Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті



Дата18.02.2017
өлшемі32,63 Kb.
#10175
түріСабақ
Павлодар облысы

Баянауыл ауданы

Майқайың кенті

1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пән мұғалімі Жумабаева Айман Амановна
КВН сабағы

«Электродинамика » тарауына қайталау қорытынды сабақ .
Мақсаты: Оқушылардың электродинамика тарауы бойынша білімдерін,дағдыларын тексеріп бағалау.

Сабақ түрі: КВН

Алдын –ала дайындық


  1. Сыныпты 4 топқа бөлу және капитанды сайлау

  2. Үйге тапсырма беру

А) Физикаға сәйкес сцена құру

ә ) музыкалық үзіліске нөмірлер дайындау

б) Әр сайысқа дидактикалық материалдар дайындау

Құрал –жабдықтар : Қара жәшік, өткізгіш, электростатикалық машина

Балалар,бүгін біз КВН деген ойынды ойнаймыз. Осы ойын арқылы біз оқушылардың білімдерін және дағдыларын тексеріп бағалаймыз.

Әділ-қазыларды сайлау.

Тақтадағы есіктің артында (есік суреті) бүгінгі сабақтың жоспары жазылған. Оны ашу үшін біз кілтті табуымыз керек. ,ол үшін мына сөзжұмбақты шешеміз.

(кілттің суреті) Сөзжұмбақ «Кілт»




1

2

3

4

5

  1. Электр тізбекте ток күші өзгерген себебінен индукцияның ЭҚК пайда болу құбылысының аты қандай? ( осы сөздердің 4-ші әрпін 4-ші клеткаға жаз)

  2. Ф= LI формуласының пропорционал коэффициентінің аты қандай? ( осы сөздің 11-ші әрпін 3-ші клеткаға жаз)

  3. магнит ағынының өлшем бірлігі ( осы сөздің 3-ші әрпін 1-ші клеткаға жаз)

  4. Физика курсында электр қозғалыс заңдылықтар немесе зарядталған бөлшектердің қозғалысы қай тарауда қарастырылады? ( осы сөздің 12-ші әрпін 5-ші клеткаға жаз)

  5. материяның бір түрі ( осы сөздің 3-ші әрпін 2-ші клеткаға жаз)

Кім 1-ші сөзжұмбақты шешеді,сол осы есікті ашып,бүгінгі сабаққа жол ашады. Тақтаны ашқаннан кейін ,ол алдын –ала 4 бөлімге бөлінеді .

Сайыстардың тізімі :


  1. Амандасу ( танысу ) Топтардың аттары

  2. Жаттықтыру

  3. Тақпақ сайысы

  4. Қара жәшік

  5. Бұл кім ?

  6. Үй жұмысы

  7. Капитандар тапсырмасы

  8. Суретке ат қою

  9. Лингвистер

  10. Жұмбақ

Сайыстар:

  1. Командалар өз аттарын әйгілеп,тақтаға жазып қояды,төс белгілерін көрсетіп таныстырады.

  2. Жаттықтыру. Командалар бір-бірінің күшін сезу үшін осы сайыс енгізіледі. Бір-біріне сұрақтар қояды.

  3. 4 карточкаларға сөздер-ұғымдар жазылып тұрады. Командалар карточкаларды таңдап,сол сөздер,ұғымдарға тақпақ шығарады.

Карточка-1

Карточка-2

Карточка-3

Карточка-4

магнит,Фарадей,

өткізгіш,өздік,тесла



Индукция,магнит ағыны,Ампер,

ЭҚК,вектор



Контур,Ленц,

энергия,катушка,

электродинамика


Вебер,индуктивтік,

өріс,электр,Лоренц






  1. Қара жәшіктің ішіне «өткізгішті»салып қоямыз . Тақтаға сұрақ: Мына қара жәшіктің ішінде электро динамикада қолданылатын бір физиклық аспап жатыр. Бұл не?

  2. «Бұл кім ?» Тақтаға физикалық ғалымдардың суреттері көрсетіледі. Олар бір-бірден таңдап алып,мына сұрақтарға жауап береді . «Бұл кім ?»және ол физикаға ,электродинамикаға қандай үлес қосты?

  3. Үй жұмысы. Үйге берілген тапсырма тексеріледі.

  4. Капитандар сайысы . E= L= Ф = Wм = В =

Капитандарға мына түрде карточкалар таратылады және келесі сұрақтар қойылады: Бұл не деген физикалық шама және формуласын жаз.

Капитандар сайысы болғанша топтарға келесі тапсырмалар беріледі:

Сөздерді құрастыру : 1. Индуктивтік 2. Катушка 3. Индукция 4. құйынды


  1. Суеттерге физикаға сәйкес ұшқыр ойлық ат қою.

  2. Лингвистер. Электродинамика тарауында пайдалынылатын сөздердің ,ұғымдардың,заңдардың тізімін жазыңдар.

  3. Электростатикалық машинаны пайдаланып , капитандарды ток соқты. Сұрақ:

«Неліктен барлығыңды ток соқты?»

Әділ-қазыларға :

1 сайыс -5 ұпай

2. Сөзжұмбақ- 1 ұпай 1 сөз

3. Шығармашылық қасиеттері ескеріледі-5 ұпай

4. Қай топ дұрыс жауап береді -1 ұпай

5. Қай топ -----1-5 ұпай

6. үй тапсырмасы-1-5 ұпай

7. Капитандар қанша формуланы дұрыс жазады?

8. Ой тапқырлық 1-5 ұпай

9. Қанша сөз жазылады, сонша ұпай



10. кім ең бірінші сұраққа жауап берсе, соған қосымша 1 ұпай қосылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет