Күні:
|
Мұғалім : Оразалиева Мереке Ерболатқызы
|
Сабақ №1
|
Сынып : 6 «Б»
|
Пән :Қазақ әдебиеті
|
Тақырыбы:
|
Әбіш Кекілбаев «Шыңырау»
|
Мақсаты:
|
Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады. Жеті модульдің негізінде «Шыңырау» повесінің тақырыбы мен идеясын ашу. Еңсептің прототипін ашу арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже /табыс көрсеткіші
|
1.Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере алады.
2.«Шыңырау» сөзінің мағынасын түсінеді.
3. Әңгіме мазмұнын біледі, тапсырмаларды түсініп орындайды.
4. Кейіпкерлермен танысып, өмірмен байланыстыра алады.
|
Түйінді идеялар
|
Ойларын тиянақты жеткізе білу. Білім деңгейлерін бақылау.
|
Жұмыс түрі
|
Топтық жұмыс,
|
Модульдер: СТО , Қалай оқу керектігін үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , Диалогтық оқыту
|
р/с
|
Сабақ кезеңдері, әдіс –тәсілдер.
|
Уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Күтілетін нәтиже
|
Ресурстар
|
1
|
Ұйымдасты
ру бөлімі
|
2 мин
|
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеремін, сабақ кезеңдерімен таныстырып, мақсат міндеттерді айтамын.
|
Оқушылар сәлемдеседі, сабақтың мақсат міндеттерімен танысады.
|
Сабаққа қызығушылығы артады, мұғалім мен оқушының арасында қарым –қатынас орнайды.
|
Білім стандарты, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары, Жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық. «Атамұра» баспасы, Google,«YouTube», «Білімділер», «45 минут» сайттары
|
2
|
Психологиялық ахуал
|
2 мин
|
Тақырыпқа байланысты әр түрлі мақал –мәтелдердің жартысын айтып, қалған бөлігін оқушылардың өздеріне айқызып көңіл- күйін сабаққа аудару.
|
Оқушылар мақал- мәтелдерді айтуға ұмтылады. Ұжыммен жұмыс жасайды.
|
Көтеріңкі көңіл- күй болады, оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық орнайды.
|
Мультимедиялық проектор, А- 3 , 4 қағаз,түсті маркерлер, қарындаш, стикерлер, видео материалдары, смайликтер
|
3
|
Топқа бөліну
«Жалғасын тап» .
|
3 мин
|
Еңбек, бай мен кедей, ерлік, дос туралы мақал -мәтелдерді қобдишаға салып оқушыларға алдыртамын.
|
Оқушылар талапқа сай мақал –мәтелдерді алып, 5- топқа бөлінеді. Мақал –мәтелдерді айта отырып, бүгінгі өтілетін тақырыпты ашады.
|
Топқа брігеді, қарым- қатынас орнайды.
|
Үлестірме қағаздар Слайд, парақшалар, түрлі-түсті бояулар
|
4
|
Үй тапсырмасын сұрау.
|
2 мин
|
«Бәріміз бір өзеннің арнасы, Бір атаның баласымыз» деген сөзді қалай түсінеміз?
|
Оқушылар топтасып жауап береді
|
|
Бағалау :Стикер, бағалау бетшесі.
|
5
|
Жаңа сабақты меңгерту. «Мағынаны тану».
|
5 мин
|
Бейнематериал арқылы шығарманың авторы жайлы мәліметтер көрсетемін. Авторға байланысты тапсырмалар беремін.
Тапсырма:
1.Әбіш Кекілбаевтің өмірбаяны:
Қай жерде , қай жылы туылған?
2.Әбіш Кекілбаевтің қызмет жолы:
1.
2.
3.
3.Шығармашылығы :
1.
2.
3.
|
Бейнематериалды көреді. Автор жайлы тапсырмаларға жауап береді.
|
Топпен бірігіп жұмыс жасайды, өз ойларын жүйелі жеткізе алады.
|
Интербелсенді тақта
|
Бағалау : түрлі- түсті қағаздар арқылы бағалайды.
Жасыл – өте жақсы
Қызыл – жақсы
Сары –орташа
|
6
|
«Ой қозғау»
Жаңа сабақты өрбіту.
|
3 мин
|
Оқушыларға сұрақ беремін. Сұрақ арқылы шығарманың не туралы екенін түсіндіру.
Сұрақ:
Кәсіптің қандай түрлерін білесіңдер?
Құдық қазу кәсібі туралы не білесіңдер?
|
Оқушылар сұраққа бірлесіп, ізденіп жауап береді.
Әңгіменің құдық туралы екенін жорамалдайды.
|
Ойын жүйелі жеткізе алады, «Құдық қазу» ұғымы туралы туралы біледі.
|
Интербелсенді тақта.
|
Бағалау: Басбармақ жоғары қарай – Мен түсіндім.
Басбармақ көлденең – Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай- Мен түсінбедім.
|
7
|
«Автобус аялдамасы»
|
5 мин
|
Әр топқа шығармада кездесетін жаңа сөздерді таратамын. Сол жаңа сөздерді постер арқылы қорғайды.
Шыңырау дегеніміз не?
Шыңырау сөзі - шың және орау деген екі сөздің бірігуінен жасалған деген болжам жасалған. Қазақ тілінде шың сөзі- биік шың дегенді білдіреді.Маңғыстаулықтар тілінде Көлденең шың, Құба шың, Ала шың болып сан атауды иеленіп, құбылып, түрленіп кететіні бар. Ал орау – етістігі тұйықтап, доға жасап әрекеттену мағынасын береді. Орап байлау, орап тарту, т.б. Демек бұның түбірі шың бойлап, орап қазу дегеннен шығатындай.Ал түсіндірме сөздікте шыңырау – тұңғиық, терең мағынасында келтірілген.
|
Жаңа сөздермен танысады.
Оқшылар шыңырау сөзінің мағынасын дәптерлеріне жазып алады.
Шың – биік екенін білсе, шыңырау тұңғиық, терең екенін біледі.
|
Оқушылардың белсенділігі артады.
|
Интербелсенді тақта А3
|
Бағалау:
Екі жұлдыз, бір ұсыныс
|
8
|
«Джигсо»
|
12 мин
|
«Джигсо» -1 әдісі бойынша оқулықпен жұмыс орындалады. Оқушыларға қай беттерді оқу керектігін айтамын .
1-топ. 240-242- бет
2-топ. 242-243-бет
3-топ. 244-245-бет
4-топ. 245-247-бет
5-топ: 247-248-бет
|
Үзінділерді топ ішінде бөліп алады, содан соң талқылайды. Өз пікірлерін ортаға салады
|
Әдебиет тілінде алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады.
|
Тынық әуен «Моцарт», 6- сынып қазақ әдебиеті.
|
Смайликтер арқылы бағалау.
|
9
|
«Кубизм» стратегиясы
Жаңа сабақты бекіту.
|
3 мин
|
Еңсепке құдық қазуға өтініш берген кім? Еңсептің арманы қандай? Еңсеп арманына жетті ме? Еңсептің еңбекқор адам екенін қай тұстарынан байқадыңыз? Құдық қазу оңай іс пе?
|
Оқушылар түсінгендерін айтады. Топтар бір-бірлеріне қойған сұрақтарға нақты жауап береді. Сабақты бекіту тапсырмасын орындайды
|
Сабақ басындағы мақал-мәтелдердің пайдасын толық түсінеді.
|
INSERT кстесі арқылы.
Нені білдім.
Нені білмедім.
Нені білгім келеді.
|
10
|
Қорытынды
|
3 мин
|
Оқушыларға стикер таратып беремін.
Бүгінгі сабаққа деген көзқарасыңды білдір. Кері байланыс береді.
1.Шығарманы толықтай түсіндім
2. Бұл шығарма бойынша әлі де ізденуім керек.
3. Шығарманы толықтай түсіне алмадым.
|
Сабақтан алған әсерлері мен келесі сабакта не білгісі келетіндерін стикерге жазып іледі
|
|
|
11
|
Үйге тапсырма:
«Шыңырау» повесін толық мазмұндау. Қосымша тапсырма: Қазақстанда ауыз су мәселесі қандай дәрежеде?
|
2 мин
|
Тапсырманы беремін
|
Үй тапсырмасын жазып алады.
Шығарманы толық мазмұндайды, қосымша ізденеді.
|
Оқушылар қызығып ізденеді.
|
Интербелсенді тақта.
|
12
|
Бағалау
|
2 мин
|
Сабақ барысында оқушының жауаптарын, атқарған жұмысын мадақтап формативті бағалау жұмысын жүргіземін.
|
Оқушылар кері байланыс береді.
|
Өз ойларын жеткізеді. Сабақтан алған әсерін жазады.
|
Постер
|