Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары. «Ауру — астан»



Дата08.02.2022
өлшемі7,32 Mb.
#124428
Байланысты:
0007a14a-761279b9


Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары .
«Ауру — астан» десек те, көпшілігіміз жүйелі тамақтана бермейміз. Ал асқорыту жүйесінің бұзылуы түрлі ауруға шалдықтыратыны анық. Дұрыс тамақтанбау аурудың асқынуына себеп болады. Асқорыту жүйесінің сырқаттары ел аумағында кеңінен таралған қан айналым, тыныс алу мүшелерінің сырқаттарынан кейін үшінші орынды алады
Деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда еліміздегі әрбір екінші тұрғын асқазан ауруынан зардап шегеді екен.
Сол себепті, тамақтану тәртібін ретке келтіру керек.
* Қарын және ішек аурулары.
* Ішекте болатын құрт аурулар.
* Тағамнан улану.
* Дұрыс тамақтану және денсаулық.
* Тамақтану ережесі.
Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған
азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соктыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне
тұрып қалған шұжықтарды, сүрлемелерді, улы саңырауқұлақтарды пайдалану кезінде
байқалады
Шылым асқазан жарасының себепшісі - әр тартылған сигареттен кейін асқазанда гастриттің белгілері пайда болады.Әуелгі кезде асқазанның жиырылуы төмендейді де никотиннің белгілі мөлшелерінен кейін керісінше арта түседі, қарын сөлінің бөлінуі тежеліп, осының нәтижесінде тәбет жойылады,
 астың қорытылуы баяулап іш түйіледі, жүрек айныйды, кейде адам құсады.
 Адамның ішек- қарны көрікті мезгіл – мезгіл қабылдап бір қалып жұмыс жасауға дағдыланған. Темекі уының ішек- қарынға барып түсуі оның жұмыс ырғағын бұзады.
Қарын және ішек аурулары кейде ауру қоздырғыш микробтар арқылы да
таралады. Ондай микробтар кайнамаған су ішкенде, таза жуылмаған көкөністер мен
жемістерді жегенде ағзаға түседі
Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанда немесе
қолды таза жумаған кезде де микробтар ағзаға түсуі мүмкін. Ішекке түскен микробтар тез
Көбейіп өздерінен улы заттар бөледі де, ағзаны улайды.
Қарын мен ішектің қауіпті
ауруларына - дизентерия (сатқақ), іш сүзегі, тырысқақ және т.б. аурулар жатады.
Бұл
аурулардың көпшілігінде дене қызуы көтеріледі, құсады, ішек қызметі бұзылып, іш
өтеді.
Дизентерия (қантышқақ) - жалпы уыттану (интоксикация) белгілерімен және асқазан-ішек жолдарының, оның ішінде тоқ ішектің шеткі (дисталды) бөлігінің зақымдалу белгілерімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Сау адам организміне қоздырғыш ауыз арқылы күнделікті тұтынатын заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қолмен, ауыз су, жуылмаған жеміс-жидектер, тағамдармен бірге енеді.
Дене қызуы 38°С-ге көтеріледі.
Қалтырау болады. Науқас басының қатты ауыруына, әлсіздікке, аяқ-қолдарының құрысуына, төсектен тұрағанда басының айналуына, тәбетінің жоғалуына шағым айтады. Кейде жүрегі айну құсу, ықылық ату болады.
Алдын алу шаралары:
1. Науқасты оқшаулау.
2. қарым қатынаста болған адамдарды бақылау, тексеруден өткізу
Ең бастысы жеке бас және қоршаған орта тазалығын қатаң сақтау, азық-түлікті дұрыс жинап сақтау және тазарту керек
Тіршілікке ерекше бейім микробтар ішекке
түсуі де мүмкін. Мұндай микробқа тырысқақ ауруының қоздырғышы - тырысқақ
вибрионын жатқызуға болады. Оның пішіні үтірге ұқсас. Ол сулы ортада ұзақ уақыт
тіршілік етуге әбден бейімделген және тіршілігін ұзақ уақыт жоймайды.
Тырысқақ ауруының микробтары аш ішекті, тоқ ішекті зақымдайды.
Ішек-қарын ауруларын көбіне тағам қалдықтарымен
қоректенетін шыбындар, тарақандар таратады. Олар тағамдарды әр түрлі ауру
қоздырғыш микробтармен, ішек құрттарының жұмыртқаларымен ластайды.
Сондықтан
да тағамдарды тоңазытқышта, арнайы ыдыстарда, қораптарда сақтау керек.
Бунақденелілердің жаппай көбеймеуі үшін пәтерлерде, үйлерде, аулаларда гигиеналық
ережелерді қатаң сақтау қажет.
 Аскаридоз – паразитарлық гельминтоз – құрттардан немесе жиі аталатындай аскаридоз- ішек құрттардан пайда болатын ауру. Бұл ауру жауын құрттарына ұқсайды, ұзындығы 10-20 сантиметрге жететін үлкен ішек құрттардан пайда болады.
 Аскаридозбен ауыратын балалардың тәбеті төмен, ал ересектерде жоғары болады. Кейде науқастар лоқсуға, асқазанның ауруына, күйгелектігіне, мазасыз ұйқыға ұшырайды.
Аскаридоздың алдын алу әдеттегідей жеке гигиена, тамақтану және тұрмыс гигиенасы ережелеріне негізделген. 
Тамақтан улану адамның бактерия, вирус, ұсақ жәндіктер немесе өсімдіктер (мысалы, планктон), саңырауқұлақтар, паразиттер немесе токсиндермен зарарланған тағамдарды тұтынғаннан болады.
Тамақтан уланудың белгілері
Жүрек айну, құсу, іш өту, ара-арасында іштің түйілуі мен ауруы ішек инфекциясының белгісі болып саналады. Кейде бұл белгілер бір екі күнде кетіп қалады және арнайы емді қажет етпейді. Егер ауру белгілері екі күннен кейін кетпесе, және ағзаның құрғағаны (ауыздың кебуі, бас айналу, қошқыл сары несеп немесе несептің азаюы) байқалса, дереу дәрігерге қаралған жөн.
Тамақ ішудің ережелері: «Тоя тамақ жеу, сенің ағзаң үшін зиян екенін ұмытпа» (А. Джами) «Көп шайнаған – ұзақ өмір сүреді» Түнге қарай тамақ жеу дене салмағының артуына алып келеді. Күніне 4 рет тамақтанған жөн. Ересек адамдар күніне 3 рет тамақтанса да болады. Төрт мезгіл тамақтану төмендегідей бөлінеді: Таңғы ас – 25% Түскі ас – 40% Түстен кейінгі ас – 15% Кешкі ас – 20%

Тамақтану ережесі :

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет