Магнит-электрлік жүйе аспаптары тұрақты ток тізбектеріндегі ток пен кернеуді өлшеуге қолданылады. Магнит-электрлік жүйе аспаптарының жұмысы магнит өрісі мен тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуіне негізделген.
Аспаптың қозғалмайтын бөлігі (52-сурет) тұракты магниттен 3 және болат цилиндрден 2 түрады. Магнит полюстері мен болат цилиндрдің ара-сында сақина тәрізді ауа саңылауы бар. Саңылауда күшті және іс жүзінде бір текті магнит өрісі туғызылады. Аспаптың қозғалмалы бөлігі сақина тәрізді ауа саңылауында (екі жартылай осьте) еркін айналатын, жеңіл алюминий рамкада 1 орналаскан өте жіңішке сымнан жасалған орауыштан тұрады. Алдыңғы жартылай осіне нұсқама тіл мен аспаптың қозғалмалы жүйесін теңестіруге арналған қарсы салмақ тұғызушы тетік орналрстырылады. Қарсы әсер етуші моменті екі спираль серіппе жасайды, олар арқылы рамкаға электр тогы бсріледі.
52 Сурет – Магниттік электр жүйесіаспабының құрылысы
Аспапты жұмысқа қосқанда орауыш арқылы ток етіп механикалық күш пайда болады да, бұл күш сол қол ережесі бойынша рамканы белгілі бұрышқа бұрады. Бұл күш магниттік индукцияға В, токка I, орам санына w, өткізгіш сымның активтік ұзындығына l тәуелді болады:
F = 2Bilw (5.4)
Магниттік индукция, активтік ұзындық, орам саны әрбір аспап түрі үшін тұрақты болғандықтан, рамканың бұрылу бұрышы аспаптың орауышы арқылы ететін токпен және кайтару серіппелерінің қарсы әрекет моментімен анықталады. Сол себепті магнит-электрлік жүйенің аспаптарының шкаласы біркелкі болып келеді.
Рамка магнит өрісінде бұрылған кезде оның орамдарында бағыты Ленц заңымен анықталатын ЭҚК туады. ЭҚК арқылы пайда болған ток қарсы әрекет күшін туғызады да аспаптың қозғалмалы жүйесін тез тыныштандырады. Бұл аспаптарды тыныштандырғыш жүйелерісіз жасауға мүмкіндік береді.
Магнит-электрлік жүйе аспабы полярлы (яғни теріс және оң қысқыштары бар) болады, ал айнымалы ток тізбегінде ешнәрсе көрсетпейді.
Жоғары дәлдігімен, сезімталдығымен, шкаласының біркелкі болуымен энергияны аз, (10-4 — 10-6 Вт) тұтынуымен, қозғалмалы жүйесінің тез тынышталуымен және сыртқы магнит өрістеріне се-зімділігінің аздығымен магнит-электрлік жүйе вольтметрлер, мил-лиамперметрлср, микроамперметрлер, және әмбебап өлшеуіш аспаптары ретінде (автометрлерде) кеңінен қолданылады.
Аспаптардың кемшіліктеріне бағасының салыстырмалы үлкендігі артық жүк түсіміне сезімтал болуы және өлшеуді тек тұрақты ток тізбегінде жүргізуі жатады. Соңғы кемшілікті аспапты жартылай өткізгіш вентиль арқылы қосу жолымен жоюға болады. Бірақ ол кезде мұндай аспап түзеткіштік жүйесіне жатады.