Adobe Photoshop графикалық бағдарламасымен жұмыс жасау Adobe Photoshop–суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге,
сақтауға арналған ең танымал графикалық бағдарлама болып табылады.
Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер политрасымен жұмыс
істеуге, суреттерді енгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс
таңдауға, сурет фильтрін таңдауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге,
суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді. Adobe
Photoshop интерфейсі бағдарламасымен өзара әректтесу әртүрлі деңгейдегі
қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу
командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада
белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге
асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір-бірінен оңайлығымен
және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей
бағдарламамен енді жұмыс істеуді бастаған адам «мәзір» (меню) арқылы
жұмыс істегенді таңдайды.