Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет94/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

3-бөлім. Пайдалы кеңестер
3.1
Табиғат құбылыстарын фотоға қалай түсіру керек? 
Тылсым табиғатқа тіл бітіріп, табиғат құбылысын фотосуретке 
жандандыра түсіріп, туындының шырайын арттыра білу – фотосуретшінің 
шеберлігін білдіреді. Табиғат ананың мың құбылып, тау мен даланы өркеш-
өркеш бұлттарымен орап, от мылтығын жалаңдатып найзағай ойнатқан 
нөсерлі жаңбыры, бұрқасындата буырқанған долы бораны мен ақ қары 
үрейлі түстей шошындырғанымен, осы долы табиғатқа тән тылсым 
құбылыстарды фото көзіне түсіру – фотографтың көркем шығарма 
жаратудағы орайлы сәті. Мәселен, жаз айларында жайлаудың көркем 
табиғатын фотоға түсіруде бұлт арасындағы жарық пен көлеңкенің 
қабаттасуынан пайда болған құбылысты қалт жібермей ұстап қалу, нөсерлі 
жаңбырдағы найзағайдың шашыраған, бұлтты қақ жарған лездік шағын, 
жаңбырдан кейінгі пайда болатын кемпірқосақты, тау баурайында жылжып 
қалқыған ақшуда бұлтты, мүлтіксіз көк аспанды фотоаппаратқа жарықты 
артықша сездірмеу шартымен түсіру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет