Әйнеккөз құрылғысы Әйнеккөз бірнеше линзалар мен корпустан тұратын оптикалық жүйеден
құралады. Осы элементтердің әрқайсысы күн сәулелерін дұрыс түсіріп,
суреттерді нақты шығарып, абберацияларды болдырмауға көмектеседі.
Ондай абберацияларға суреттің анық шықпауы, контрасттың төмендеуі
немесе түстердің өзгеруі (хроматикалық абберация) жатады. Сонымен қатар
дөңгеленген
күңгірттік
(виньетирование)
немесе
перспективаның
бұрмалануы пайда болуы да мүмкін.
Әрбір өндіруші берілген жасандылықтарды минимумға дейін түсіріп,
келеңсіздіктерді жоюға тырысады, сондықтан линзалардың құрылымын,
олардың санын, корпустың диаметрін және т.б. өзгертеді.
Корпус барлық линзаларды ұстап қана тұрмайды, сонымен қатар бүкіл
элементтердің бір-біріне қатысты дұрыс орналастырылуына жауап береді.