Западный көшесі
Западный көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Ә.Жанбосынов көшесінде аяқталады. Н.Ирченко көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 212,7 м.
Западный – «батыс» деген мағынаны және ол елдің немесе елді мекеннің орналасу бағытын көрсетеді.
Зеңгір көшесі
Бұрынғы атауы – Спортивный көшесі. Зеңгір көшесі Г.Әлиев көшесінен басталады. Ұзындығы – 123 м.
Зеңгір – «аспанмен таласқан биік, заңғар» дегенді білдіреді.
Зеренді көшесі
Бұрынғы атауы – №48 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Зеренді көшесі Талғар көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Обаған, Ақсу-Аюлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 616,2 м.
Зеренді – Есіл алабындағы тұйық көл, Ақмола облысындағы аудан, кент атауы.
И.Гёте көшесі
И.Гёте көшесі Біржан сал, Ы.Алтынсарин, Алтынемел көшелерін қиып өтіп, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1113,2 м.
Гёте Иоганн Вольфганг (1749–1832) – неміс ақыны, драматург, ғалым.
Бұл көшеде «Астана» вокзалы, «Сапаржай-Астана» автовокзалы, М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникация академиясының филиалы орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |