Ж.Аймауытов көшесі
Ж.Аймауытов көшесі С.Сейфуллин көшесінен басталып, Ы.Дүкенұлы көшесінде аяқталады. Қарағанды, Ә.Жангелдин, И.Панфилов көшелерімен, Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1100,9 м.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) – жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесаларының авторы.
Ж.Досмұхамедұлы көшесі
Бұрынғы атауы – Литейный көшесі. Ж.Досмұхамедұлы көшесі Ақжол көшесінен басталып, Жетіген көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1501 м.
Жаһанша Досмұхамедұлы (1886-1932) – Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен (1917 жыл, ақпан) кейін болған қоғамдық-саяси өзгерістер кезінде облыстық жалпы-қазақ сиездерін өткізуге белсене араласты. Орал облысы қазақ комитетінің төрағасы болды. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.
Достарыңызбен бөлісу: |