Астана қаласы №69 мектеп-гимназияның география пәні мұғалімі Який Хайрат Тақырыбы: «Атажұрт» Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі72,83 Kb.
#34690
Астана қаласы

69 мектеп-гимназияның



география пәні мұғалімі

Який Хайрат
Тақырыбы: «Атажұрт»

Мақсаты: - Атажұрт этнографиялық-географиялық танымдық ойын

арқылы оқушылардың тарихи-географиялық білімдерін

кеңейту.

- отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Түрі: сайыс

Құрал-жабдықтар: Қазақстан Республикасының картасы, компьютер,

интерактивті тақта, слайдтар.



Барысы: І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытынды бөлім

І. Кіріспе бөлім.

Кештің мақсатын, барысын түсіндіру.

Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Негізгі бөлім.

Барысы: І тур. «Тырнақалды»

ІІ тур. «Қанат қақты»

ІІІ тур. «Қалықтау»

ІV тур. «Самғау»

V тур. «Шырқау»

VІ тур. «Шарықтау»

VІІ тур. «Жерұйық»



I. Тур. «Тырнақалды» (капитандар сайысы).

1-топ


1.Қазақстан неше елмен шектеседі? (5еллмен)

2. Қазақ елінің дарынды күйшісі, “Кісенашқан”, “Көбікшашқан”, “Кішкентай” күйлерінің авторы? (Құрманғазы)

3.Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым? (Ш.Уәлиханов)

4. Қазақтың ұсақ шоқысын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)

5. Қ.Р. орналасқан климаттық белдеу? (қоңыржай)

6. Астана қаласы қай өзен бойында жатыр? (Есіл)

7. Ең арзан көмір өндіретін кеніш (Екібастұз)

8. Орал тауының Қазақстандағы жалғасы? (Мұғалжар)

9. Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала? (Орынбор)

10. Қазақтан шыққан геолог ғалым кім? (Қ.Сәтбаев)

2-топ.

1.Қандай топырақты еліміздің ең басты байлықтарының бірі санайды? (қара топырақ)



2. Қ.Р. Елтаңбасы авторлары? (Ш.Уәлихан,Ж.Мәлібек)

3. Ертіс өзені құятын ағынды көл? (Зайсан)

4. Алаты қаласы қай таудың етегінде орналасқан? (Іле Алатауы)

5. Қашқарияға саяхат жасаған ғалым? (Ш.Уәлиханов)

6. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім? ((М. Дулатұлы)

7. Каспий алабының ең ірі өзені? (Жайық)

8.Темір рудасына бай облыс? (Қостанай)

9. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)

10. Еліміздегі аумағы ең үлкен облыс (Қарағанды)

II Тур. «Қанат қақты» (топпен жұмыс).

Еліміздің пайдалы қазбаларына қатысты. Әр топқа 3 тапсырмадан беріледі. Жауабын қазақша-орысша-ағылшынша айту керек.



1-топ сұрақтары:

1. Бұл пайдалы қазба еліміздің батыс аймағында мол кездеседі. Жанатын пайдалы қазбаға жататын бұл пайдалы қазбаны елімізде бірінші рет 1899-ж Қарашүңгілдегі Ембі кен орнынан алды? (мұнай-нефть-oil)

2. Қазақстан бұл пайдалы қазбаның кен қоры бойынша ТМД-да Ресей мен Украинадан кейін 3-орын иеленеді. Негізгі кен орындары Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет. (темір–железо–iron)

3. Рудасыз пайдалы қазбаға жататын бұл қазба Қазақстан аумағында өте мол. Әсіресе Каспий маңы ойпаты бұл қазбаға аса бай. Онда кей жерлерде бұл пайдалы қазба қабатының қалыңдығы 2 км-ден асады. (тұз–соль–salt)



2-топ сұрақтары:

1. Қазақстанда бұл руданың аса бай қорлары бар. Қазақстан бұл пайдалы қазбаны өндіру бойынша дүние жүзінде жетінші орын алады. Ең ірі кен орны – Жезқазған. (мыс–медь–copper)

2. Қазақстанда бұл руданың қоры мол. Жалпы қоры 164 млрд тоннадан астам. Жанатын пайдалы қазбаға жататын бұл руданың негізгі кен орындары Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарыда орналасқан.

(көмір–уголь–coal)

3. Қазақстанда бұл руданың 196-дан астам кен орны бар. Республикамыздың шығысында Алтайда, Қалба жотасында, сонымен қатар солт/бат Жітіқара өңірінде өндіріледі. (алтын–золото–gold)


ІІІ тур. Қалықтау (интерактивті тапсырмалар)

Электрондық оқулық 8-сынып № 9-тапсырма. Қазақстанның ірі табиғи аудандары



IV тур. Самғау. (Жанкүйерлер)

1-топ.Көлге қатысты.

Бұл көл шығыс Қазақстан облысының өзі аттас ауданындағы ағынды көл. Жоғарғы Ертіс алабында,Қазақстанның таулы аймағындағы ірі көл. 1434м. биіктікте жатқан тектоникалық қазаншұңқырда. Ауданы-455км. Ұзындығы -38км; ені-19км; жағалау сызығы-95,5 км тереңдігі-27м. Бұл көлге бірнеше кішігірім өзендер құйып, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады. (Марқакөл)

2-топ.Тауға қатысты.

Бұл тау жүйесі Солт.-Алакөл қазаншұңқыры мен Оңт.-Іле өзені аңғарымен шектелген. Солт.Шығ. Оңт.Батысқа қарай 450км-ге созылып жатыр. Қытай мен Қазақстан шекарасында. Осы тау мен барлық жотасының аралығында осы тай аттас аталатын тау аралық ойыс бар. Ол Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосады. Ең биік жері-Бесбақан шыңы.(4622).

(Жоңғар Алатауы).

IVтур.Шырқау.(торкөздегі тапсырмалармен жұмыс).

1.Қалаға қатысты.

196 мың тұрғыны бар бұл қала Қазақстанның оңт.бат орналасқан облыс орталығы. 1817жылы керуен жолдарының қиылысында әскери бекініс ретінде салынған. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған. Ірі кәсіпорындардан күріш тазалау зауыты, ет және сүт өнеркәсібі комбинаттары бар. Қала қазіргі уақытта Қазақстанның маңызды мәдени орталығы болып саналады.

Қосымша көмек бұл қала 1925-1929 ж.ж Қазақ АКСР астанасы болды. (Қызылорда)

2.Еліміздегі жазыққа қатысты.

Бұл жазық оңтүстік шығысында Жоңғар Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу-Іле тауларының аралығында жатқан аймақ. Жазықтың құрылысына тән ерекшелігі өзін қоршап тұрған тауларға қарай 350м-ден 600-700 м-ге дейін биіктейтіндігінде. Бұл жазықта Тау құм, Сарыесік, Атырау құмы, Бақанас тақырлы сазды-құмды жазығы созылып жатыр.

Қосымша көмек бұл жазық оңт. өзімен аттас үлкен көл орналасқан. (Балқаш маңы жазығы)

3.Облыс.

Бұл облыс 1932жылы құрылған. Аумағы -428мың км.Облыста 9селолық ауд., 11қалалары, 39поселкалар, 556 селолық және ауылдық округтер бар.Аумағы аласа таулы, ұсақ шоқылы, жоталы жазық.Облыс Сарыарқаның оңт. қамтиды.Обл Б-Ұлытау тауы,Ш-Қарқаралы тауы,оңт бат. және оңт. бөлігінде Арал бойы Қарақұмы және Мойынқұм құмдары бар.

Қосымша көмек: аумағы жөнінен респ. 1-орын алады. (Қарағанды обл.)

4.Еліміздегі қорыққа қатысты.

Бұл қорық 1976ж. құрылған.Қорық Солт. Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен Оңт.-т.д.1447м. биіктіктегі Азутау жотасы арасында орналасқан. Жалпы аумағы -75мың га. Қорықта сүтқоректілердің 58түрі, құстардың 260-қа жуық түрі мекендейді, өсімдіктердің 721түрі кездеседі.

Қосымша көмек: Бұл қорық өзі аттас көл бойында орналасқан. (Марқакөл)

5.Өзенге қатысты.

Орал тауынан басталып, Батыс Қаз. С-О-ке кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Ұзындығы-2428 км, респ. жеріндегі ұзындығы-1082км. негізінен қар суымен қоректеніп, көктемде тасиды. Орташа жылдық су шыығыны 400 м/сек. Өзен тасығанда деңгейі 9-10-ге көтеріледі.

Қосымша көмек: Басты салалар-Самара, Шаған, Елек, Ор. (Жайық)

6.Қалаға қатысты.

Бұл қаланың іргесі 1938ж. Кеңгір су қоймасының жанында қаланған. Қала статусын 1954ж алады. Бұл қала мемлекетіміздің түсті металлургия орталықтарының бірі, яғни мыс балқыту орталығы болып есептеледі. Қалада тау-кен байыту комбинаты орналасқан.

Қосымша көмек: Қаланың қалануына маңызды рөл атқарған қазақтың ұлы ғалымы Қ.И.Сатпаев. (Жезқазған)

7.Ән сұрақ.

Бұл әнде еліміздің оңт.шығ.орналасқан әсем қалалардың бірі жайлы айтылған.

Қосымша көмек: Бұл Алматы облысының орталығы. (Талдықорған)

8.Архитектуралық ескерткішке қатысты.

Бұл көне арх-қ әуелі Қарахан дәуірінде (XII)тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIVғ. Аяқ шені мен XVғ. Қайта салынған.Бұл кесене түркі халықтарының тәу ететінорталығы болған.БҰҰ-ң дүние жүзілік ескерткіштері қатарына енгізілген бұл кесене халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымыздың дейін жеткізген ғажайып асыл туындыларының бірі.

Қосымша көмек: Әмір-Темірдің бұйрығымен салынған бұл кесене Түркістан қаласында орналасқан. (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі)

9.Ән сұрақ.

Бұл әнде еліміздің орталығында орналасқан табиғаты әсем жеріміздің бірі жайлы айтылған.

Қосымша көмек: Осы жермен аттас Қарағанды облысында ұлттық парк бар (Қарқаралы)


Vтур.Шарықтау.(сурет бойынша анықтау).

№1.сурет.

Бұл суретте еліміздің оңт.шығ орналасқан үлкен көлдерінің бірі бейнеленген.Көл т.д.342 м биіктікте жатыр.Ауданы-18200км, ұзындығы 614км, ені-74 км, жағасының ұзындығы 2383 км.Суының көлемі 106 км.

Қосымша көмек: Бұл көл ауданы бойынша Қазақстандағы үшінші көл.

(Балқаш көлі)

№2 сурет.

Бұл суретте еліміздің солт. Табиғаты әсем, еліміздің көрікті, сұлулығымен көз тартар көлдеріміздің біріне қатысты бейнеленген.

Қосымша көмек: Бұл көлдің бойында еліміздің ең әсем курорттардың бірі орналасқан. (Бурабай көлі)

№3 сурет.

Бұл суретте еліміздегі көмір алаптарының бірі бейнеленген. Бұл көмір алабының көмірі тас көмір болғанымен, күлі орташа, сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады.

Қосымша көмек: Ашық әдіспен өндірілетін бұл көмір алабында дүние жүзіндегі ірі болып саналатын «Богатырь» кесіндісі орналасқан. (Екібастұз)

№4сурет.


Бұл суретте Орталық Қазақстандағы қалалардың бірі бейнеленген. Қаланың іргесі 1937 жылы қаланған. Қалада жаңа технологиялық қондырғылармен жабдықталған мырыш зауыты, кірпіш, механикалық жөндеу зауыты, балық консерві комбинаттары жұмыс істейді.

Қосымша көмек: Бұл өзі аттас көлдің жағалауында орналасқан еліміздің ірі мыс орталықтарының бірі болып саналады. (Балқаш)
VI тур. Жерұйық. (жеңген топпен).

Еліміздегі тауға қатысты.



Бұл тауды Орталық Тянь-Шаньнан Кеген тау аралық ойысы бөліп жатыр. Бұл таудың батыс аймағы Қазақстан, шығысы Қытай жерінже жатыр. Оңт.шығысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр, ені-40-50км . Ең биік жері-Небесная тауы-3652м. Эффузиялық жыныстардан, әктас, граниттен түзілген. Тау үсті жайпақ, беткейлері өзен аңғарларымен тілімденген, тік құлама шатқалды келеді. (Кетпен жотасы)
ІIІ. Қорытынды бөлім: Жеңімпаздарды марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет