Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет84/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

2.9
Ұлы шейхтің ізімен 
«Түркістан, көне Иасы қаласы туралы, Әмір Темірдің Қожа Ахмет 
Иасауи сопының құрметіне салынған кесенесі туралы жазу – менің 
құзырымда емес, оны тарихшылар таразыласын. Маған өткен жылы Виктор 
Лихановпен бірге ұлы шейх аралаған Оңтүстік Қазақстан жерлерінің 
(Түркістан, Сайран, Арыстанбаб) барлығын дерлік суретке түсіру бақыты 
бұйырды. Меніңше, жұптасып жұмыс істеу – мұндай кезде өте тиімді тәсіл, 
өйткені, бәрін екі есе тез және анық та қанық түсіруге мүмкіндік береді. Ең 
маңыздысы – бірінің бастамасын екіншісінің іліп әкетуі. Мәселен, жоғарыдан 
төмен қарайғы тік кадрда (6x15 cm) сағанаға кіре берісте түбі ойыққа 
тірелген әйгілі қазан тұр. Оны 40 секундтық кідіріспен суретке алар сәтте 
жан-жақтан жарық түсіруге тура келді.
Бір қызығы, кесенедегі жарық жиі құбылып тұратындықтан, ұзақ 
кідіріспен (20-40 секунд) түсіргенде, «Velvia» фотопленкасы оны сәл 
әлсіретіп отырды. 


98 
Жай адамдардың кіруіне болмайтын нысандардың бірі - ұлы шейхтің 
қылуеті. 63 жасқа толғаннан кейін ол өзін «Құдайдың сәулесін» көруге тиісті 
емеспін деп есептеді. Бұдан әрі қарайғы өмір Мұхаммед пайғамбар өмір 
сүрген жастан артық еді. Ұлы шейх өмірінің қалған бөлігін (18 жыл) 
қылуетте – тастан қашалған, тереңдігі 2,5 метр, көлемі 1,5х1,5 м жайда 
өткізді. Объективі 30 мм («Fish-eye») болатын штативті «Хассельбладым» 
пен «Метц» жарық түсіргішімді сайлап алған мен оның ішіне ертерек кіріп 
алдым. Сөйтіп, қылуеттің шығар есігіне қарай түсірдім, өйткені кірер есікке 
қарап түсіруге әрекет жасағанымда, «Метц» істемей қалды. Шықсам – 
«Метц» істеп тұрады, қылуетке қайта кірсем – істемейді. Мистика!
Жұмысымды бітірген соң, мазасыздандырғаным үшін кешірім өтініп, 
дұға оқыдым. Бұл үшін қамалдың ішіндегі зиярат етушілерге арналған жайда 
түнеуге тура келді. Таңғы сағат 4-те тұрып, аппаратты орнықты жерге қойып, 
күннің алғашқы шапағы біліне бастаған сәтте әртүрлі объективпен (30, 50, 
150 мм) бірнеше нұсқа түсірдім. Ең сәтті кадр 150 миллиметрлік объективпен 
түсірілді. Ешқандай да слайд емес, тура пастельдік бояулармен салынған 
картина сияқты әсер береді. «Velvia» құдіреті деген осы.
Мұражайдың өзге экспонаттары – шырақтар, құмыралар және басқалар, 
найза ұшы (айтпақшы, оны дәл мендей жақыннан түсірген ешкім жоқ) 
кесененің қараңғы дәлізінде ешқандай жарық күшейтпестен 16 
диаграммамен, 20 секундтық кідіріспен түсірілді. «Velvia» өзіне тән ғажайып 
сезімталдығын көрсетті.
Ендігі сөз – сағананың ішіндегі түсіру жұмыстары туралы.


99 
Көкшіл түсті мазарды көрсете отырып, сонымен бірге бір мезетте сағана 
төбесін түсіру үшін жатып жұмыс істеуге тура келді (объектив – 30 мм «Fish 
eye», кідіріс 10-15 секунд, 22 диаграмма). Сағана қабырғасы ақ болса да, 
оның ішіндегі сәулелендіріп тұрған галогендік прожекторлар жасыл реңк 
беріп тұрды.
Өз басым түсіру жұмыстарының нәтижесіне қанағаттандым. Бұл – 
кемелдене түсуге жасалған тағы бір қадам. Десек те, кемелденудің шегі жоқ 
емес пе?..»– дейді «Империал» агенттігінің фотосуретшісі Дулат Сланов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет