Аспаптар туралы жалпы мәліметтер және олардың жіктелуі



бет1/4
Дата28.05.2023
өлшемі269,88 Kb.
#177873
  1   2   3   4
Байланысты:
10 дәріс (1)


  1. ЭЛЕКТРЛІК ӨЛШЕУЛЕР ЖӘНЕ ЭЛЕКТР

ӨЛШЕУІШ АСПАПТАР


5.1 Аспаптар туралы жалпы мәліметтер және олардың жіктелуі


Элект аппараттарын пайдаланғанда токты, кернеуді, кедергіні, қуатты, жиілікті, электр энергиясының шығынын өлшеуге тура келеді. Ол үшін әртүрлі электр өлшеуіш аспаптарын қолданады.
Өлшеу — өлшеуіш аспаптар арқылы тәжірибе жолымен физикалық шамаларды анықтау.
Электрөлшеуіш аспаптарының көпшілігі қозғалатын және қоз-ғалмайтын бөліктерден тұрады. Қозғалатын бөлік нұсқама тіл көр-сеткішімен және фосфорлы қоладан жасалған қайтым серіппесімен біріккен орауышта немесе болат якорьдан турады.
Өлшеуіш аспаптардың жұмыс істеу принциптерін, олардың ат-қаратын міндетіне байланыссыз, былай түсіндіруге болады: электртогы аспап арқылы жүріп айналдыру моментін тұғызады, айналдыру моментінің әсерімен спираль серіппесінің 2 қарсы әрекетін жеңеді, қозғалатын бөлік а бұрышына бұрылады (48-сурет). Бұл жерде нұсқама тіл 3 шкала 4 бойы мен қозғала отырып өлшенетін шаманы көрсетеді. Аспапты ажыратқаннан соң айналдыру моменті жоғалады, қозғалатын бөлік серіппенің серпімділігінің салдары-нан алғашқы орнына кайта оралады.
Қоршаған ортаның температурасын өзгерген кезде серіппе сер-пімділігі езгереді. Ол қозғалатын бөлікті белгілі бір шамаға бұрады. Өлшеу алдында аспаптың нұскама тілі шкаланың бастапкы (ноль) бөлігіне қарсы тұруы керек. Нұсқама тілдің бұлай қойылуы түзеткіш (корректор) 1 арқылы жасалады.

48 Сурет – Электр өлшеуіш аспаптың
қозғалатын бөлігінің құрылысы


Пайдалану жағдайына байланысты аспаптың қозғалатын бөлігі тез тынышталуы керек. Бұл ауалы немесе магниттік тыныштандырғышымен іске асырылады. Ауалы тыныштандырғышта (49 а-сурет) қозғалатын белігін тежеу үшін тыныштандырғыш камерасындағы ауаны сығу немесе сирету салдарын пайдаланса, магниттік тыныштандырғышында магниттік тежеу принципін (құйынды ток әсері) пайдаланады (49 б-сурет). Үйкелісті азайту және дәлдікті жоғарылату үшін кейбір аспаптарда қозғалу жүйесінің осін қатты тастардан (рубин, сапфир, агат) жасалынған өкшеліктегі кернеге бекітеді.
Өлшеуіш аспаптары олардың атқаратын міндетіне өлшенетін токтын тегіне, жұмыс жасау приципіне, дәлдік класына, сыртқы пішініне, өлшеу кезіндегі қалпына, қолдану өзгешелігіне байла­нысты бөлінеді.
Атқаратын міндетіне байланысты аспаптар амперметрге, вольт-метрге, омметрге, санағышқа, жиілік өлшеуіштерге т. б. бөлінеді. Өлшеуіш аспаптарын тұрақты немесе айнымалы ток тізбектерінде қолдануға болады. Біракта айнымалы ток тізбегіне де, тұрақты ток тізбегіне де қосылатын аспаптар бар.
Жұмыс жасау принципине бай­ланысты электр өлшеуіш аспап тары мынадай кеңінен таралғап жүйелерге бөлінеді: электрмагнитті, магнит-электрлік, электрдинамикалық, индукциялык, электрстатикалық, жылу-электрліктік және дірілдік.



49 Сурет – Тыныштандырғыш құрылысы: а) ауалы тыныштандырғыш камерасы; б) поршень; в) тұрақты магнит


Абсолют дәл аспаптар болмайтындықтан, аспап көрсетулерінің нағыз өлшенетін шамадан айырмашылығы болады. Аспаптардың көрсетуі мен өлшенетін параметрдің нақты мәнінің айырмашылығы абсолют қателігі деп аталады. Мысалы, егер энергия көзінің кернеуі 100 В, ал тізбекке қосылған вольтметр шкаласы 150 В болса және оның көрсетуі 103 В болса, онда абсолют қателік мөлшері ΔА = Ux - UK = 103 - 100 = 3 В.
Абсолют қателігінің өлшенетін параметрдің нақты мөлшеріне қатынасы аспаптың салыстырмалы қателігі деп аталады

γсал = (ΔА) (5.1)


Егер абсолют қателігі 3 В, ал өлшенетін параметр 50 және 100 В болса, онда салыстырмалы қателік бірінші өлшеуде (3/50) • 100% =6%, екінші өлшеуде (3/100) • 100% =3% болады. Осыдан салыстырмалы қателік аспап шкаласының басында оның соңындағысынан көп болады. Бұл жағдайды әмбебап аспаптардың (авометрлердің) өлшеу шегін таңдауда ескеру керек. Өлшеулерде ең аз қателік аспаптар шкаласының соңғы үштен бір бөлігінде болады.
Сонымен, нұскама тілді өлшеуіш аспаптарының қателігін олардың салыстырмалы қателігімен бағалау ыңғайсыз, өйткені, олардың абсолют қателігі барлық шкала бойында шамамен алғанда бірдей болады, демек, өлшенетін параметрдің азаюымен бірге салыстырмалы қателік тез өседі. Нұскама тілді өлшеуіш аспаптардың қателігін бағалау үшін процентпен көрсетілетін абсолют қателік керсетуінің А аспаптың ең үлкен (номинал) көрсетуіне Ан қатынасымен анықталатын келтірілген қателік қолданылады яғни


γпр=(ΔА/Ан)-100% (5.2)


Жоғарыда қаралған жағдайда абсолют қателік 3 В, аспаптың ең үлкен көрсетуі 150 В болса, онда келтірілген қателік γпр = = (3/150) • 100% =2%. Келтірілген қателік қалыпты пайдалану шартында (20°С температурада, дұрыс қондырылған жағдайда, сырттық магнит өрісінің жок кезінде, т. б.) аспаптың негізгі қателігі деп аталады.
Дәлдік дәрежесі бойынша өлшеуіш аспаптар 8 класка бөлінеді: 0,05; 0,1; 0,2; 1,0; 1,5; 2,5 және 4. Цифрлар процентпен көрсетілген негізгі қателікті көрсетеді.
Бақылаушы аспаптарда 0,05 және 0,1 класс дәлсіздігі бар.
Дәлдік класы 0,05 және 0,1 аспаптар тексеру аспаптарына; 0,2 және 0,5 — лабораториялық; 1, 1,5 және 2,5 — техникалық; 4—дәлдік класы бар аспаптар оқып, үйрену үшін жасалынған аспаптарға жатады. Тексеру аспаптарының шкалалары айналы бола­ды, ал нұсқама тілі пышақ тәрізді ұшты болады. Лабораториялық аспаптардың да нұсқама тілі пышақ тәрізді болғанымен шкаласы айналы болмауы мүмкін. Техникалық және оқу аспаптарының нұсқама тілі найза тәрізді болып келеді, әрі шкаласында айна болмайды.
Айналы шкала — күмістелген шыны тілігі. Ол доға тәрізді шка­ла ойығының астына орналасып, аспап көрсетімін үлкен дәлдікпен оқуға мүмкіндік береді.
Айна шкаласы бар аспаптардың көрсетуін анықтағанда бақылаушы нұскама тіл айна шкаласындағы өз бейнесін жауып тұратындай бағытпен қарауы керек.
Сыртқы пішініпе байланысты аспаптар дөңгелек, квадрат, тік-бұрышты және сектор тәрізді болады. Қолдану өзгешелігіне байла­нысты орнықты (қондырылған жерге бекем бекітіліп қойылады) және тасымал, ал өлшеу кезіндегі қалпына байланысты тік (┴), көлбеу (—) немесе белгілі бір бұрышпен ораналасатын (<) аспаптарға бөлінеді.
Өндірісте шығарылатын электр өлшеуіш аспаптары пайдалану өзгешелігіне байланысты үш А, Б және В группаға бөлінеді. Олар пайдалану ортаның рұқсат етілген температурасымен анықталады. А группасына жататын аспаптар үшін 0 ÷ -35°С; Б – 30 ÷ + 40°С; В1 -40÷ +50°С; В2 -50÷+ 60°С қоршаған ортаның температурасы рұқсат етілген. Аспаптардың Б және В группасына жататындығы олардың шкаласында көрсетіледі. А группасына жататын аспаптардың шкаласында ешнәрсе көрсетілмейді.
Өлшеуіш аспаптардың шкаласында шартты таңбалармен және сандармен мынандай мәліметтер көрсетіледі: аспап арналған ток тегі, аспап жүйесі, оқшаулама кернеуі, өлшеу кезіндегі орналасу қалпы, дәлдік класы, шығарылган жылы, аспап номері және олардың пайдалану группасы.
Аспаптарды пайдаланғанда мынадай негізгі ережелерді сақтау керек: аспапты іске қосар алдында түзеткіш арқылы нұскама тілін шкаланыңнольдік бөлігін келтіру керек; аспапты ол арналған тиісті ток тізбегіне қосу керек, ал өлшеу кезінде аспапты тиісті қалпында орналастыру керек.



    1. Электр-магниттік жүйелі аспаптар



Электр-магниттік өлшеуіш аспаптарын тұрақты немесе айны­малы ток тізбектеріндегі кернеуді немесе токты өлшеуге қолданады. Қаралып отырған түрдегі аспаптарды өндіріс екі құрылымдық түрде: жазық және дөңгелек орауышты (катушкалы) түрінде жа­сайды.
Жазық орауышты электр-магниттік аспаптардың жұмысы фер-ромагниттік өзекшенің тогы бар орауыштың ішіне тартылатын принципіне негізделген. Мұндай аспап (50-сурет) негізгі қаңкаға оралған саңылауы бар орауыштан тұрады. Аспаптың қозғалмалы бөлігі нұсқама тілі бар 1 біліктен, симметриясыз бекітілген өзекшеден 2, және қайтарушы серіппеден 3 тұрады. Нұсқама тіл өзінің орнықты қалпына қарағанда тез тынышталуы үшін ауалык тежеуіші бар тыныштандырғыш 4 қолданылады.
Аспапты электр желісіне қосқанда орауыш арқылы ток жүреді, пайда болған магнит өрісі өзекшені ораушытың ішіне тартады. Өзекше білікке симметриясыз бекітілгендіктен аспаптың қозғалмалы бөлігі бір бұрышка бұрылады. Қозғалмалы бөлік ток тудырған айналмалы момент пен, спираль серіппесінің қарсы әрекет мо­менті тепе-тең болғанша бұрылады.

50 Сурет – Жазық ораушты электр-магниттік аспаптың құрылысы


Қозғалмалы бөліктің бұрылу бұрышы өзекшенің катушка ішіне тартылу күшіне байланысты. Бұл күш токқа 1 және орауыш өрісінің магниттік индукциясына В тура пропорцинал:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет