Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» (11-сынып,жаратылыстану-математикалық бағыт) Сабақтың мақсаты



Дата11.03.2017
өлшемі60,51 Kb.
#11434
Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»

(11-сынып,жаратылыстану-математикалық бағыт)

Сабақтың мақсаты: Поэманың тақырыбы мен идеясын ашу, композициясына, көркемдік ерекшелігіне талдау; Отанды сүюге, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру; Өзіндік ой-пікірлерін, танымдық іс-әрекетін дамыту.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Әдісі: СТО стратегиялары.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызба нұсқалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасы

  3. Жаңа сабақ Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»

(Оқушыларға үйге Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына хронологиялық кесте жасап келу тапсырылды)

Пысықтау сұрақтары.

1. Қ.Аманжолов кім?

2. Тұңғыш өлеңдер жинағы қашан жарыққа шықты?

3. Ақын шығармаларының тақырыбы қандай?

4. Ақынның Орал қаласына өлең арнау себебі неде?



5. Қ.Аманжолов туралы ақын-жазушылар қандай пікірлер айтты?

Топтастыру стратегиясы



І. Қызығушылықты ояту.

1. «Ой қозғау» стратегиясы

1. Поэма дегеніміз не?

2. «Жасық өлең емес, асыл өлеңі жазуды мақсат еттім» деген Қасым сөзінде қандай ой бар?

3. «Ерлік өлмейді, ақын өлмейді» дегенді қалай түсінесің?



ІІ. Мағынаны тану.

Поэманы бейнебаяннан тындату

Мұғалім сөзі: Поэманың өн бойынан байқағанымыздай Абдолланың бойында босандық емес,шымырлық,өкіну емес,өзін-өзі қайрау,сол арқылы майдандастарын қайрау бар. Адам ерлік жасау үшін ең алдымен өзі жүрек батыры болу керек.Ар не,намыс не,абырой не,бақыт не,бейшаралық не?-осының бәрін терең сезінген адам ғана қаһармандық ерлікке барады.

Слайд көрсету. Абдолла Жұмағалиев.

«Суреттеу» стратегиясы.

Абдоллаға тән бейнелі сөздерді табу.

А Б Д О Л Л А


  • қыран құс,

  • арыстанның ашуы,

  • жолбарыстың жүрегі,

  • асқар тау,

  • намысты ұл,

  • ер ұлан.

Абдолланың көзсіз ерлігін көрсететін өлең жолдарын поэмадан тауып оқу

Қасымның жауы осал емес.Оған тек арыстандай айбатты жан қарсы тұра алады.

Өйтпейінше жауды жеңу мүмкін емес.

Поэмадан сұрапыл соғыстың суретін және сұм жендеттердін қанқұйлы әрекетіне сипаттама беру.

Талдау стратегиясы. (поэмаға әдеби-теориялық тұрғыдан талдау жасау)

Эпитет: қырғын соғыс, кекті зіл, қорғасын бұлт, отты көз, қанды көбік.

Теңеу: Жараланған жолбарыстай, айдаһардай көтерді, алтын тудай.

Кейіптеу: күн де шомды ұлы ұйқыға, ойшыл орман қалғып-мүлгіп, күрсінді бір аспан ауыр, азаланып жетті дауыл.

Анафора: Бұл емес ед көксегенім,

Бұл емес ед арман-арман!

Осы –ақ болды келген қолдан,

Осы-ақ болды-ау әттең, шіркін!

Аллитерация: Қанжарына қарақшының,

Қарсы тосып өз кеудесін

Қорғады жер батыр ұлын.

Поэзия тілі: Өлеңнің соңғы шумағына талдау жасау.

(Ұшты құстар шартараптқа... 8 буынды шалыс ұйқас)

Жаңа ұғым. Лирикалық кейіпкер.



Шығарманың композициялық құрылымының жоспары

Шығарманың басталуы: Жекпе –жек кеп өмір-өлім, соққыласып жатқан жоқ па?!

Байланысы: Жүрді ұлан,

Кекті зілін

Қоса түйіп қорғасынға.

Дамуы: Бар арманым - асқар тауым,

Көтеріл ел, намыс туы!

Оқиғаның шиеленісуі: Қысты келіп жан-жағынан

Темір торлы жау құрсауы.

Шарықтау шегі: Бұрсанды кеп батыр ұлан,

Автоматтан түтетіп оқ.

Оқиғаның шешімі: Аялдамай жалт берді өлім.

Қорытынды: Ер есімі – ел есінде.



«Еркін жауап» стратегиясы.

  1. Елінің патриоты дегенді қалай түсінесің?

  2. Адамға ерлік жасау үшін ең әуелі не керек?

  3. Қалай ойлайсыздар, өмірден ерлік өлімді жоғары қойған ақын арманы орындалды ма?

  4. Ұлы Отан Соғысы туралы тарихтан не білеміз?

5. Бейбіт күннің батырлары. Ойыңды тарқатып айт.

«Екі жақты түсіндірме күнделігі» стратегиясы.

Поэмада маған әсер еткен жай

Өз ой - пікірім

Абдолланың ерлігі мақтауға тұрарлық

Ол өз Отаны, туған жері, бауырлары үшін отқа түсті.



Бізге үлгі боларлық ерлік, егер де Қазақстанның әрбір азаматы өз Отанын осылай сүйсе, жауына беріспесе, біздің еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болмақ.

Ақын өлмейді, ерлік өлмейді.

Қасым Аманжолов, Абдолла Жұмағалиев сияқты қазақтың бір туар ұлдарына лайықты нақыл сөз.

Абдолла Жұмағалиевтың Батыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, Оралда білім алып, ерлігі осындай поэмаға арқау болғандығы толғандырады.

Соғыстағы ерлігі еленбей қалған сияқты. Халық Қаһарманы атағына әбден лайық дер едім.

Өмір мен өлім бетпе-бет келіп турған шақта ақындық тебіренісі терең суреттелген. Соғыста мерт болған мәрт батырдын қазасы ерекше шабытпен бейнеленген. Аяулы досқа деген орны толмас өкініш сезімін кореміз.

Қасым Аманжоловтың,Абдолла Жұмағалиевтін есімдерінің халық жадында,тарих бетінде мәңгі қалатындығына сенімім мол

Қорытынды.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Поэмадан үзінді жаттау.

Шакенова Б.С

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі

М.Жүнісов атындағы ЖОББМ



Жаңақазан ауылы

Жаңақала ауданы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет