Ж.Шәрденов көшесі
Ж.Шәрденов көшесі Ә.Ермеков көшесінен басталып, Құлагер көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 247,6 м.
Жаңатай Шәрденов (1927-1992) – кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі.
Жағажай көшесі
Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Жағажай көшесі Көлсай көшесінен басталып, Көксай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2275 м.
Жағажай − өзен, көл, теңіз жағасындағы құмды алаң.
Жайсаң көшесі
Бұрынғы атауы – Октябрьский көшесі. Жайсаң көшесі Аңырақай көшесінен басталады. Ұзындығы – 312,5 м.
Жайсаң – «жайдары жүзді, мейірімді, шапағатты» деген мағынаны білдіреді.
Жайық көшесі
Бұрынғы атауы – №10 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Жайық көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Қаратау көшесінде аяқталады. Хантау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 651,5 м.
Жайық – Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауынан басталып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды.
Жалаңтөс көшесі
Бұрынғы атауы – №23 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жалаңтөс көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Ер Қосай, Ер Тарғын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 415 м.
Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы (1576-1656) − мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы.
Жалын көшесі
Бұрынғы атауы – Ф.Ушаков көшесі. Жалын көшесі Қарасай батыр көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Қазығұрт, М.Дулатов, Тайсойған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1370 м.
Жалын – «от, алау» деген мағынаны береді.
Жанарыс көшесі
Бұрынғы атауы – №7 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жанарыс көшесі Сілеті көшесінен басталып, Қозыбасы көшесінде аяқталады. Хантау, Қаратау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 811,3 м.
Жанарыс – Орта жүздің атасы. Жанарыстан (Орта жүз) арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ тарайды.
Жанкент көшесі
Бұрынғы атауы – №42 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Жанкент көшесі Қарқабат көшесінен басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Құндызды, Талғар, Обаған, Аршын, Зеренді, Қоңыраулы, Қордай, Кеген, Ошақты, Сырымбет, Бағаналы, М.Жұмабаев даңғылы, Сарқан, т.б. көптеген көшелермен қиылысады. Ұзындығы – 3057,8 м.
Жанкент – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында орналасқан.
Жаңаарқа көшесі
Бұрынғы атауы – №25 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жаңаарқа көшесі Дауылпаз көшесінен басталып, Балталы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 447,4 м.
Жаңаарқа – Қарағанды облысындағы аудан. Орталығы – Атасу кенті.
Жаңажол көшесі
Бұрынғы атауы – Дорожный көшесі. Жаңажол көшесі Н.Гоголь көшесінен басталып, А.Чехов, Ақжол көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1737,3 м.
Жаңажол – «бұрын болмаған, енді салынған жол» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас елді мекен атаулары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |