Аспан механикасы негіздері. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Прецессия, тасу және қайту. Аспан механикасы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,4 Kb.
#84182
  1   2   3   4
Байланысты:
aa777


Аспан механикасы негіздері. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Прецессия, тасу және қайту.
Аспан механикасы — астрономияның гравитациялық өрістегі Күн жүйесі денелерінің қозғалысын зерттейтін бөлімі. «Аспан механикасы» деген атауды ғылымға алғаш рет 1798 ж. француз ғалымы П. Лаплас енгізген. Құйрықты жұлдыз, жасанды жер серіктері т.б. үшін гравитациялық күштен басқа реактивтік күш, сәуле қысымы, масса өзгерісі т. б. ескеріледі. Аспан механикасының зерттейтін проблемасына гравитациялық өрістегі аспан денелерінің жалпы мәселелері (n дене есебі, жеке жағдайда үш дене немесе екі дене есебі), нақты объектілердің (планеталар, жасанды жер серіктері т. б.) қозғалысы, астрономиялық тұрақтылардың мәндерін анықтау, эфемеридті құрастыру жатады. 20 ғасырдың ортасынан Аспан механикасының жаңа саласы — релятивистік Аспан механикасы дами бастады.
Аспан механикасы ең бастысы күн жүйесіндегі денелерді зерттейді — планеталардың күнді айналуы, спутниктердің планеталарды айналуы, кометалар және басқа да кішігірім аспан денелерінің қозғалысын бақылауға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет