Ш. Уәлиханов еңбектеріндегі Ұлытау ескерткіштері



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі32,25 Kb.
#84939
  1   2   3   4
Байланысты:
Шокан
тапсырма №13, алашахан

Ш.Уалихвновтың туғанына 185 жыл
Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі Ұлытау ескерткіштері
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов өзінен кейін мол тарихи мұра қалдырды. Өзінің қысқа ғұмырының барысында Шоқан Уалиханов европалық ғылым үшін «белгісіз», «жұмбақ» болып келген Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық саяси тақырыптағы толып жатқан шығармалар жазып үлгерді.
Шоқан Уалаиханов қазақ тарихында ерекше орын алатын Ұлытау өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері мен тарихын зерттеп құнды жазбаларын қалдырды. Сондай құнды еңбектерінің бірі 1855 жылы жазылған «О Киргиз –кайсацких могилах (молах) и древностьях вообще» атты мақаласы. Бұл мақалада қазақ тұрмысы тілсіз ескерткіштерінің тарих және этнографиялық тұрғыдан қарағанда анағұрлым маңызды екенін көрсетті. Ғылым мола тұрғызу неліктен шыққанын, олардың түрлерін, айта келіп осы өңірдегі атақты адамдарға қойылған ескерткіштерге сипаттама беріп өтті. Ұлытау ескерткіштері туралы Шоқан Уалиханов жазбасында; «Бұдан кейін Ұлытау даласында, Кеңгірде өзінің құрлысымен таңқалдыратын Қамыр хан, Алашахан, Домбауыл, әулие, Болған ана және басқалардың, көптеген молалардың болуы заңды, бұлардың барлығы кірпіштен қаланған, сыртынан әр түсті сырмен боялған. Қаражардағы Қаракеңгірдің саласындағы Болған ананың моласы ақ түсті, күмбезі шағын ғимарат және басқалары да осылай салынған. Алашахандікі сәл өзгешелеу: күмбездің іргетасы мазардан кішкентай, сондықтан төбесі жабылған, ал қабырғалары жоғары қарай тарыла келген шығын баспалдақпен шығуға болатын балкон құрған»
Халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған, исі қазақтың айналып соғар түп қазығындай қара шаңырақ.қасиетті мекен Ұлытау өңірінде бағзы заманнан белгі болып қалған үш жүздей ескерткіш, жәдігерлер бар. Солардың бірі өзінің сәулеттік құрылысымен, ерекшелігімен таңдай қақтыратын «дың», «үйтастар». Шоқан еңбектеріндегі осы мәслеге байланысты келісті сюжеттердің бірі – ежелгі дәуірдегі халықтың рухани тіршілігін елестетін сол кездегі әлеуметтік-тұрмыс суреттері, олардың ішінде өлікті жерлеу, оны қадірлеумен байланысты басынабелгі орнату, ас беру, сауын айту, ат шаптыру. Бұлардың барлығы үлкен эпикалық сарынмен аса шалқыта берілген. Өлікті қадірлеу, оның тірі күнінде пайдаланған қымбат бұйымдарын (қазанын, киімін, ер-тұрманын, мінген атын) өзімен бірге қою, болмаса бір тайпа ел болып жиналып, оны зор салтанатпен шығарып салу дала сахарасын қоныс еткен көшпелі елдердің ежелден келе жатқан дәстүрі болатын. Бұл дәстүрдің әдемі, салтанатты, көркем түрін Еділді (Аттила) қойғандағы Рұм жазушысы Иорданның барлауынан көруге болады. Иорданның жазуынша, Еділдің денесін мақпал жібекке орап, биік жерге қойып, алдымен оның даңқты істерін еске түсіріп жоқтау жырын айтады. Еділді жерлеп, оның үстіне «зәулім дың» орнатқан соң, сәйгүлк атқа мінген жас жігіттер дыңды бірнеше айналып, тағыда жоқату жырын айтады. Бұл айтылып отырған жерлеу қағидасы ислам дінінің заңынан бүтінде басқа, ол оған барлық болмысымен қиғаш келіп тұр. Өйткені, бұл жосықтар ислам дәуірінен анағұрлым бұрын Орта Азия сахарасын қоныстанған көшпелі тайпалардың салт-санасынан туған жоралар.Тап осы сияқты жерлеу ерте заманда Жетісуды, Тарбағатайды, Алтай, Саян тауларын, Орталық Қазақстанды мекендеген, қоныс қылған көшпелі елдердің (сақ, ғұн, үйсін, қыпшақ, қырғыз) бәрінде болған. Оған дәлел Орталық Қазақстандағы Домбауыл дыңы, Қара дың, Қос үй тас жәдігерлері. (Аршабеков Т., Жұмабеков Ж.А., Толеуов Т.С. «Ұлытау – Нұра өңірлерінің тарихи-мәдени ескерткіштері» Карағанды . 2007)
Шоқа сипаттамасында дың ескерткішінің пішіні пирамида тәріздес болып келіп, жоғарғы жағы жіңішкере түседі және олар қара тастан салынады. Ескерткіштің сол жағында тастан жасалған азият түр-әлпетіне келетін мүсін тастар болады. Олар кей жағдайда ыдыс ұстаған кейіпте қойылады. (Ш. Уәлиханов Көп томдық шығармалар жинағы, 2-ші басылым, 1-ші том, Алматы. 2010, )
Алашахан ескерткіші жайында ғалым, Тұран ханы Абдолланың немесе Абдул-азиз ханның алапес ұлы Алаша болған. Көне дәстүр бойынша алапестігі үшін Алаша қуғын көріп, Сырдың солтүстік өңіріндегі далаға қуылған. Бұл жақта Алаша күш жинап, жігіттерін үш жүзге жеткізеді. Бірақ төңірегіндегі елдің шабуылы, аштық пен суық қаңғып жүрген үш жүз жігітті әбден титықтатады. Осындай қиын шақта Алаша есімді дана қарт ұшырасады да, ақыл береді. Қаңғып жүрген жігіттер мұнан кейін бас құрып , ел жинап, Алашты батагөй рубасы етеді, ал Алашаны хан сайлайды. Бірақ көршілері бұрынғыша қаңғыбас деген мағынаны беретін «қазақ» атауымен атап кетеді. Кейін, 1392 жылы Ақсақ Темір Тоқтамысты шабуға бара жатқан жолында Алашаның ұрпағы Амет пен Сәмет есімді екі ұлын өлтіреді. Демек, Алашахан 14 ғасырдың орта тұсында өмір сүрген болуы керек дейді.
Ұлытау өңіріндегі Аяққамыр ескерткіші ауқымды ескерткіштерінің бірі. Шоқан кесенені пішіні жағынан Болған ана ескерткішіне ұқсас екенін және Камырханның күмбезі деп жазады. Бірақ бұндай есімді адам, тарихта кездеспейді. Аталған кесене күйдірілген кірпіштен салынған және осы күнге дейін күмбезінен басқа жерлері жақсы сақталған. Әлкей Марғұланның болжамы бойынша, кесене ақсүйек, төре Темір-Құтлықтың моласы болып есептеледі.
Жұбан ана мазары қайсақтар қасиетті әулиенің моласы деп құрмет тұтатын мазар. Сарысу өзенінің сол жақ жағасында, осы аймаққа мәлім Қарағаш сайынан 57 шақырым, ал Ақтау бекінісінен 100 шақырым қашықтықта, Сарысу өзеніне сүйірлене тірелген тас-құмды жерде едәуір биіктікте тұр.
Ол он қырлы пирамидалды төбелері бар төртбұрыш түрінде, күйдірілген кірпіштен салынған. Оның биіктігі он жарым аршын, қабырғаларының ұзындығы бірдей – ішкі жағынан сегіз жарым аршын.
Онда оның әулиелігі дәлел болатын «жалаулар» көп. Осы жерден өткенде қайсақтардың кез келгені құдай жолына берілгендік түйсікпен әрі діни сезім жетегінде түрлі діни салттарды орындайды, мінжат қылады; осы арқылы тақуаның көңілін тауып, Мұхаммедтің рақымын алғылары келеді.
Айболат мазары Дабысын - құм құмдарының оңтүстік –шығыс бөлігінде Сарысу өзенінде, Қаракемерге құятын жерінде, Қаражардан 100 шақырым қашықтықта жатыр. Оның биіктігі 9 жарым, қабырғасының ұзындығы сегіз аршын. (Ш. Уәлиханов Көп томдық шығармалар жинағы, 2-ші басылым, 4-ші том, Алматы. 2010, 168 бет )
Шоқан Уалиханов 19 ғасырдың ортасында академик А.И. Шренкпен Орталық Қазақстанға сапарында Ұлытау ескерткіштерінің суретін салып сипаттама берді. Ал Шоқан Уәлиханов: «... Ұлытау шыңдарының бірінен Маңғыт ордасының негізін қалаушы Едіге моласын таптық. Оның моласы – жай ғана ұсақ тас үйіндісі, бұрын оның белгілі бір формасы болуы мүмкін, бірақ құлап қалған ; оның құзыры өзі орналасқан тау қиясының биіктігімен сәтті ұштасып тұр», - тұр деп жазды.
Ш. Уәлихановтың «Сказание об Едыге и Токтамыса» деген енбегі 1905 жылы Санкт-Петербургте баспада басылып шығады. «Едіге» жыры ХIV ғасыр соңындағы оқиғаларға қатысты, бірақ XV ғасыр басында құрастырылған. Бұл жыр-дастандағы ескі сөздер мен сөз тіркестері қазіргі тілде жоқ. Ең бір таңқаларлық жай, бүкіл жырда бірде-бір парсы, араб сөзі кездеспейді – деп жазады. (Ш. Уәлиханов, «Таңдамалы»). Алматы.1985, 105-106, 163-164б


Шоқан Уәлихановтың мұрасы – тарихтың қымбат асыл қазынасы. Ұлы Шоқанды қай қырынан да жан-жақты терең зерттей түсу - бүгінгі және кейінгі ұрпақтың ең қасиетті міндеттерінің бірі болып қала береді.


Шоқан Едіге мен Тоқтамыс туралы жырлардың үш нұсқасын қалдырды. Бұл батырлар жырының нұсқалары ол Жұмағұл, Арслан ақындардан және басқа адамдардан жазып алған. Мұны ол суреттелген тарихи оқиғалардың анықтылығын, сондай-ақ аңыздың шығу тарихын анықтау мақсатында жасаған. Батырлар жырының үш нұсқасынан Шоқан кейінірек бір нұсқасын жасады және сол нұсқадан ол, өз шығармаларында берілген, аударманы жасады.
Шоқанның осы аңызға қатысты жазғаны мен түсіндірмелерінен бұл жырдың ноғай баламасымен, сондай-ақ Шығыстың басқа халықтарының аңыз-әңгімелерімен де үлкен ұқсастығы бар екендігі көрінеді. Ал Шоқан Уәлихановты аңыздың тарихи тұлғалармен және шынайы тарихи оқиғалармен байланысы таң қалдырды.
Осы аңызда суреттелген ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында болған оқиғалар өдерінің эстетикалық мәнін біздің заманымызға дейін жоғалтпаған. Мысалы, «Едіге» жыры оқиғалар желісі бойынша ХІҮ ғасырдың аяғына жатады, бірақ, шамамен, ХҮ ғасырдың басында құралған. «Бұл қазір тілде жоқ, көптеген ескі сөздермен және сөз тізбектерімен дәлелденеді, айта кететін жайт, бүкіл рапсодияда бір де бір парсы немесе араб сөзі жоқ, ал қазір ислам діні таралуымен, тіпті қарапайым халық өзара жәй әңгімесінде де, осы тілдерден енген сөздерді пайдаланады»[208]

[208] Қар.: Записи императорского русского географического общества по отделению этнографии. Приложение к т. ХХІХ. Изд. И.М. Мелиоранского. Спб. 1905. С. 1-7.
Ш. Ш. Уәлиханов — қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ көркем сөз өнерінің кейбір үлгілерін ол жас кезінде-ақ білген, оған деген ықылас-қызығуы кадет корпусында оқыған жылдары мен қызметтері кезінде арта түскен де, 1850 жылдардың орта шенінен өмірінің соңғы сәттеріне дейін зерттеумен шұғылданған. Ш. Ш. Уәлихановтың, халықтардың әдеби мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, еңбектерінде қазақ және қырғыз әдебиеттері туралы арнайы шолғандары мыналар: «Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т. б. 

(Аршабеков Т., Жұмабеков Ж.А., Толеуов Т.С. «Ұлытау – Нұра өңірлерінің тарихи-мәдени ескерткіштері» Карағанды . 2007).



Оның ішінде ескерткіштер топтамасын екі топқа бөлді. Ол жергілікті жұрттың молалары және атақты адамдарға қойылған молалар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет