102
талапкерлер қабылданады. Мәселен, Ресейдің
Ломоносов атындағы МГУ-
дың журналистика факультеті газет шығару ісі және ақпарат құралдарының
техникасы кафедрасында білім беретін фотожурналистика бөлімі бар.
Сонымен қатар бұл үрдіс Мәскеу қаржылық заң университетінің арнайы
фотожурналистика факультетінде жалғасын тауып келеді.
Photoplay мәскеулік жетекші фотомектебінде шеберлік сыныптар мен
дәрістер, ресейлік және шетелдік фотожұлдыздар: Steve McCurry, Martin Parr,
Michael Ackerman, Balazs Gardi,
Bertien Van Mannen, Jason Howe, Сергей
Максимишин, Владимир Мишуков, Георгий Колосов,
Валерий Нистратов,
Андрей
Чежин,
Ляля
Кузнецова,
Светлана
Пожарская
сынды
фотосуреткерлермен кездесулер өтіп тұрады. 2009 жылдан бастап мұнда
оқытудың онлайн бағдарламасы жасалған. Ал 2011 жылы Photoplay
мектебінде Leica Akademia қосымша сабақтары өткізіледі. Болашақ
фотожурналистерді дайындау үшін барлық жағдай жасалған. Білікті
ұстаздардың дәрістері көлемі 1000 м2 лофт-кеңістікте жүргізіледі.
Фотокорреспонденттерді даярлайтын тағы
бір білім ордасы - Санкт-
Петербург пен Ленинград облыстық журналистер одағына қарасты, 1959
жылы құрылған Ю.А.Гальперин атындағы фотожурналистика факультеті.
РГГУ (Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті) 2006 жылдан
бастап «Фотография өнері мен техникасы» мамандығы бойынша
талапкерлер қабылдайды.
Ең алғаш Санкт-Петербург мемлекеттік кино және телевидение
университеті болып, 1918 жылдың 9 қыркүйегінде
негізі қаланған бұл оқу
ордасы фотография мен фототехниканың ең жоғарғы институты болып
құрылды. 1924 жылдан бастап, мемлекеттік фототехникумға айналса, 1930-
жылдан қазігі таңға дейін Ленинград киноинженер институты болып келеді.
(ЛИКИ)
Кавказ ұлттық баспасөз бірлестігі жанындағы БАҚ институтының
фотожурналистика курстары осы мамандық
бойынша кәсіп иелерін
даярлайды.
Фотожурналистика
БАҚ
құралдары
ішіндегі
жан-жақты
мүмкіншілігі бар әмбебап сала болып есептеледі. Кейде берілген ұзын сонар
сөздің орнын толтырар фотосурет арқылы ақпарат беру тәсілі ұтымды
болады. Фотожурналистер әртүрлі салада: газет-журналдар мен ақпараттық
станцияларда, веб сайттар және визуалды БАҚ құралдарында еңбек етіп жүр.
Егер сіз фотожурналист болсаңыз, берілген тапсырма бойынша
немесе ұйымдастырылып жатқан түрлі
шараларға қатысып, жан-жақты
қызмет атқарасыз. Кейде өте құнды сурет алу үшін де фотожурналист өз
өмірін бәйгеге тігеді.
Олар мынадай қызметтерді атқарады: штат фотографы – бұл белгілі
бір басылымда толық не жартылай жұмыс күні бекітілген жұмыскер. Ал
103
штаттан тыс фотосуретші кез келген басылымдарға қызметін ұсына алады.
Әдетте оның жұмысын арнайы фриланслерлер, яғни түрлі басылымдармен
байланыс орнатқан адамдар тобы ұйымдастырады.
Фотожурналистерді
жұмысқа
шақыратын
орындардың
бірі
«Ассошиэйтед пресс» немесе «Рейтер» сынды ақпарат агенттіктері. Бұл
агенттіктерден алған фотосуреттерді әлемнің
көптеген БАҚ құралдары
күнделікті пайдаланып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: