (спорт, көлік, т.б.)
қолданылады. Ал ұсталым 1/30 төмен болған
жағдайда не штативке қойып,
не жарқылдақпен (вспышка) түсіру керек.
Бұрындары ұсталым мен диафрагманы анықтау үшін экспонометрлер
қолданылған. Бүгіндері олар кез келген фотоаппараттың ішіне орнатылған
және ол жерде диафрагма не ұсталымның артықшылығы таңдалынады.
Мысалы, қозғалысты түсіргіңіз келсе ұсталымның артықшылығына
қойсаңыз, соған сәйкес диафрагманы автоматты түрде табады.
Достарыңызбен бөлісу: