«Дауыл»
«Нар тәуекел»
«Бурабай толқындары»
«Көкшетау»
«Орамал»
«Сұлтанмахмұт туралы баллада»
«Өз елім»
«Ғашық едім қайтейін»
Қасым Аманжоловтың сырқатқа шалдыққан уақыты: 1947 жыл
Қасым Аманжоловтың таңдамалы шығармалары жарық көрген жыл: 1952 жыл
Қасым Аманжоловтың азаматтық үнін, мәрт мінезін, шығармашылық ғұмырбаянын танытатын өлеңі: «Өзім туралы»
Қасым Аманжоловтың қуанышы мен қайғысын, сырлы сезімін, адамдық қасиеті мен болмысын бар қырынан танытқан өлеңі: «Өзім туралы»
Қасым Аманжолов өз тағдырын ұлт тағдырымен байланыстыра отырып, биікке көтерген философиялық лирикасы: «Өзім туралы»
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, Жүрегім, жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...», - деп басталатын Қасым Аманжоловтың өлеңі: «Өзім туралы»
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы»өлеңінің алғашқы атауы: «Сыр»
«Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп», - өлең авторы және атауы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
«Өзім туралы» – Қасым Аманжоловтың өз өмір жолын философиялық ой елегінен өткізуі, өз болмысын тануға және танытуға деген асқақ талпынысы, заман мен келешекті шолуы һәм таразылауы, алдағы күнге деген үміті, арман-сенімі, кім-кімнің де көкейінде тұнған сырды терең бейнелеуі әрі болмысты философиялық-көркемдік тұрғыдан байыптауы»,
- деген пікірдің авторы: Бекен Ыбырайым
«Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың!», - деген өлең жолдары алынған
Қасым Аманжоловтың өлеңі: «Өзім туралы»
|