САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
100
аяғы) – партиялық құрылымдардың қалыптасуы, әлеуметік-
демократиялық партиялардың, «Алаш» партиясының,
«Азат» азаматтық қозғалысының пайдаболуы.
1989 жылдың қарашасы мен 1990 жылғы қарашаның
аралығында
елде көбісі кеңес, топ, комитет, ассоциация
түріндегі клуб бірлестіктер сипатындағы 100-ден аса
тіркелген және тіркелмеген қоғамдық ұйымдар болды.
43
Ақырында ұйымдардың тек бір бөлігі ғана қалыптасқан
саяси конъюнктураға сай өзгере алды, ал қалған бейресми
бірлестіктер өздері тарап кетті.
Қазақстан Республикасындағы партиялық жүйе 1988
жылдың ортасынан бастап қалыптаса бастады, ол кезде
КОКП-на алғашқы балама бейресми топтар мен қозғалыстар
пайда болды. 1991 жылғы 1 қаңтарда КСРО-ның «Қоғамдық
бірлестіктер туралы» Заңы күшіне енген кезде балама
саяси партиялар пайда болды.
44
«Қазақ КСР-дағы қоғамдық бірлестіктер туралы»
Заңның қабылдануы (1991 ж.), 1991
жылғы тамыз-
қыркүйекте Қазақстанның коммунистік партиясының
саяси сахнадан кетуі, сосын КСРО-ның күйреуі Қазақстанда
көппартиялықтың қалыптасу процесін тездетті. Социал-
демократтар,
социалисттер,
«Алаш»
партиялары,
Қазақстаның Халық конгресі партиясы, Республикалық
партия.
1990 жыл және 1995 жылғы күз
аралығындағы кезең
қазақстандық партиялық-саяси кеңістікте бірінші саяси
партиялардың құрылуымен сипатталды, олар, алайда,
тұрақты саяси ұйым ретіндегі партияның барлық
критерилеріне әрдайым жауап бере алмады.
45
Партияның қызмет етуін Қазақстанның саяси жүйесінің
элементі ретінде Д. Истонның жүйелік талдауына сәйкес
қарастырайық (16-сурет).
Саяси жүйеге кірісте: социум
өкілдері өз талаптарын
43
Булуктаев Ю., Дьяченко С., Кармазина Л. Политические партии Казахстана:
Справочник. - Алматы: ИПК, 1998. – С. 77.
44
Ведомости съезда Народных депутатов СССР и Верховного Совета СССР. М., 1990.
№ 42, ст. 839.
45
Қараңыз: Телебаев Г., Коновалов С. Партийное строительство в Казахстане: от
идеологического диктата одной партии к многопартийной системе // Саясат. 2001.
№ 9. - С. 68-74; Шауенов Е. Политические партии и устойчивость политического
процесса в Казахстане // Analitic. 2002. – № 4. – С. 4-7.
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
101
танытады, өз кезегінде ол талаптар билік құрылымдары
оларды білдіретін тиісті саяси арналар (партиялардың
қоғамдық қабылдаулары, өзекті проблемаларды шешу
жөнінде билік органдарына жүгіну хаттары және т.б.)
арқылы жүзеге асыратын дүниеге айналады.
Қолдау ағымдағы саяси бағытты түзету бойынша өзінің
талаптарымен тілектерін партияға мүше болып кіру, партиялық
іс-шараларға, партия жақтаушыларының акцияларына,
қоғамдық
кеңестерге, келістіруші құрылымдарға қатысу
арқылы білдіріледі.
Қоршаған ортадан келетін импульстар саяси ортаға
түскенде конверсияға ұшырайды. Түсіп жатқан талаптарды
биліктің тиісті институттары қоғамдық консенсусқа жету үшін
шешімдер мен әрекеттерге айналдырады.
Саяси жүйенің шығысында: Парламенттегі, мәслихаттағы
партиялық фракция депутаттары арқылы тиісті cаяси
шешімдер, заңдар қабылданады, ол социуммен кері байланыс
мүмкіндігін көрсетеді.
Қорытынды ретінде саяси іс-әрекеттерді жүзеге
асыру
болады: бұл дегеніміз әлеуметтік және рухани өмірдегі,
сондай-ақ экономика мен саясат саласындағы өзекті
проблемаларды шешу жөніндегі іс-шаралар.
Билікке және саяси билікке қатысу үшін талас қызметін
жүзеге асырудың негізгі әдісі партияның өз кандидаттарын
мемлекеттің заң шығарушы органдарына сайлауға
қатыстырып, олардың сайлануы үшін күрес.
Іс жүзінде Қазақстанның саяси партиялары, қозғалыстары,
қоғамдық ұйымдары Жоғарғы
Кеңестің ХІІ және ХІІІ
шақырылымдарының, сондай-ақ 1995 жылғы Парламент
Мәжілісінің сайлауларына қатысып, кейбірі елдің жоғарғы
өкілетті органында депутаттық фракциялар құрды.
1994 жылғы 7 наурызда егемен Қазақстанның алғашқы
Парламентіне сайлау өтті. Парламенттің саяси құрамындағы
орындар саны былай бөлінді: «Қазақстанның
халық
бірлігі» одағы (ҚХБО) – 33; Кәсіподақтар – 11; Халық конгресі
– 8; Шаруалар одағы – 4; «Лад» славян қозғалысы – 4
(11-диаграмма).
1995 жылғы депутаттық корпусқа Қазақстанның халық
16-сурет. Қазақ
ст
анның са
яси жүйесінің э
лементі ретінд
егі пар
тияның қызмет етуі
РЕ
СУРСТ
АР
РЕ
СУРСТ
АР
РЕ
СУРСТ
АР
РЕ
СУРСТ
АР
РЕ
СУРСТ
АР
РЕ
СУРСТ
АР
Достарыңызбен бөлісу: