Шәңгерей Бөкеевтің түсірген фотолары Фото ісі – дүниені голографиялық тұрғыдан ауқымды бейнелеуге, яғни
бүгінгі теледидарға алып келген жолдың басы. Ғасыр аяғында, сонымен бірге
саз өнерінде де үлкен серпіліс болды – америкалық өнертапқыш Томас Алва
Эдисон 1877 жылы магнитті таспа арқылы дыбысты жазып алып, қайта
естіртетін құрылғы ойлап тапты. Өнертапқыштың өзі «фонограф» деп атаған
бұл дыбыс жазғыш музыка мәдениетінің тарихында тұңғыш рет үнді көркем
туындыны таспаға тізіп сақтап қоюға, һәм бірнеше нұсқамен таратуға жол
ашты.
Шәңгерей – Бөкей әулетінен ақ патша шарапатындағы дворян
санатына қосылған екінші адам. Алғашқысы – Жәңгірдің өзі, ол бұл атаққа
1840 жылы, таққа отырғанына он жеті жыл толғанда ие болды.
1901 жылы Петерборда Бөкей хандығының құрылғанына 100 жыл
толуына орай, үлкен салтанат өтіп, оған ішінде Шәңгерей де бар делегация
барып қатысады. Сол жылы Шәңгерей Екінші Николайдың өз қолынан
сыйлыққа фотоаппарат алған.
(
Фотосуреттер ақынның ұрпағы Шолпанай Аманжолованың жеке мұрағатынан алынды )
Тәжімұратов Мақсат, Алматы: Өлке баспасы 1998