Астана қаласы М. Тынышпаев атындағы Қазкка



Дата28.06.2017
өлшемі67,62 Kb.
#20431
Астана қаласы

М. Тынышпаев атындағы ҚазККА

Ақмола колледжінің

Жоғары санатты

физика пәні оқытушысы

Болысова Тұмар Болысқызы

Ашық сабақтың әдістемелік жоспары
Тақырыбы: Жарықтың дисперсиясы және поляризациясы

Пән аты: Физика және астрономия

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дисперсия және поляризация қасиеттері арқылы жарық толқынының табиғатын таныту

Дамытушылық: Пән аралық байланыстарды қамту арқылы ұлттық педагогиканы енгізе отырып пәнге қызығуын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Белсенділік, іскерлік, зейінділік,ұлттық дүние танымға тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау-түсіндіру,логикалық ойлау,шығармашылық зерттеу,тест

Пәнаралық байланыс: информатика,химия, тарих, қазақ әдебиеті

Көрнекі құралдар: Проектор, слайд, электрондық оқулық,үлестірме қағаздар
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Қызығушылықты ояту кезеңі

І. Ұйымдастыру жұмыстары :

  • Сәлемдесу

  • Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп,зейінін сабаққа аудару

  • Үй тапсырмасына бетбұрыс жасау

  • Өзін- өзі бағалау кестесін беру

Ой қозғау кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

а) Үйге қандай тапсырма берілді?

Толқындық қозғалыстарды қайталау

б)Үй тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар беріледі:

1.Қандай қозғалыс толқындық қозғалыс деп аталады?

2.Жарықтың интерференциясы дегеніміз не?

3.Жарықтың дифракциясы дегеніміз не?

4.Дифракциялық тор дегеніміз не? Оның периоды неге тең?

(сұрақтар киіз үйдің бөлшектеріне жазылып экран арқылы көрсетіледі,студенттер көрсетілген сұрақтарға жауап береді.Жарық толқындарының қасиеттері топтастырылған сызба арқылы үйге берілген тапсырма қорытындыланады )

Мағынаны тану кезеңі Койшыгарина Г.К. жасау

ан, хандардың суреттері, слайдтар, үлестірме қағаздар

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Құрметті студенттер !

Жарықтан тізіп бу қылған

Құбылтып оны түс қылған,-деп ақын Шәкәрім өзінің өлең жолдарында көрсеткеніндей киіз үйдің есігі ашылды. Түндігіміз де ашылып, одан жарық түсті. Жарықтың ендігі ашылмаған қасиеттерін бүгінгі сабақта ашамыз. Ақ жарықтың жеті түстен Койшыгарина Г.К. жасау



ан, хандардың суреттері, слайдтар, үлестірме қағаздартұратынын және жарықтың бір қасиеті поляризациямен танысамыз.Қасиетті жеті санына байланысты не білесіздер? (Білімгерлердің берген жауаптарын толықтыру үшін слайд көрсету «Жеті қазына») Дәптерімізге бүгінгі сабақтың тақырыбын жазамыз (Проектормен көрсету)

Ньютонның үшбұрышты призмамен жүргізген тәжірибесі:

«1666 жылы шыны өңдеп жүрген болатынмын, мен түс жөніндегі белгілі құбылыстарды тексеру үшін үшбұрышты шыны призманы тауып алдым.Осы мақсатта мен өзімнің бөлмемді қараңғыладым да күн сәулесін өткізу үшін жақтауға өте кішкене саңылау жасадым.Осы саңылауға мен призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға түсетін етіп орналастырдым.Осындай жолмен алынған түрлі – түсті және күшейтілген түстерді қарау маған үлкен қанағаттандыру сезімін тудырды

Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болатын әр түрлі түстерден тұратын жолақтарды Ньютон спектр деп атады (Слайд «Жарық дисперсиясы»)

(Слайд «Кемпірқосақ»)

Койшыгарина Г.К. жасау



ан, хандардың суреттері, слайдтар, үлестірме қағаздарТабиғи жарық дегеніміз - тербеліс амплитудасы барлық жазықтықтарда бірдей болатын жарықты айтамыз.

Жартылай поляризацияланған жарық деп- әр түрлі жазықтықтарда энергиялары әр түрлі болатын жарықты айтамыз.

Жарық поляризациясы дегеніміз табиғи жарықтың тербелісінен белгілі бір тербелістегі жарықты бөліп алу.

Поляризацияланған жарықты алу үшін полризациялағыштар деген аспапты қолданады.

Жарықтың поляризациялану құбылысын алғаш рет турмалин кристалдарымен жасалған тіжірибеден байқалды.Турмалин дегеніміз жасыл қоңыр түсті кристалл, сондықтан жарық одан өткенде жасыл қара болып шығады, яғни жарық поляризацияланады.

Ой толғанысы кезеңі

Жаңа сабақты бекіту

Жаңа сабақты бекіту мақсатында студенттерді топқа бөлемін.Олар мынандай ауылдар болып орналасады:



«Эрудиттер» ауылына тапсырма:
Ойла- ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Жұмбақтарды білмесең,

Өте алмайсың көпірден

(Физикалық жұмбақтарды шешу)
1.Бояуларым қашып кетті,

Көк қағазды басып кетті.

Қатарларын тізіп алып,

Арттарында ізі қалды.


2.Қусаң-қашады, жеткізбейді,

Қашсаң-қуады.


3.Сөйлейді ол тілі бар,

Алуан- алуан түрі бар.

4.Хабар алған алыстан,

Екі өріс табысқан

5. Жәй көзге көрінбейді

Қозғалуға ерінбейді

6.Бұлбұлдың екі құлақ, бір басы бар,

Салдырған сегіз жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар.

(Жауаптары экран арқылы көрсетіледі: кемпірқосақ,көлеңке, теледидар,электромагнит, молекула, домбыра )

Сөзжұмбақ «Оптика»

1.Жарық жылдамдығын ашқан француз физигі

2.Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігі

3.Ағылшын физигі

4.Табиғат туралы ғылым

5.Дүние жүзіндегі ең биік телемұнара

6.Жер бетіне жақын атмосфераның біртекті еместігі қандай оптикалық құбылысты тудырады



«Тарихшылар» ауылына тапсырма:

Ғалымдардың патшасы атанғансың,

Ньютон,Архимедтен бата алғансың.

Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін,

Нағыз пән- физика атанғансың!

(Ғалымдардың суреттері бойынша аттарын, туған жылын,ашқан жаңалығын баяндау)



«Аналитиктер» ауылына тапсырма:

Азамат болып ержетіп,

Маман болып өсеміз.

Көзді- ашып жұмғанша,

Есепті де шешеміз.

1.Қатесі бар физикалық диктант

Жауап дұрыс болса-1. Жауап қате болса -0

1.Толқынның екі түрі бар: қума және көлденең-

2.Толқын тау- тастардан шағылмайды-

3.Толқын энергия тасымалдамайды-

4.Толқын жылдамдығы толқын ішіндегі тербелістің жиілігі мен толқын ұзындығының көбейтіндісіне тең-

5.Балықтарда құлақ жоқ, олар дыбысты өзінің терісі арқылы естиді-

6.Ауа дыбыс «өткізгіш» екенін 1660 ж Р.Бойль тәжірибе жасап дәлелдеген-

7.Адам толқындарын қабылдағыш құрал микрофон деп аталады-

8.Бір ғана түрлі жиілікте толқын шығаратын прибор камертон деп аталады-

(Экранға кілті жазылады:1 0 0 1 1 1 1 1)



IV. Ой түйін – сабақты бекіту, пысықтау

Сабақ соңында электрондық оқулықты пайдаланып,дәптерлерімізге қажетті материалдарды жазып аламыз.Пысықтау сұрақтары қойылады.



Рефлексия

  1. Бүгінгі сабақта қандай сұрақтар сіздер үшін қиындық туғызды? Не себепті?

  2. Білімдеріңізді толықтыру үшін қандай қосымша материал қажет?

(ойлануға бір минут беріледі,сұрақтарға жауап ауызша беріледі)

V. Бағалау, қорытындылау. Үйге тапсырма беру

Студенттердің бағалау парағын жинап алып,бағалау,үйге тапсырма беру



§4.6. Жарық дисперсиясы §4.7. Жарықтың поляризациясы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет