Ресейдегі II революция нәтижесін де II
Николайдың тақтан түсуі
92-тапсырма.Ә.Бөкейханов кадет корпусынан неге шықты? Жауап беру үшін төмендегі үзінділермен танысыңыз.
«Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұрдша көрші мұжыққа сатып, біз аз жылда сыпырылып, жаңаша шыға келеміз.
Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұланды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз, орыс пәле өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молла хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалавания алған моллалар хүкіметке жетекшіл болып, ерін кетеді. Біздің қазақ-қырғыздырдың ісін көркейтетін болсақ, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Оны орысша “отделение церкви от государства” дейді, кадет париясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.
Осы үш жол айрылғалы биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі жалпы қазақ съезінде айтқан едім».
Ғалихан. “Қазақ” газеті,
1917, 23 желтоқсан, №256.
“Қазақ” - саяси партияға кірген кісі, кірген партиясының программасына мақұл болады. Одан шыға жайылам деген екен, партия программасынан айырылғандығы жағдайы қазақ һәм күзгі күнгі Сібір съездеріне мәлім еді. Орынборда болып өткен желтоқсанның 5-13-де соңғы жалпы қазаққырғыз съезінде Ғалихан топқа кадет партиясынан шыққандығын баян қылды. “Кадет партиясынан неге шықтым?” деп себептерін көрсетіп жазған мәнісі сол.
“Қазақ” 1917, №256. Кеңес
Нұрпейісов.// Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995.
Алашордашылардың басқа өкілдерінің көзқарастары қандай болды?
Ғалихан Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына әсер еткен ең үлкен себеп - ол Ғалихан Бөкейхановтың сол кезеңдегі қөзқарасымен ,қазақ халқының тұтастығын ,бірегейлігін сақтау ,әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ұстанған бағытының кадет партиясы ұстанған қарсы бағытқа мүлдем сәйкес келмеуі болды деп ойлаймын.Бірқатар Алашордашылар Ғалиханның «еңселі ел болу» мәселесінде белсенді түрде қолдау көрсетті.