54
Суретті Lab Color үлгісіне ауыстырғаннан кейін L (жарықтық)
каналын айрықшалау. Компьютерлік графика мамандары көбіне, екінші
амалды қолданған дұрыс дейді. Image>Mode>Grayscale (сурет-режим-сұр
градациясы) «Discard color information» (түс туралы ақпаратты алып тастау)
терезесі шығады. «ОК» басыңыз. Суретті сұр градациясы үлгісіне
ауыстырамыз. Осы кезде сурет көлемі бірнеше есеге кішірейеді.
File>save as (файл-сақтау) мәзірін басу арқылы суретті PSD
форматында сақтаңыз. Осы кезде сурет түсі бастапқыдан қараңғылау болады.
Бұл суреттің реңін келтіру үшін керек. Суретті сканер арқылы өткізгендегі
жылтыр түс кетеді.
Пуск-Программы- Adobe Photoshop
Adobe Photoshop бағдарламасы мынадай терезе элементтерінен:
тақырып жолынан,
мәзір қатарынан, құралдар параметрлерінің тақтасынан,
құралдар тақтасынан, палитрадан, қалып-күй қатарынан тұрады.
Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру үшін «файл-новый»
командасын орындап, ашылған сұхбат терезеде «имя» өрісіне құжаттың аты
жазылады да, «ширина», «высота» өрістерінде құжат парағының ені мен
ұзындығы енгізіліп, «ОК» батырмасы шертіледі. Ал құжатты сақтау үшін
«файл-сохранить» командасын орындау керек.
Adobe Photoshop бағдарламасында 51 құрал орналасқан,
осы құралдар
негізгі жұмысты атқарады. Құралдар параметрлерінің тақтасында әрбір
таңдалған
құралды
баптаудың
барлық
өзгерісі
көрсетіледі.
Adobe Photoshop бағдарламасында түстер үлгісін өзгерту үшін «изображение
–режим» командасын орындап ашылған тізімнен өзімізге қажетті үлгіні
таңдаймыз. Бейненің масштабын өзгерту үшін мәзір жолынан «изображение
- размер изображение» командасын орындап ашылған сұхбат терезеге
бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп, «ОК» батырмасын шерту
керек.
Мәзір жолы терезе атауының төменгі жағында мәзір жолдары орналасқан.
Ол құрамына редактордың негізгі мәзір атауларын қамтиды (1).
Қандай да бір мәзір командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен
шертсе болғаны. Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ,
экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір
атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы,
файл мәзірінің
«открыть» командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе
ашылып, керекті кұжатты таңдап салуыңызға болады. Әртүрлі мәзір
55
көмегімен бірнеше мәселелерді: файл-файлдармен жұмысты, құжаттарды
құруды,
ашу және сақтауды, баспаға жіберу және оны ұйымдастыруды,
құжаттарды импорттау және экспорттауды, құжат жайлы ақпаратты теруді,
редактордан шығуды, бейнелерді автоматты өңдеуді шешуге болады.
Правка
– редакторлау, таңдап алынған салаларды көшіру, өшіру және
орнату, іс қимылдарды кері қайтару, бөлінген салаларды трансформациялау.
Изображение – бейнелермен жұмыс істеу,
дубляж жасау, холст өлшемдерін
және бейнені өзгерту, оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті
коррекция, түстік үлгіні өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.
Слой – қабаттармен жұмыс құру, өшіру,
дубляж қабаттар эфектісі,
қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда нысандарды реттеу, қабаттар
маскалары және т.б.
Выбор – бөліп алулармен жұмыс, бейнені толығымен бөліп алу, бөліп
алуды алып тастау және қайтару, бөліп алуды инвенторлау және
трансформаторлау, қысу, жиілік мүмкіндігі, берілген түстің
аймақтарын
бөліп алу, бөліп алуды жүктеу жане сақтау.
Фильтр – Photoshop фильтрлары. Вид – редактордың сыртқы
келбетімен жұмыс, құжатты көрсету режимдері және масштаб,
бағыттауыштарды,
торларды,
координатты
сызықтарды
көрсету,
бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауыштарға байланыстыру.
Окно – әртүрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде
бір құжатпен жұмыс істеу, экранға құралдар
панелі мен өзгермелі
палитраларды шақыру (2).
Помощь – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: