Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет166/209
Дата06.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#34511
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   209
Шарбақкөл көшесі
Бұрынғы атауы – №36-7 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Шарбақкөл көшесі Аягөз көшесінен басталып, Күреңбел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 352,3 м.
«Шарбақкөл» деп айналасы қоршалып жатқан көлді айтады. Ақмола облысында Шарбақкөл атты көл бар.

Шарбақты көшесі
Бұрынғы атауы – Юбилейный көшесі. Шарбақты көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Бастөбе көшесінде аяқталады. Атамұра, Құлагер, Көкарал, Көкжелек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2374 м.
Шарбақты – жер-су атауларына байланысты айтылады. Бұл атау жан-жағының қоршалып жатқандығын білдіреді. Павлодар облысында осы аттас аудан бар.


Шардара көшесі
Бұрынғы атауы – С.Тюленин көшесі. Шардара көшесі Үшқоңыр көшесінен басталып, Бектау көшесінде аяқталады. Құсжолы, Сартүбек, Өндіріс көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 853 м.
Шардара – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала. «Шардара» ежелгі парсы тілінен аударылған, «төрт қақпа» деген мағынаны білдіреді.

Шертер көшесі
Бұрынғы атауы – №65 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Шертер көшесі Манас даңғылынан басталып, Дауылпаз көшесінде аяқталады. Балталы, Арқат қысқа көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 408,5 м.
Шертер – екі немесе үш ішекті болып келетін музыкалық аспап.

Шет көшесі
Бұрынғы атауы – Крайний көшесі. Шет көшесі Мақат, Арқарлы, Жолымбет, Қамысты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1048,7 м.
Шет – Қарағанды облысының орта тұсында орналасқан аудан. Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылы.

Шиелі көшесі
Бұрынғы атауы – Л.Чайкина көшесі. Шиелі көшесі Шортанды көшесінен басталып, Қатаркөл орамында аяқталады. Төңкеріс, Т.Тоқтаров, Үстірт көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 707,9 м.
Шиелі – Қызылорда облысындағы аудан, елді мекен.


Шортанды көшесі
Шортанды көшесі Шиелі көшесімен қиылысып, Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 361,1 м.
Шортанды – Ақмола облысындағы аудан, елді мекен.


Шу көшесі
Бұрынғы атауы – №14 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Шу көшесі Хантау көшесінен басталып, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1127 м.
Шу – Жамбыл облысындағы аудан, қала.

Шұғыла көшесі
Бұрынғы атауы – Лесной көшесі. Шұғыла көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Абайдың 150 жылдығы, Ардагерлер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1134,8 м.
Шұғыла – «арай», «таң шапағы», «сәуле шашып тұр» деген мағынаны білдіреді. Қазақта көбіне әдемілікке байланысты қолданылады. Осы аттас адам есімдері де бар.

Шығанақ көшесі
Бұрынғы атауы – Ишимский көшесі. Шығанақ көшесі Кенесары көшесінен басталып, Желтоқсан көшесінде аяқталады. Ә.Жанбосынов, К.Күмісбеков көшелерімен, Сарыарқа даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1969,3 м.
Шығанақ – Шідерті өзенінің алабындағы көл. Павлодар облысының Ақтоғай ауданында орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   209




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет