SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023
57
АНТИУТОПИЯ.
ТӨЛЕН ӘБДІК ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АНТИУТОПИЯ ЖАНРЫ
Жумабекова Акерке Дауреновна
Тұран-Астана университетінің «Әлеуметтік – гуманитарлық және тілдік пәндер»
кафедрасының магистранты
Ғылыми жетекші -
Алашбаева Жанна Нурлановна, аға оқытушы,
философия докторы (PhD)
Астана, Қазақстан
Аннотация:
Әлемдік әдебиет пен мәдениетте бір-біріне қарама-қарсы екі ұғым –
утопия мен дистопия кең тараған. Жазушының утопиясы - шынайы өмірдегі кемел
дүниесі, арман-тілектері болса, оның антиутопиясы – автордың өзі қоғамда көрген
көңілге қонымсыз жағдайлар мен бақытсыздықтар туралы әңгімесі.
Төлен Әбдіктің көркем шығармаларын идеялық тұрғыдан талдай отырып, бәрі
тамаша, көңілге қонымды (утопиялық) оқиғалар мен жағымсыз, көңілге қонымсыз
жағдайларды (дистопиялық) көре аламыз. Мақаланың негізгі мақсаты – жазушы Төлен
Әбдік шығармаларындағы утопиялық және антиутопиялық образдарды талдап, олардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Жазушының шығармалары адам
мінезінің сырына терең бойлауымен, өмірдің мәніне философиялық көзқараспен
қарауымен, өмірдің қайшылықты құбылыстарының күрделі шындығын ашуымен
ерекшеленеді. Төлен Әбдік шығармашылығының негізгі өзегі – адам мұңы (антиутопия).
Бұл – жеке бастың емес, ұлттың, кейінгі ұрпақтың мұңы. Зерттеу жұмыстары
негізінде Төлен Әбдікті Отан, ұлт, тіл, дін, тәуелсіздік сынды халықтың мүддесімен
астасып жатқан ұлттық құндылықтар мен әлеуметтік мәселелерге аса қызығушылық
танытқан жазушы ретінде танимыз.
Достарыңызбен бөлісу: