Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан Жұрты 1 210 193 422 адам өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел



Дата11.12.2021
өлшемі221,08 Kb.
#99341
Байланысты:
Индия


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім мемлекеттік университеті

1918-2020 жж Үндістан

Орындаған: Кашкынов С.С

Тексерген:Кадырбаевна З

И-711 топ студенті

Үндістан Республикасы (хинди भारत गणराज्य Bhārat Gaṇarājya, ағылш. Republic of India) — Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан - Жұрты 1 210 193 422 адам – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

1917—1923 жылдары революциялық күрес бүкіл Үндістанға таралды. Ол күрестің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды. Қала тұрғындары да, үнді ұлттық буржуазиясы мен жұмысшылар да қосылды. Ереуілдер мен шерулерге халық бұқарасы жаппай қатысып, тәуелсіздікке ұмтылысын білдірді. М. К. Ганди бастаған бүкілхалықтық антиимпериалистік майдан қалыптасып, ағылшын отаршылары тыныштықтан айырылды.

1917 жылдың соңы — 1918 жылы ағылшындар екіжүзді саясат қолданды. Монтегю — Челмсфорд реформалары жергілікті және орталық өкімет қызметіне үнділіктерді қатыстыра бастады. Провинциялардағы заң қабылдаушы жиналыстардың ұсақ-түйек мәселелерді қарастыру құқықтары кеңейтілді. Орталық өкімет органдарында жергілікті ұлт өкілдерінің саны біраз ұлғайтылды. Бірақ билік губернаторлар мен генерал-губернатордың қолында қалды. Сонымен бірге Роулетт заңы қабылданып, полицияға өкіметке қарсы шыққандарды табан астында жазалау, сабау, абақтыға отырғызу, шетке айдау, оқ ату құқығын берді. Ереуілдерді тоқтату үшін армияны пайдаланды. Феодалдық және компрадорлық буржуазия көсемдері, сондай-ақ кейбір ҮҰК мен МЛ жетекшілері реформаға қанағаттанып, ағылшындармен жақындасуды жақтады. Бірақ көпшілік күресін тоқтатпады.

1919 жылы 6 сәуірде Гандидің шақыруымен Мадрас, Канпур, Ахмадабад, Бомбей (қазіргі Мумбай), т. б. қалалар мен өлкелерде хартал (жаппай ереуіл) ұйымдастырылды. Ол күні бірде-бір мекеме, оқу орны, дүкен, көлік, дәріхана жұмыс істемей, өмір тоқтап қалғандай болды. Бұл ағылшындарды қатты алаңдататын күрес түрі еді. Отаршылдар халық арасында үрей туғызу мақсатымен 13 сәуірде Амритсар қаласында бейбіт митингіге қатысқандарды атқылап, 1 мыңдай адам оққа ұшты, 2 мыңға жуығы жарақаттанды. Бұл қантөгіс бүкіл елді дүр сілкіндірді. Ереуілдер толқыны отаршылдар үстемдігін шайқалтты. Гандидің ықпалы ғана қарулы қимылдарға жол бергізбей, қозғалысты бейбіт арнада ұстап тұруға мүмкін болды. ҮҰК заң шығару жиналысына сайланудан бас тартты.

Келесі жылы 1 тамызда екі саяси партия бірігіп, елде жаппай бағынбаушылық қозғалысы өткізілді. ҮҰК қатары 10 млн адамға жетіп, МЛ да күшейді. Мұсылмандар арасында сол кезде халифатшылар қозғалысы өрістеді. Оған Батыс елдерінің Түркияға қарсы жасаған әрекеттері себеп болды, өйткені Түркия сұлтаны бүкіл мұсылмандар үшін халиф болып есептелетін-ді. Халифатшылар жалпы антиимпериалистік бағыт ұстағандықтан, Үндістан мұсылмандары ағылшындарға қарсы тұрды.

1922 жылы Үндістанның Чаури-Чаура атты қыстағында шаруалар өздеріне оқ атқан полиция қызметкерлерін кеңсесімен қоса өртеп жіберді. Ганди: “Бұдан былай мұндай күш жұмсау қимылына қолдау болмайды”, — деп азаматтық бойсұнбаушылық қозғалысын тоқтатуды ұйғарды. Бұл кезде азық-түлік жағдайы да біршама жөнделе түскен еді. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалыс біртіндеп бәсеңдей бастады.

Оның келесі өршуі дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында байқалды (1928—1933 жж.). Дағдарыстың ауыртпалығы үнді халқын қатты күйзелтті. Өндіріс орындары қысқартылып, жұмыссыздық ұлғайды. Үндістандық шикізат тауарлары өтпей, шаруалар алым-салықтарын төлей алмады. Ұсақ кәсіпкерлердің күнкөрісі күрт төмендеп кетті. Үнді ұлттық буржуазиясы да қиын жағдайға тап болды. Ганди қоғамдағы саясиәлеуметтік қайшылықтар пісіп-жетілген сәтте екінші рет азаматтық бойсұнбаушылық қозғалысына шақырды. Ол 1930 жылғы көктемде басталып, бұл жолы қозғалыстың ұйымдастырылу деңгейі жоғары болды. Тәуелсіздікке жету мәселесі, елде жаңа конституция қабылдау туралы талап батыл қойылды.

Қарапайым тұрғындарды қарсыласуға қатыстыру үшін Ганди “Тұз жорығын” бастады. Ағылшындар жергілікті тұрғындарға тұз қайнатуға, болмаса тұз өндірісімен шұғылдануға тыйым салып, оны тек өздері ғана сатып, пайда түсіретін. Тұз монополиясы шетелдіктердің әділетсіз үстемдігінің бір көрінісі еді. Енді соған қарсы қозғалыс қаладан кенттерге жалғасып жатты. Ганди Гуджараттағы шеруді өзі басқарып, мыңдаған қыстақтарды аралап өтіп, Арабия теңізінің жағалауында теңіз суынан тұз өндіруге кірісті. Ағылшындар қаншама тырысқанымен, бұл 79 қозғалысты басуға шамалары келмеді. Олар М. Ганди, Дж. Неру, В. Патель, Р. Прасад және басқаларын абақтыға жапты. Сол жылы 60 мыңнан астам адам қамауға алынған еді.

1935 жылы Үндістанды басқару туралы актіні — Британдық Үндістан конституциясын зорлықпен енгізді. Оны алдымен МЛ және төменгі сатыдағы жұрт өкілдері мойындады, кейін ҮҰК де көнді. 1937 жылы біраз жеңілдік берген конституция негізінде сайлау жүріп, 8 провинция (барлығы — 11) мен орталық заң қабылдаушы жиналыста ҮҰК басым орынға ие болды. Бұл тәуелсіздікке жету жолындағы кезекті жеңіс саяси партияларға ел билеу тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Ал толық тәуелсіздік үшін күрес жалғаса түсті. Оның барысына Екінші дүниежүзілік соғыс жаңа өзгерістер енгізді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үндістан.

Соғыс жылдары үнді халқы көп қиындық көрді. Салық көлемі ұлғайып, азық-түлік жетіспей, ел ашаршылықтан бірнеше миллион азаматтарынан айырылды. 1,5 млн-нан астам үнділіктер ағылшын әскеріне тартылды. Бұл жолы да үнді буржуазиясы біраз жетіле түсті.

 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Гандитағайындалды. Ол да 1991  жылы сайлау науқаны кезінде адам өлтірушілердің қолынан қаза тапты. 1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүз. бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды. 1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкстан үкіметіне ұсыныс жасалды.



Тілдер

Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. Халық Инд-Ганг ойпатындағы аудандар мен теңіз жағалауларында тығыз, солтүстіктегі таулы және шөлді аудандарда сирек қоныстанған. Халқы негізінен ауылды жерлерді мекендейді. Сондықтан табиғи өсімі жоғары. Қала тұрғындары халықтың 28%-ын құрайды.

Ірі қалалары: Калькутта, Мумбаи, Дели Ченнаи (Мадрас), Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау.

Әкімшілік бөлу

Үндістан — федеративті республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы жоғарғы органы — президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы органы — Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады.

Ұлттық мейрамдары: Республика күні — 26 қаңтар (1950) және Тәуелсіздік күні (15 тамыз).

Британ Достастығының құрамына кіреді, БҰҰ-ның мүшесі (1945). Ақша бірлігі — үндістан рупийі.


Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет