Ж.Тәшенов көшесі
Ж.Тәшенов көшесі А.Бараев көшесінен басталып, Манас даңғылында аяқталады. А.Тоқпанов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 2617 м.
Жұмабек Тәшенов (1915-1986) – мемлекет және қоғам қайраткері. Ұзақ жылдар жауапты партиялық қызметтерде болды. ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумының, Министрлер Советінің төрағасы қызметін атқарды.
Бұл көшеде «Алатау» спорт сарайы, «Алматы» мейрамханасы орналасқан.
Ж.Шанин көшесі
Бұрынғы атауы – Молодежный көшесі. Ж.Шанин көшесі Р.Зорге көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 183,7 м.
Жұмат Шанин (1892-1938) – қазақтың тұңғыш режиссері, актёр, драматург, театр және қоғам қайраткері, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақ АКСР-нің халық әртісі. Ол - «Жанды сурет», «Айдарбек», «Үш сурет», «Қара құлып», «Шахта», «Арқалық батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», т.б. пьесалардың авторы.
Достарыңызбен бөлісу: |