Еренқабырға көшесі Бұрынғы атауы – Милосердие көшесі. Еренқабырға көшесі «Железнодорожный» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 345,3 м.
Ертіс көшесі Бұрынғы атауы – №11 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Ертіс көшесі Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1127,1 м.
Ертіс – Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жерімен ағады.
Есіл көшесі Бұрынғы атауы – №13 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Есіл көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1232,5 м.
Есіл – Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтеді.