САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
7
Саяси жүйе түсінігін ұғындыруға бағытталған
тәсілдемелердің кейбіреуін қарастырайық.
«Саяси жүйе» термині саясаттануға ХХ ғасырдың 50-60-
шы жылдары енгізілді. Бұған
дейін билік қатынастарын
сипаттау үшін «басқару типі», «басқару жүйесі» түсініктері
қолданылған. Алайда қоғамның даму процестері қоғам
мүшелерінің бекітілген нормалар мен қағидаларға
бағынумен қатар партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар
және т.б. құру арқылы билік
құрылымдарына ықпал ете
бастауына әкелді.
Билік монополия болудан қалды, ал билік қатынастары
күрделірек сипатқа ие болды, өйткені онда мемлекеттік
емес ұйымдар қатыса бастады.
Бұдан былай мемлекеттік
құрылымдардың
қызметіне
сыймайтын
билік
қатынастарының күрделілігі мен көп өлшемділігін түсіну
осыған дейін ғылымда саясатты түсіндіруде үстемдік еткен
институционалдық және бихевиористік тәсілдемелерді
қайта қарау қажеттілігін тудырды. Алайда жүйелі
тәсілдемені енгізудің бұдан да маңызды себебі болды,
атап айтқанда: қолайсыз сыртқы орта жағдайында қоғамға
тұрақтылық пен өміршеңдікті қамтамасыз ететін әмбебап
заңдылықтар мен тетіктерді іздеу қажет еді.
Австриялық-американдық биолог
Л. фон Берталанфи
жасуша мен сыртқы орта арасындағы заттар алмасуын
сипаттау үшін ХХ ғасырдың 20-шы жылдары
«жүйе» түсінігін
ғылыми айналымға енгізді. Ол жүйені өзара байланысты
элементтердің, өзара әрекетте
болатын элементтерден
тұратын біртұтастық ретінде қарастырды: өзара тәуелділік
қатынастары егер бір жүйенің элементі өзгерсе онда ол
тұтастай өзгереді. Жүйе сыртқы сигналдарға және өзінің
ішкі элементтерінің талаптарына
жауап беру арқылы
дамиды.
Кез келген жүйе өзінің элементтерінің сапасына
кірістірілмейтін жаңа сапа. Жүйелік тәсілдемеге сәйкес
оның әр қайсысын қосалқы жүйе,
яғни жоғары деңгей
жүйесінің элементі ретінде қарастыруға болады, сонымен
бірге элементтердің бір бөлігінің нақты сол жүйеге
кездейсоқ немесе жанама қатысы болуы мүмкін.
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
8
Достарыңызбен бөлісу: