77
Екінші дүниежүзілік соғыста компания 19 зауытқа көбейіп, 23 мыңға
жуық жұмыскерлері болды. Соғыстан кейін азаматтық тұтынуға арналған
тауарлар шыға бастады. Олар орта форматты екі объективті айналы
фотоаппараттар (6х6) еді. 1946 жылы кіші форматты алғашқы 35мм Nikon
бренді атауымен шықты. Одан кейінгі жылдары Nikon I бренді Гонконгке
экспорттала бастады. 1950 жылы Nikon S фотоаппараты пайда болды. Ал осы
жылдың шілдесінен 1951 жылдың қаңтарына дейін созылған корей
соғысында американдық журналист Дэвид Дуглас Дункан Nikon S-ті
қолданады. 2010 жылғы нәтиже бойынша Nikon фотоаппаратура нарығында
үшінші орынды иемденсе, сандық айналы камералар бойынша бұл марка
Canon-нан кейінгі 29,8 % -бен екінші орынды алады.
Достарыңызбен бөлісу: