Асылхан Абдраим


(«Жас Алаш» газеті, 2004 жыл, 2 наурыз, №26)



Pdf көрінісі
бет58/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

 
(«Жас Алаш» газеті, 2004 жыл, 2 наурыз, №26).
 
 2.2 Шәңгерей –халқымыздың алғашқы 
кәсіпқой фотосуретшіcі 
 
Өмір дерегін қағазда мәңгі қалдыратын жаңалық Ресейде тез тарағаны 
сонша, 1845 жылы көзі жұмылған Жәңгірдің өзі рәсімін қағазға тарттырып 
үлгерді. Фото өнерімен Екінші Николай, Лев Толстой шындап әуестенді. 
Шәңгерей 1901 жылы Петерборға барған сапарында тақ биігінен осындай 
фотоқұрылғының беруіне ие болғанын бұрын айтқанбыз. Елге келгеннен 
кейін ақын осы өнерді тез үйреніп алған, һәм суретті өзі арнайы жабдықтаған 
бөлек бөлмеде отырып шығарған. Қазіргідей тұрақты тоқ көзі жоқ, табиғи 
жарық күшіне сүйенген уақытта, әрі дала жағдайында сурет басып шығару 
оңай емес. Шәңгерей түсірген фотосуреттерден қазір қолда бары оншақты, 
бірақ, қай-қайсысы да химиялық талаптар дәлме-дәл орындалып, бейне 
сапалы, қалың ақ қағазға көшірілгендіктен өте жақсы сақталған.


62 
 
Шәңгерей Бөкеевтің түсірген фотолары
Ақынның жастау кезінде өзге фотограф қолымен түсірілген өз бейнесі 
уақыт сынына төтеп бере алмай, ескіріп, қайта жаңғыртуға жарамай 
қалғанына қарағанда, Шәңгерейдің бұл өредегі шеберлігі заманында көп 
фотографтан жоғары тұрған. Немере қарындасы Мәдинаның айтуынша, ол 
келген қонақтар мен ағайын-туманы сирақты қара қобдиша алдында біраз 
уақыт тапжылтпай ұстайды екен. Бұл – фотографияны кәсіп емес, өнер деп 
ұққан адамның тірлігі. Себебі, шеберлік жетіле келе фотосуретші фотобейне 
арқылы нысанаға деген өзіндік қатынасын да білдіріп отырады. Мұндай 
көзқарасты әдетте суреттің қай нүктеден түсірілгендігіне, жарық пен 
көлеңкенің астасуына, нысан төңірегінің өкпені қыспайтын кең тынысты 
болып келуі мен нәрседен, заттан шашылып түсетін рефлекторға 
(фотопленер) және түсірушінің қас-қағым ұрымтал сәтті ұстай білуіне қарап 
бағамдаймыз. Шәңгерей фотосуреттерінің дені әлгіндей талап үдесінен 
шыққан. Соның арқасында бүгінгі біз осыдан ғасыр бұрынғы уақыт тынысын 
нақпа-нақ сезініп, Жазғы Орда, Қымыз Орда тәрізді көшпелі, һәм отырықшы 
мәдениет үлгілерін зерделеуге мүмкіндік алып отырмыз. Бақытжан Қаратаев, 
Жанша Сейдалин, Ғұмар Қараш, Ғабдол-Хакім Бөкейханов сияқты 
қайраткерлеріміз бен Мақар Жапарұлы сықылды өнерпаздарымыздың асыл 
бейнелерінің қағазға мәңгі бақи көшіріліп қалуының өзі қандай ғанибет! 


63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет