Астана қаласы №83 мектеп-гимназияда «Жаңа бастау» желілік қоғамдастық мектептері арасында – өткен семинардың рефлексиялық есебі
2016 жылдың 26 қарашасында №83 мектеп-гимназияның
«Қайнар» желілік қоғамдастығы аясында «Сыни тұрғыдан
ойлау стратегиялары арқылы оқушылардың оқуын
жақсарту» тақырында семинар өтті.
Мақсаты: мектеп-гимназия мұғалімдерінің педагогикалық
тәжірибесін зерттеудің нәтижесінде жетістікке жеткізетін
жеті модульді сабақтарда жүзеге асыру, әсіресе «сыни
тұрғыдан ойлау» модулі арқылы оқушылардың оқуын жақсартуға
және табысты көшбасшылыққа қол жеткізуге болатынын көрсету.
Күтілген нәтиже: желілік қоғамдастық мұғалімдерінің
өзара тәжірибе алмасулары: сабақты зерттеу, оқушы үні мен
ата-аналар қауымдастығымен жұмыста нені өзгертеміз және
өзгерістерді қалай енгіземіз?- деген сұрақтарға жауап іздеу.
Мектеп-гимназиядағы мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін
жақсарту үшін кері байланыс алу.
Семинарға Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері
К.І.Баяхметбаева және №59, 72, 80, 81, 82, 84, 65 мектептерден
36 мұғалім қатысты.
«Тәжірибені зерттеу арқылы мектепте табысты көшбасшылық
орнату» тақырыбындағы сөзімен директордың ғылыми-
әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Қ.Б.Ботабекова
мектеп-гимназияның инновациялық тұрғыдағы жұмыстарымен
таныстырды. Мектепті дамыту командасы құрылған. Кәсіби
құзыреттілікті дамыту жолында мектепте үш мұғалім бірінші
деңгей, үш мұғалім екінші деңгей және жеті мұғалім үшінші
деңгейлік курстан сертификатталған. «Қайнар» желілік
қоғамдастық аясында кәсіби жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
Педагогикалық ұжым алты шығармашылық топқа бөлінген.
Сертификатталған мұғалімдер жыл бойы тәімгерлік пен
коучингтер және Lesson study тәсілімен сабақтарды зерттеп,
сыныптарда оқыту мен оқу сапасын көтеру жұмыстарын
жалғастыруда. Семинарға арнайы «Табысты мектеп
көшбасшылығы» тақырыбында банер дайындалды.
Семинарда он төрт сабақ ұсынылды. Алты сертификатталған
мұғалімдердің және олардан тәлім алған сегіз мұғалім сабақтарында тәжірибе бөлісті. Сыни тұрғы-
дан ойлау модулін жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерімен алмасып,
кері баланысқа түсті. Г.М.Жанабилова (ІІ деңгей) мен
Н.А.Елизекова (ІІ деңгей) семинар тақырыбы бойынша коучинг-
сессия өткізіп сертификатталған мұғалімдерді инновациялық
және орта білім мазмұнын жаңартуға байланысты жұмыстары-
мен таныстыра отырып мектепте жүріп жатқан әріптестердің
коучинг жүйесімен таныстырды. Э.Ф.Нагиева (ІІ деңгей) мен
Г.Б.Сартаева (ІІІ деңгей) ата-ана қауымдастығымен «Тәрбиелі
бала- ата-ана қуанышы» тақырыбында тренинг жүргізді .Ата-ана
қауымдастығын оқу-тәрбие үрдісінде белсенді мүшесі ретін-
де көру мақсатында өтті. Оқушы үні-(І деңгей) Ш.А.Жумагулова
«Абай Құнанбаев пен А.С.Пушкин- ұлылар үндестігі» тақыры-
бында әдеби – сазды іс-шара , мектебіміздің мақтанышы(ІІІ деңгей)
Б.К.Рахимбеков Республикалық деңгейдегі туризм мен альпенизм
жарыстарының жүлдегерлер командасының секция жұмысына
шақырды. Заман талабына сай ұйымдастырылған робототехника
курсының жұмысын А.Е.Берикканова көрсетті.
К.Ж.Касымова (І деңгей) мектеептегі LESSON STUDY тәсілімен 7Ә,
8Ә, 9Ә сыныптардағы зерттеулердің қорытындысымен таныстырды.
Тәжірибе алмасуға келген әріптестер мәжіліс залына жиналып
өткен сабақтар мен іс- шараларға кері байланыс берді. Айтылған
жылы ықыласпен бірге сын көз қарастарда тиімді болды- деп айтуға
болады.Мектептің ашылуынан көп уақыт өтпесе де әр ұстаз өзінің
педагогикалық тәжірибесінде заман талабына сай өзгерістерді іштей
қабылдап, сабақ берудегі әдіс –тәсілдерді функционалдық сауатты
лықты дамыту жағына қарай бұрғандығы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |