мұндағы К — пропорционалдык (тәуелділік) коэффициенті.
Магниттік қанығуга жетпеген жағдайда магниттік индукция токқа пропорционал болғандыктан, қозғалмалы жүйснің бұрылу бұрышы ток квадратына пропорционал болады. Бұл жағдайда аспап шкаласы квадратты болуы керек. Бірақ та аспаптағы ферромагниттік өзекше келтірілген ара-қатынастықты күрделілендіреді, соның салдарынан электр-магниттік өлшеуіш аспаптарының шкаласы біркелкі болмайды. Өзекшеге арнайы пішін беріп және оның орауыш ішінде орналасуын өзгертіп, алғашкы бөліктерінен баска шкаланың көпшілік бөлігіндегі біркелкісіздікті азайтуға болады. Шкаланың алғашқы бөліктері өте тығыз болып қала береді.
Электр-магниттік вольтметрлерде орауыш орамдарының саны үлкен болып, 2000—10000-ға жетеді. Орам сымының диаметрі 0,08—0,1 мм болады. Амперметрлердің орауыштары қималары дөнгелек немесе таспа тәріздес жуан мыс сымдардан жасалынады да олардың орам сандары көп болмайды. Сыртқы магнит өрістері электр-магниттік аспаптың жұмысына үлкен әсерін тигізеді, бірақ оны ферромагниттік қапталмасы арқылы бәсеңдетуге болады.
Дөңгелек орауышты аспаптың (51-сурет) ішіне нұскама тілімен бірге аспап осіне бекем орнатылған жылжымалы 1, және қозғалмайтын екі өзекше орнатылған. Орауышпен 3 ток жүргенде магнит өрісі қоздырылады, өзекшелердің екі ұштары аттас полярлықпен магниттеледі, аттас полюстердің бір-бірінен тебілуі айналмалы момент туғызады. Қозғалмалы өзекше 1 қозғалмайтын өзекшеден 4 тебіліп нұсқама тілді білікті белгілі бір бұрышқа бұрады. Сыртқы магнит өрістерінің әсерін әлсірету үшін орауышқа ферромагниттік экранды 2 кигізеді. Аспап магнит тынышталдырғышымен 5 жабдықталған.
Электр-магниттік аспаптың магнит өрісінде болаттың мөлшері аз болғандықтан магнит өрісінің көпшілігі ауа арқылы өтеді. Сондықтан электр-магниттік жүйедегі өлшеу механизмінің сезгіштігі шамалы болады. Соның салдарынан аз токты өлшейтін (0,5 А ден кіші) амперметрді немесе аз кернеуді өлшейтін (10 В-тан кіші) вольтметрді жасау киындыкқа соғады.
Аспаптың тұрақты және айнымалы ток тізбегінде жұмыс жасау кабілеті орауыштағы ток бағытты өзгеруіне байланысты өзекше қайталама магниттеліп айналмалы моменттің бағытының өзгермеуімен түсіндіріледі. Айнымалы ток жүргенде аспап әсер етуші токты немесе кернеуді көрсетеді. Электр-магниттік аспаптардың электр желісінен тұтынатын қуаты 2 ден 8 Вт-ка дейін жетеді.
Электр-магниттік аспаптарының артықшылықтарына олардың қарапайымдылығы, арзандығы, пайдаланудағы сенімділігі, қысқа мерзімдік артық жүк түсіміне шыдамдылығы және тұракты және айнымалы ток тізбектерінде өлшеулер жүргізуге жарайтындығы жатады. Электр-магниттік жүйедегі аспаптардың кемшіліктеріне дәлдігінің салыстырмалы аздығы (дәлдік класы 1; 1,5; 2,5), шкалаларының біркелкісіздігі, үлкен қуат жұмсайтындығы, көрсетімінің ток жиілігіне байланыстылығы және сыртқы магнит өрістерінің көрсететін ықпалы жатады.