Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет119/209
Дата06.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#34511
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   209
Мәриям Жагорқызы көшесі
Бұрынғы атауы – №74 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. М.Жагорқызы көшесі Тұран даңғылынан басталып, Қарашаш ана көшесінде аяқталады. Айғаным көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 729,2 м.
Мәриям Жагорқызы (1887-1959) – (шын аты-жөні Рыкина Мария Егоровна) халық өнерпазы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Халық арасында кең тараған «Дударай» әнінің авторы. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында дүниеге келген.


Мәскеу көшесі
Бұрынғы атауы – Московский көшесі. Мәскеу көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, М.Әуезов көшесінде аяқталады. Сарыбұлақ, Берел, Бекетай, Б.Хмельницкий, Ә.Ділманов, Г.Потанин, Жеңіс даңғылын, Желтоқсан, Бейбітшілік көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2281,2 м.
Мәскеу – Ресей федерациясының астанасы.
Бұл көшеде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы орналасқан.
Медеу көшесі
Бұрынғы атауы – А.Островский көшесі. Медеу көшесі Ш.Бөкеев, Аспара, Т.Шевченко, Оқжетпес көшелерін қиып өтіп, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2664,2 м.
Медеу – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 шақырым жерде, Алматы шатқалында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.
Мереке көшесі
Бұрынғы атауы – Мир көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Мереке көшесі Құрылысшылар, Көлсай, Армандастар, Өркениет, Нұрлыжол көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 979,7 м.
Мереке – көп қырлы қоғамдық құбылыс. Ол дамыған мәдениеттiң бiр көрiнiсi. Мерекелi күндер халықаралық, дүниежүзiлiк ынтымақты, достық пен бауырластықты, айырықша тарихи жағдайлар мен белгiлi бiр мамандық ерекшелiгiн салтанатпен атап өтетiн күндер. Қазiр тәуелсiз мемлекетiмiздiң өз мерекелерi бар.

Меркі көшесі
Бұрынғы атауы – Мереке көшесі. Меркі көшесі Космонавтар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 584,6 м.
Меркі – Шу алабындағы өзен. Мерке ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы – 100 шақырым. Өзен Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Шимен ауылы тұсында Қорағаты өзеніне құяды. Сонымен қатар, Меркі – көне қала атауы және Тараз облысындағы аудан орталығы.

Мирный көшесі
Мирный көшесі Ә.Марғұлан, Тобылғысай, Толағай, Маржансу көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 457 м.
Мирный – «бейбіт, тыныштық» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас елді мекендер де кездеседі.
Мойылды көшесі
Бұрынғы атауы – №14 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Мойылды көшесі Ақмола көшесінен басталып, Наурыз көшесінде аяқталады. Ақтөбе көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 514,4 м.
Мойылды – Шалқар алабындағы өзен. Ақмола, Қостанай облыстарының Амангелді, Жарқайың аудандарының жерімен ағады.
Мойынты көшесі
Бұрынғы атауы – №30 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Мойынты көшесі Жанкент көшесінен басталып, Сұлутөбе көшесінде аяқталады. Обаған, Талғар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 821,5 м.
Мойынты – ірі теміржол стансасы, Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.

Моншақты көшесі
Бұрынғы атауы – №9 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Моншақты көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Ақтөбе көшесінде аяқталады. Тарбағатай көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 381,2 м.
Моншақты – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы тау аты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   209




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет