Жерек көшесі
Жерек көшесі Г.Әлиев көшесінен басталып, В.Высоцкий көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 188,1 м.
Жерұйық көшесі
Бұрынғы атауы – Н.Чернышевский көшесі. Жерұйық көшесі А.Герцен көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ойжайлау, Әулие ата, Өрнек, Ш.Бөкеев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2383,6 м.
Жерұйық – жайлы қоныс, бейбіт мекен. Жерұйық – қазақ ауыз әдебиетінде Асанқайғы атына байланысты аңызда айтылатын жер аты.
Жетіген көшесі
Бұрынғы атауы – 2-Угольный көшесі. Жетіген көшесі А.Пушкин көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Анар, Ж.Досмұхамедұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2490,2 м.
Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жетіген жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Қазақстанда Жетіген атауымен елді мекендер кездеседі.
Жетісу көшесі
Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Жетісу көшесі Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 414,7 м.
Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі.
Жидебай көшесі
Бұрынғы атауы – А.Стаханов көшесі. Жидебай көшесі М.Дулатов көшесінен басталып, Қазығұрт көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,9 м.
Жидебай – ауыл. Шығыс Қазақстан облысындағы Қарауыл аулынан солтүстікке қарай 18 шақырым жерде, Абай ауданында орналасқан. Кісі есімінен қойылған атау. Мұнда Абайдың мұражайы бар.
Жиделі көшесі
Бұрынғы атауы – 9-май көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Жиделі көшесі Еңбекшілер көшесінен басталып, Үшкөпір көшесінде аяқталады. Қаратөбе, Ақниет, Ақселеу көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 953,3 м.
Жиделі – жидесі бар, жидесі мол жер.
Достарыңызбен бөлісу: |