Аспектілер мен



Pdf көрінісі
бет56/78
Дата08.02.2022
өлшемі3,26 Mb.
#117827
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   78
Байланысты:
Политическая система каз А5

10
67


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
80
өткізу сайлау құқығы жүйесінде және де жалпы алғанда 
қоғамның саяси өмірінде партия рөлін айтарлықтай 
арттырды (1-кесте). 
Үшіншіден, 2002 жылғы 15 шілдеде Қазақстан 
Республикасының «Саяси партиялар туралы» жаңа 
Заңы қабылданды, аталған құжат партиялық қызметті 
регламенттеудің жаңа шарттарын бекітті: партия қызметін 
қалыптастыру, уақытша тоқтату және тоқтату тәртіптерін 
құқықтық реттеу; партияны қаржыландыру; сайлау 
процесіне қатысу. 
Заңның жаңа қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы 
Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына екі 
рет қатарынан қатыспаған саяси партия сот шешімімен 
жойылуы мүмкін еді (14 бап, 5 тармақ, 6 тармақша). Бұл жайт 
1-кесте. 
Сайлау жүйесі
МАЖОРИТАРЛЫҚ
НАҚТЫ 
КАНДИДАТТАРҒА 
ДАУЫС БЕРУ
ПРОПОРЦИОНАЛДЫҚ
ДАУЫСТЫҢ КӨП 
БӨЛІГІН ИЕМДЕНГЕН 
КАНДИДАТТАР ҒАНА 
БИЛІК 
ОРГАНДАРЫНАН 
ОРЫН АЛАДЫ
АБСОЛЮТТІ НЕМЕСЕ 
САЛЫСТЫРМАЛЫ 
КӨПШІЛІК ҚАҒИДАСЫ 
САЯСИ 
ПАРТИЯЛАРҒА 
ДАУЫС БЕРУ 
БИЛІК 
ОРГАНДАРЫНДАҒЫ 
ОРЫНДАР ЖИНАЛҒАН 
ДАУЫСТАРҒА ОРАЙ 
ПРОПОРЦИОНАЛДЫ 
БӨЛІНЕДІ
ПРОПОРЦИОНАЛДЫ 
ӨКІЛДІК ҚАҒИДАСЫ


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
81
Қазақстан партияларына, әсіресе Парламент Мәжілісінің 
2004 жылғы сайлауы қарсаңында жауапкершілік жүгін 
арттырды.
Мәжіліске, 
қазақстандық 
Парламенттің 
төменгі 
палатасының 2004 жылғы 19 қыркүйек пен 3 қазандағы 
сайлауы (67 бір мандатты аймақтардың 22-де сайлау қайта 
өткізілді) аралас жүйе бойынша өткізілді. Партиялық тізім 
бойынша бұрынғысынша 10 орын бөлінді. Депутаттық 
мандаттар үшін таласқа 12 партия араласты, оның 4 – екі 
сайлау блоктарының құрамында. 
2004 жылғы парламенттік сайлауда алғаш рет саяси 
одақтар стратегиясы заңды түрде іске асырылды. Төрт 
партия екі блокқа бірігіп, сайлауға белсенді түрде 
қатысты: Аграрлық және Азаматтық партиялар «АИСТ» 
(Еңбекшілердің аграрлық-индустриалдық одағы) блогын 
құрды, ал Қазақстанның коммунистік партиясы және 
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» Халықтық 
партиясы – «Коммунистер мен ҚДТ оппозициялық халықтық 
одағын» құрды. 
Сонымен қатар Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет 
2004 жылғы сайлауда саяси партиялар мен депутаттыққа 
үміткерлер саяси пікір-таластарға қатысуға мүмкіндік 
алды. Партиялар мен депутаттыққа үміткерлер Орталық 
сайлау комиссиясы ұйымдастырған қатаң регламенттелген 
пікір-таластармен қатар жекеменшік телеарналар 
ұйымдастырған пікір-таластарға қатысуға мүмкіндік алды.
2004 жылы өткізілген Қазақстан Республикасы 
Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы нәтижесінде 
77 депутат сайланды. Сайланған депуттардың жалпы 
санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынған болатын:
Отан» республикалық саяси партиясы – 42, «АИСТ» 
блогі – 11, «Асар» республикалық партиясы – 4, «Ақ жол» 
демократиялық партиясы, Қазақстанның демократиялық 
партиясы – 1, өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат. Сонымен 
қатар 67 депутат бірмандатты аумақтық сайлау округтері 
бойынша сайланды, олар сайлаушылар саны жағынан 
шамамен бірдей республиканың әкімшілік-территориялық 
бөлінуін ескере отырып құрылды, ал 10 депутат 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
82
пропорционалдық өкілдік және бірыңғай ұлттық сайлау 
аймақтары территориялары бойынша сайланды. 
Отан» республикалық саяси партиясы жеңіп, Мәжілістегі 
67,5% орынды иемденді. Қалған орындар келесідей бөлінді:
«АИСТ» блогі – 18,2%, «Асар» партиясы – 5,2%, «Ақ жол» – 
2,6% партиясы, Демократиялық партия – 1,3%. 
Сайлау нәтижелері партиялық тізім бойынша: 
1) 7-пайыздық межені еңсергендер: 
• Отан –сайлаушылардың 60,61% дауысы (10 орынның 
ішінде Парламенте 7 орынды иеленді); 
• Ақжол - 12,04% (1 орын); 
• Асар - 11,38% (1 орын); 
• «АИСТ» блогі - 7,07% (1 место). 
2) 7-пайыздық межені еңсере алмағандар:
• «Коммунистер мен ҚДТ оппозициялық халықтық 
одағын» блогі - 3,44%; 
• Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы - 1,98%; 
• «Ауыл» партиясы- 1,73%; 
• Қазақстанның демократиялықпартиясы - 0,76%; 
• Қазақстанның патриоттық партиясы - 0,55%; 
• Руханият - 0,44%. 
2004 жылғы сайлаудың қорытындылары бойынша 
«Отан», «Асар», Қазақстанның азаматтық партиясы мен 
Қазақстанның аграрлық партиясы белгілі бір саяси 
салмаққа ие болды (5-диаграмма). 
2005 жылғы 7 желтоқсанда Парламент Мәжілісі Қазақстан 
Республикасы Президентінің сайлауын 2005 жылғы 4 
желтоқсанда өткізуді бекітті. 2005 жылғы 9 желтоқсанда 
«Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс 
VIII съезді өтті. Оның жұмысына ел Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаев қатысып, бағдарламалық сөз сөйледі. 
Съезде қоғамның саяси модернизациясы мәселелеріне 
айырықша назар аударылды. Осыған байланысты 
демократиялық 
қайта 
құрулардың 
бүкілхалықтық 
бағдарламасы ұсынылды, 2004 жылғы маусым айында 
«Отан» партиясының VII съездінде Президент жариялаған 
саяси 
реформалар 
бағдарламасыаталған 
қайта 
құрулардың бастауы болды. Барлық бастамалар партияның 


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
83
«Қазақстандық жол-2009» атты бағдарламасына енді. 
Съезд делегаттары Нұрсұлтан Назарбаевты «Отан» 
партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенті 
кандидаттығына бір ауыздан ұсынды. Сондай-ақ партияның 
кандидатты қорғау жөніндегі Қазақстанның халық 
коалициясының құрамына кіру туралы шешім қабылданды. 
ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті лауазымына 
кандидаттарды тіркеді: ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, 
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының көшбасшысы 
Жармахан Тұяқбай, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық 
партиясы, Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов және 
«Табиғат» экологиялық ұйымының көшбасшысы Мэлс 
Елеусізов.
2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлаудың қорытындылары 
бойынша, Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне 
5-диаграмма. 
ҚР Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімі бойынша 
сайлау нәтижелері (2004 ж. сайланған) 
«АҚ ЖОЛ» 
12,04% 
«АСАР» 
11,38% 
«АИСТ» БЛОГІ
7,07% 
«КОММУНИСТЕР МЕН ҚДТ ОППОЗИЦИЯЛЫҚ 
ХАЛЫҚТЫҚ ОДАҒЫН» БЛОГІ 
3,44% 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММУНИСТІК ХАЛЫҚТЫҚ ПАРТИЯСЫ
1,98% 
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ
1,73% 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ
0,76% 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫ
0,55% 
«РУХАНИЯТ»
0,44% 
«ОТАН» 
60,61% 


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
84
сәйкес кандидаттарға берілген дауыстар төмендегідей 
бөлінді: Н. Ә. Назарбаев – 91,15 %; Ж. А. Тұяқбай – 6,61 %; Ә.М. 
Бәйменов – 1,61 %; Е. Әбілқасымов – 0,34 %; М. Х. Елеусізов – 
0,28 % (6-диаграмма).
Осылайша, 2005 жылғы 4 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев 
сайлаушылар даусының 91,15 % жинап, балама негізде 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
болып 
қайта сайланды. Осы сайлаудағы жеңіс Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә. 
Назарбаевқа 
легитимділіктің жаңа ресурсын иемденуге және 
бүкілқазақстандық көлемдегі саяси қолдаудың базасын 
нығайтуға мүмкіндік берді. 
2006 жылғы 4 шілдеде «Отан» партиясының кезектен тыс 
IX съездінде «Асар» партиясымен бірігу туралы жарияланды. 
Ел Президенті Н. Назарбаев: «екі жетекші қазақстандық 
партияның бірігуі партиялық жүйе дамуының жаңа 
кезеңін ашады. Партиялық кеңістікте елді дамыту жөнінде 
стратегиялық көзқарасы, қуатты ұйымдастырушылық және 
зияткерлік ресурстары бар бүкілұлттық партия пайда 
6 -диаграмма. 
ҚР Президенті сайлауы (2005 ж.) 
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Ж. ТҰЯҚБАЙ
А. БӘЙМЕНОВ
Е. ӘБІЛҚАСЫМОВ
М. ЕЛЕУСІЗОВ
6,61
1,61
91,15
0,34
0,28
%


САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI 
85
болды».
36
2006 жылғы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының 
кезектен тыс X съездінде жаңа партия «Нұр-Отан» 
Халықтық-Демократиялық партиясы деген атауға ие болды. 
Осыған орай Президент Н.Ә. Назарбаев: «Партиялардың 
бірігуі Қазақстанның алдында тұрған жаңа стратегиялық 
міндеттерге сәйкес келеді. Бүкіл қоғамның күш-жігерін 
жұмылдарып, көшбасшылық психологияны жаппай 
көрсеткенде ғана алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге 
болады. Біртұтас партия алдағы прогрессивті қайта 
құрулардың негізгі қозғаушы күшіне, республиканың 
халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын 
жүзеге асыруда негізгі тіректердің біріне айналуы тиіс».
37
4. 2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасының 
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, 
олар елдің саяси жүйесін одан әрі модернизациялау 
тұжырымдамасына сәйкес келді. 
Осы конституциялық түзетулерге сәйкес Парламенттің 
төменгі палатасының құрамын саяси партиялар сайлаудың 
пропорционалды жүйесі арқылы (партиялық тізім 
бойынша) қалыптастырады, сонымен қатар, Мәжілістің 
тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. 
Осылайша, төменгі палата 107 депутаттан тұрады (бұған 
дейін 77 болған). 
Мәжіліс сайлауында дауыс берудің пропорционалды 
жүйесін енгізу саяси партиялардың мәртебесін көтеруді 
көздеді. Партиялық тізім бойынша сайлаудың мәні – 
олардың толыққанды партиялық жүйе құруында, себебі, 
дауыс беру қорытындысы сайланған тұлғалардың 
партиялық тиесілілігі кәдімгідей құрылымдайды. 
Қазіргі заманғы Қазақстанның партиялық жүйесін 
қалыптастыруды 2007 жылғы парламенттік сайлаудан 
бастауға болады, ол кезде дауыс берудің пропорционалдық 
жүйесі бойынша жеті саяси партия Мәжілістегі 98 депутаттық 
36 
Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на 
внеочередном IX съезде РПП «Отан»// По материалам официального сайта 
Президента Республики Казахстан. Астана, 4 июля 2006 г.
37 
Во имя процветания страны// Казахстанская правда, 11 ноября 2006.


САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
86
мандатқа таласты (7-диаграмма).
Алғаш рет пропорционалдық жүйе бойынша өткен 
кезектен тыс Мәжіліс сайлауы 2007 жылғы 18 тамызда 
өткізілді. Бұл сайлауда 7 саяси партия қатысып, өз тізімдерін 
ұсынды: «Нұр Отан» ХДП (126 адам), ЖСДП (80), «Ақ жол» 
ҚДП (98), ҚХКП (20), «Ауыл» партиясы (33), ҚПП (11) және 
«Руханият» партиясы(9 адам). 
Сайлау «Нұр Отан» партиясының жеңісімен аяқталды – 
88,41%. Қалған алты партия 7 %-дық межеден аса алмады, 
сондықтан да жоғары өкілетті органға өтпей қалды: 
• Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 
4,54%; 
• «Ақжол» - 3,09%; 
• «Ауыл» - 1,51%; 
• Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) 
– 1,29%; 
• Қазақстанның патриоттар партиясы- 0,78%; 
• «Руханият» - 0,37% (8-диаграмма).
Қазақстанның коммунистік партиясы бойкот жариялап, 
сайлауға қатыспады. 
Осылайша, «Нұр Отан» партиясы дауыс берудің 
7-диаграмма.
ҚР Парламенті Мәжіліс (құрамы) (2007 жылы сайланған) 
ПАРТИЯЛЫҚ 
ТІЗІМ 
БОЙЫНША


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет