Ш.Айманов көшесі
Ш.Айманов көшесі Ж.Омаров көшесінен басталып, Ы.Дүкенұлы көшесінде аяқталады. С.Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин, И.Панфилов көшелерімен, Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1475,7 м.
Шәкен Айманов (Шаһкерім) (1914-1970) – аса көрнекті актёр, режиссёр. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол қазақ сахнасында көптеген рөлдерді сомдады.
Ш.Бейсекова көшесі
Ш.Бейсекова көшесі Конституция көшесінен басталып, Н.Тілендиев даңғылында аяқталады. Аманқарағай, М.Дулатов, Оғыланды орамы, Абат-Байтақ, С.Қожахметов, М.Жәлел, Шақпақ, Фахд бен Абдулл Азиз көшелерін қиып өтеді.
Шабал Бейсекова (1917-1997) – әнші, Қазақстанның халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ш.Бөкеев көшесі
Бұрынғы атауы – Н.Крупская көшесі. Ш.Бөкеев көшесі Жерұйық көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Медеу, 8 наурыз көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2216,9 м.
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920) – ақын. Батыс Қазақстан облысының Орда қаласында дүниеге келген. Шығыстың классикалық әдебиетінен және орыс, еуропа әдебиетінен сусындап, қазақтың суырыпсалма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған білімдар ақын.
Достарыңызбен бөлісу: |