Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған



бет165/209
Дата06.02.2022
өлшемі1,72 Mb.
#34511
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   209
Ш.Қалдаяқов көшесі
Бұрынғы атауы – №23-1 желекжол. Ш.Қалдаяқов көшесі жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Ұзындығы – 6690 м.
Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) – ұлы композитор, Қазақстанның халық әртісі. Ш.Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ш.Қалдаяқов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны музыкасының авторы.


Ш.Уәлиханов көшесі
Ш.Уәлиханов көшесі А.Бараев көшесінен басталып, Ы.Дүкенұлы көшесінде аяқталады. Рамазан, Жәнібек тархан, Ақмола, Ағыбай батыр, А.Иманов, Баянауыл, М.Дулати, Кенесары, Отырар, Абай даңғылын, Ж.Омаров, С.Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2478,1 м.
Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші. 1856-57 жылғы алғашқы саяхаттарын «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбектерінде баяндайды.
Оның «Абылай», «Қазақтың шежіресі», «Шона батыр», «Қазақтың көші-қоны» сияқты қазақтың тарихы мен этнографиясына, қазақ даласының әлеуметтік-саяси қатынастарына арналған еңбектерінің мәні зор.
Бұл көшеде Алматы ауданы бойынша Салық комитеті, «Ботагөз» сауда үйі, «Мастер» құрылыс заттарының орталығы, «Жасыбай» қонақүйі, «Әлем» сауда орталығы орналасқан.

Шақпақ көшесі
Бұрынғы атауы – Транспортный көшесі. Шақпақ көшесі Мұзтау көшесінен басталып, Ақан сері көшесінде аяқталады. С.Мұхамеджанов, Ш.Бейсекова, А.Байтұрсынов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 860,1 м.
Шақпақ – Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданындағы ауыл, Алғабас ауылдық округінің орталығы.


Шалгөде көшесі
Бұрынғы атауы – Тыңның 30 жылдығы көшесі. Шалгөде көшесі Жігер орамынан басталып, Атамұра көшесінде аяқталады. Көкжелек, Көкарал, Құлагер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 622,1 м.
Шалгөде – Райымбек ауданындағы жайлау. Жайлаудың орта тұсынан Шалгөде өзені ағып өтеді.


Шалқар көшесі
Шалқар көшесі «Железнодорожный» тұрғын алабындағы көше. Ұзындығы – 567,6 м.
Шалқар – «кең-байтақ, шексіз де шетсіз дала» деген мағынаны білдіреді. «Шалқар» атты елімізде көлдер мен елді мекендер кездеседі.

Шаңтөбе көшесі
Бұрынғы атауы – №23 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Шаңтөбе көшесі Ордабасы көшесінен басталып, Амантоғай көшесінде аяқталады. Маятас көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 560 м.
Шаңтөбе – жер атауына байланысты айтылады. Осындай ауыл аттары да кездеседі.

Шапағат көшесі
Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Күйгенжар» тұрғын алабы. Шапағат көшесі Атақоныс көшесінен басталып, Жаңатұрмыс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 513,9 м.
Шапағат – «рақым, мейірім, шарапат» деген мағынаны білдіретін сөз. Ертедегі қазақтар жақсылығы мол жылды «шапағаты мол жыл», қайырымды адамды «шапағаты мол адам» деп атаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   209




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет