Арақарағай орамы
Бұрынғы атауы – Вагоноремонтный қысқа көшесі. Арақарағай орамы Шыңтас орамымен қиылысып, Қарасай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 220,2 м.
Арақарағай – Қостанай облысындағы Алтынсарин ауданының солтүстік-батысында орналасқан шоқ қарағайлы орман.
Арал орамы
Бұрынғы атауы - №5 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Арал орамы Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 408,2 м.
Арал – Өзбекстан мен Қазақстан жерінде орналасқан тұйық көл.
Арқат орамы
Бұрынғы атауы - №30 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Арқат орамы Майқайың көшесінен басталып, Шертер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 132 м.
Арқат – Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында орналасқан тау.
Арқат орамы
Бұрынғы атауы – Транспортный қысқа көшесі. Арқат орамы Алқатерек орамынан басталып, Қоянды орамында аяқталады. Ұзындығы – 101,1 м.
Аршалы орамы
Бұрынғы атауы – Ф.Глинка қысқа көшесі. Аршалы орамы Сарыадыр орамында аяқталады. Ұзындығы – 122,1 м.
Аршалы – кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл көп жылдық өсімдік. Ақмола облысында Аршалы атты аудан бар.
Достарыңызбен бөлісу: |