Құсмұрын көшесі
Бұрынғы атауы – №36 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Құсмұрын көшесі Қайнар көшесінен басталып, Наурыз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 259 м.
Құсмұрын – Тобыл облысындағы көл. Қостанай облысының Қарасу, Әулиекөл аудандарында, Торғай қолатының қазан шұңқырында, Құсмұрын кентінің солтүстiгiнде 9 шақырым жерде орналасқан.
Қыз Жібек көшесі
Бұрынғы атауы – №82 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қыз Жібек көшесі Баян сұлу көшесінен басталып, Айман-Шолпан көшесінде аяқталады. Ұлпан орамы, Домалақ ана, Қорған орамы, Қарашаш ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1686,3 м.
«Қыз Жібек» – лиро-эпостық жыр. Қазақ фольклортанушыларының басым көпшілігі жыр ХVІІ ғасырда пайда болған деп есептейді.
Қызбел көшесі
Бұрынғы атауы – №26 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Қызбел көшесі Амантоғай көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 209 м.
Қызбел – Торғай қаласы мен Торғай үстірті аралығындағы дөңес тау. Ел аузындағы аңыз бойынша, қыратты жерге алыстан қарағанда, қыздың бейнесiн елестетiп, орта шенiнде жота жiңiшкерiп, қыз белiне ұқсаудан, “Қызбел” атанған.
Достарыңызбен бөлісу: |