Асылхан Абдраим



Pdf көрінісі
бет93/116
Дата08.02.2022
өлшемі6,3 Mb.
#122947
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   116
Байланысты:
ФОТОЖУРНАЛИСТИКА 2 шыгарылым (1)

 
2.13
Бәрін байқағыш «Рейтер» 
 
«Рейтер» агенттігін Германиядан шыққан Поль Юлиус Рейтер
1851 
жылы Англияда құрған. Неміс қалаларының бірінде оның биржадағы баға 
туралы жаңалықтар мен ақпарат тарататын агенттігі бар еді. Соның әсерімен 
әуелде «Рейтер» компаниясы жаңалықтардың да негізгі түрі – қаржы 
ақпараты болды. 
ХХ ғасырдың екінші жартысында, дәлірек айтсақ, 1985 жылы компания 
Американың UPI фотоагенттігін сатып алды. Содан бастап, «Рейтер» 
фотоқызметі әлемдегі басқа агенттіктер үшін күшті бәсекелеске айналды.
Жаңалық жасау – Рейтердің барлық қызметкерлерінің ортақ мақсаты. 
Түсірілген суреттің тез арада тапсырыс берушілерге жетуіне ештеңе кедергі 
болмауға тиіс, сол себепті де, технологиялық мінсіз жұмыс істеп тұруы 
керек.
Бүгінде түсіру жұмысы аяқталған соң, фотограф цифрлық кадрларды 
«Рейтердің» аймақтық редакторына жібереді. Ол суреттерді аймақтық және 
халықаралық тапсырысшылардың қызығушылықтарына қарай сұрыптайды.
«Рейтер» – ең көпұлтты компаниялардың бірі. Агенттіктің 190 бюросы 
дүниенің түкпір-түкпіріне шашылып жатыр, компанияның 18 мыңнан астам 
қызметкері әлемнің 100 елі мен 204 қаласында жұмыс істейді. Оның ішінде 
фоторепортерлер, журналистер мен операторлардың саны 2500-ден асады. 
Тапсырманы орындауға кетіп бара жатқан «Рейтер» фотографында міндетті 


108 
түрде ноутбук пен ұялы телефон болуы керек. Ол өзі түсірген кадрлардың 
ішінен жарамдысын іріктеп, интернет арқылы, егер ондай мүмкіндік болмаса, 
спутниктік байланыс арқылы жібере алады. Әрбір репортер цифрлық 
техниканы, шет тілін білуі тиіс. «Рейтер» фотожурналистерді әлемнің «отты 
ошақтарында» жұмыс істеудің арнайы дайындық курстарына жібереді: 
оларды алғашқы медициналық көмек көрсетуге, соғыс жағдайында дұрыс 
әрекет етуге үйретеді. Фотограф ешкімнің көмегінсіз жеке жұмыс жүргізуге 
дайын және аппаратурамен спутниктік байланысқа сақадай-сай болу керек.
Агенттік өз фотографтарын барлық жерге жіберуге, оларды тәуліктің кез 
келген уақытында жұмыс істетуге тырысады: «Рейтерде» белгіленген қызмет 
тәртібі жоқ. Ірі қалалардың газеттері, көрнекті ұлттық журналдар, тіпті, 
қарапайым аймақтық басылымдар да әлемдік деңгейдегі соңғы ақпараттарды 
жылдам таратушы – «Рейтермен» жұмыс істеуге ұмтылады. Агенттік саясаты 
ақпараттың әр деңгейдегі тапсырысшылардың бәріне де уақытында жетуін 
қалайды, бұл клиенттер жұмысын біршама жеңілдете түседі.
Shamil Zhumatov / Reuters
«Рейтердің» шеф-редакторы Григорий Дукор бірнеше таңғалдырар 
рекорд туралы айтады. Соның бірі 2000 жылы футболдан өткен Еуропа 
чемпионатында тіркеліпті. Ағылшындар немістердің қақпасына гол соққан 
кезде, осы сәтті бейнелеген фотосурет 4 жарым минуттың ішінде дайын 


109 
болып, коиенттер экранына түсіпті! Ал олимпиадалық ойындар кезінде 
редакторлар топ болып жұмыс істейді – әрқайсысы әр спорт түріне жауап 
береді. Әлем чемпионаттарынан да өте көп фотосурет келіп түсуі мүмкін. 
Ондай кездерде клиенттер «Рейтерден» күніне 300 суреттен алып отырады.
«Потребитель» журналынан аударылды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет