Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс жасау принципі


Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы



бет2/2
Дата23.11.2022
өлшемі30,99 Kb.
#159546
1   2
Байланысты:
Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс жасау принципі.

Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы


Статордың өзекшесі (6.2-сурет) қалындығы 0,35 немесе 0,5 мм болат тіліктерден (пластиналардан) жиналады. Тіліктерді штамптау арқылы алады, олардың ішкі жағында ойықтар (паздар) жасалынған. Құйынды токтан болатын шығынды азайту үшін тіліктерді лакпен немесе тотықтырылған қабыршақпен оқшауламайды, одан әрі жеке дестеге жинайды да қозғалтқыштың станинасының 3 табанының ішіне бекітеді. Станинаның екі жақ бүйіріне қалкандар бекітіледі. Қалқан ішінде ротор білігіне тірек болатын подшипниктер орналасады. Станинаны фундаментке орналастырады.
Статорды бойлай орналасқан, ойықтардан құралған науашаларына (паздарына) оның орамасының өткізгіштері 2 салынады. Орама өткізгіштерін үш фазалы жүйе құратын етіп жалғайды. Машинаның қалқаншасында 4 алты қысқыштар болады, оларға әр фазаның басы мен соңы жалғанады. Статор орамасы үш фазалы желіге жұлдызша және үшбұрыштан қосылуы мүмкін. Бұл жағдай қозғалтқышты екі түрлі желілік кернеуге қосуға мүмкіндік береді.
Қалқаншада керсетілген төмен кернеулер үшін статор орамасы үшбұрыштап ал жоғары кернеу үшін — жұлдызша қосылады.
Статор орамасын үшбұрыштап қосу үшін машина қалқаншасында жоғары қатарда орналасқан қысқыштарды темендегілерімен ұстатқыш (өткізгіштен жасалған тізбектің екі нүктесін қос- қыш) арқылы қосады (6.3 а-сурет), ал әрбір бірге қосылған қысқыштарды үш фазалы желінің желілік өткізгіштеріне қосады. Жұлдызша қосу үшін қалқаншадағы теменгі үш қысқыштарды (фазалардың соңы) ортақ нүктегс ұстатқыш арқылы қосылады, ал жоғарғы катардағы қысқыштарды үш фазалы жүйенің желілік өткізгіштеріне қосады (6.3, б-сурет).



6.2-сурет. Асинхронды қозғалтқыш 6.3-сурет. Статор орамасын үш бұрыштап


статордың құрылысы (а) және жұлдызша (б) қос кезінде қозғалтқыш қолқамаласында қыскыштарды қосу

Ротор өзекшесін 1 (6.4, а-сурет) қалыңдығы 0,5 мм болат тіліктерден жиналады. Тіліктерді құйынды ток шығынын азайту үшін лакпен немесе тотыққан қабыршақпен оқшауламалайды. Тіліктерді ойықты етіп штамптайды, оларды дестелеп жинайды да, машинаның білігіне бекітеді. Дестелерден науашалары бойлай орналасқан цилиндр құралады, оның ішіне ротор орамасының өткізгіштерін 2 салады. Орама түріне байланысты асинхронды машиналар фазалық және кысқа тұйықталған роторлы болып екіге бөлінеді. Ротордың қысқа тұйықталған орамасы тиын дөңгелегі тәрізді етіп жасалынады (6.4, б-сурет). Ротор науашаларына шомбал стерженьдер салып оның екі жақ ұштарын мыстан жасаған сақинамен қосады (6.4, а-сурет). Қысқа тұйықталған ораманы көбінесе алюминийден жасайды. Алюминийді ыстық күйінде ротор науашасына кысыммен құяды. Мұндай орам әр уакытта қыска тұйықталынған және оған кедергі қосу мүмкін емес. Ротордың фазалық орамасы статордың орамасындай етіп жасалынады, яғни өткізгіштер бір- бірімен үш фазалы жүйе жасайтындай етіп жалғанады. Үш фазаның орамалары жұлдызша қосылады. Орама бастары ротор білігінде бекітілген үш түйіспелік мыс сақинасына косылған. Сақиналар бір-бірінен және біліктен оқшауламаланған және ротормен бірге айналады. Сақиналар айналғанда олардың беті сакиналар үстінде қозғалмайтындай етіп бекітілген көмір немесе мыс шеткалары арқылы сырғанайды. Ротор орамасы кедергіге немесе жоғарыда көрстілген щеткалар арқылы қысқа тұйықталуы да мүмкін.


Қысқа тұйықталған роторы бар қозғалтқыштар карапайым және пайдалануда сенімді, фазалық роторы бар қозғалтқыштарға қарағанда бағасы арзан. Бірақ, төменде көрсетілгендей, фазалық роторлы қозғалтқыштардың жұмысқа қосу және реттеу сипаттамалары жөнінен артықшылықтары бар.
Қазіргі кезде асинхронды козғалтқыштардың көпшілігін қысқа тұйықталған ротормен жасайды, тек үлкен қуат немесе арнайы жағдайларда роторды фазалық орамалы етіп жасайды. Совет Одағында қуаты ондаған ваттан 15 000 кВт-қа дейін, ал статор орамасының кернеуі 6 кВ-қа дейінгі асинхронды қозғалтқыштар шығарылады.


6.4 – сурет. Қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштың роторы:


а-құрылысы, б-орама

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет