73
түсіруге болады. Камерамен түсірілген негативтен сапалы кіші форматты
(6х9 см) фотосурет басып шығара аласыз. Бұл форматқа фокустық
қашықтығы 23,1 мм, «Индустар М» объективі орнатылған. Затвор
жылдамдығы 1/30, 1/60, 1/200/ секундына тең. Жарқ етпе импульс лампамен
затвордың барлық жылдамдығында сурет түсіруге болады.
Аппаратты түсірілетін жаққа айқындыққа келтіріп жатудың керегі жоқ.
Өйткені объектив камераға 5 метрге дейін өте айқын түсіргендей етіп
орнатылған. Аппараттың затворы мен пленкалы бұрау тетіктері бір-біріне
байланысты. Затворды бұрау үшін объектив аппараттың корпусынан ілгері
шығарылады. Осы кезде пленка да алға жылжып сурет түсіретін рамаға
келеді. «Киев-Вегамен» 20 кадрлы сурет түсіруге болады. Диафрагмасы екі
жапырақшалы болып келеді. Фотоаппарат қорапшасы металлдан жасалған,
ал камера механизмі жарық өтпейтін қораптың ішкі жағында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: