Майбалық орамы
Бұрынғы атауы – Зеленый қысқа көшесі. Майбалық орамы Көксай көшесінен басталады. Ұзындығы – 352,3 м.
Майбалық – теңізде тіршілік ететін балықтың бір түрі. Осы аттас көл мен елді мекен атауы бар.
Макинский қысқа көшесі
Макинский қысқа көшесі А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Астрахан қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 303,6 м.
Манкент орамы
Бұрынғы атауы - №36-4 қысқа көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Манкент орамы Жылыой көшесінен басталады. Ұзындығы – 266,7 м.
Манкент – Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, теміржол стансасы. Аудан орталығы – Ақсу ауылынан шығысқа қарай бір шақырым жерде, Ақсу өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Маралды орамы
Бұрынғы атауы – Совхозный қысқа көшесі. Маралды орамы Мәскеу көшесінен басталып, Дальний қысқа көшесінде аяқталады. Керегетас көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 333,7 м.
«Маралды» деп марал өскен, маралы көп жерді айтады. Осы аттас көл мен елді мекен бар.
Машат орамы
Бұрынғы атауы - №36-11 қысқа көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Машат орамы Имантау көшесінен басталып, Атырау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 266 м.
Машат – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы ауыл, округ орталығы.
Мәртөбе орамы
Бұрынғы атауы - №36-17 қысқа көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Мәртөбе орамы Жылыой көшесінен басталып, Аягөз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 146,3 м.
Мәртөбе – Сайрам маңындағы жота. XVIII ғасырдың 2-жартысында елдің ішкі саяси өміріне қатысты мәселелерді шешу үшін Мәртөбе жотасына үш жүздің игі жақсылары жыл сайын мәслихатқа жиналып отырған. Онда ел тыныштығын сақтау, жаудан қорғану, көші-қон тәртібі, қоныстарды бөлу, реттеу, тайпа, ру араларындағы дауларды бітістіру мәселелері қаралып, талқыланған.
Мерей орамы
Бұрынғы атауы - №17 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Мерей орамы Балқантау көшесінен басталып, Таскескен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 200,1 м.
Мерей – абырой, атақ, мәртебе деген мағынаны білдіреді. Үлкен кісілер бата бергенде «мерейлі бол» деп бата береді.
Минский қысқа көшесі
Минский қысқа көшесі А.Жұбанов көшесінен басталып, А.Янушкевич көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 396,1 м.
Минск қаласының құрметіне қойылған.
Мирный қысқа көшесі
Мирный қысқа көшесі А.Иманов көшесі мен М.Дубинин қысқа көшесінің ортасында орналасқан. Ұзындығы – 204,7 м.
Мирный – «бейбіт, тыныштық» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас елді мекендер де кездеседі.
Мойнақ орамы
Бұрынғы атауы – Аққайың қысқа көшесі. Мойнақ орамы «Өндіріс» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 297,1 м.
Мойнақ – құрлықтың екі ірі бөлігін немесе екі құрлықты жалғастыратын жіңішке жолақ.
Мұғалжар орамы
Бұрынғы атауы - №124 қысқа көше. Мұғалжар орамы Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында (оң жақ) орналасқан. Ұзындығы – 356,9 м.
Мұғалжар – Орал тауының оңтүстік жалғасы.
Мырзашөл орамы
Бұрынғы атауы – Совет армиясы қысқа көшесі. Мырзашөл орамы А.Радищев көшесінен басталып, А.Жұбанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 398,9 м.
Мырзашөл – Сырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып жатқан құмды шөл. Солтүстік жағы Оңтүстік Қазақстан облысы жеріне кіреді.
Н.Гастелло қысқа көшесі
Н.Гастелло қысқа көшесі Жәнібек тархан көшесінен басталып, А.Иманов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 423 м.
Николай Гастелло (1908-1941) – ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры.
Н.Тілендиев қысқа көшесі
Н.Тілендиев қысқа көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Болашақ көшесінде аяқталады. Жаңақоныс көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1009,6 м.
Найзатас орамы
Бұрынғы атауы - №138 қысқа көше. Найзатас орамы «Өндіріс» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 583,3 м.
Найзатас – Баянауыл ауданындағы Желтау тауының оңтүстік-батысында орналасқан тау. Найза сияқты сүйір болып келген тастары бар тау болғандықтан, осылай аталады.
Наурызым қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №142 қысқа көше. Наурызым қысқа көшесі «Промышленный» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 341,2 м.
Наурызым – Қостанай облысындағы Наурызым және Әулиекөл аудандарындағы мемлекеттік қорықтың және осы облыстағы ауданның атауы.
Нұра қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №1 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Нұра қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 194,5 м.
Нұра – Қарағанды және Ақмола облыстары жерімен ағатын өзен.
Нұрлы орамы
Бұрынғы атауы - №22 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Нұрлы орамы Қарқабат көшесінен басталып, Құндызды көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 208 м.
Нұрлы – «нұрға бөленген, шұғылалы, сәулелі» деген мағынаны білдіреді. Елді мекендердің атауы.
Оғыланды орамы
Бұрынғы атауы – Проектный қысқа көшесі. Оғыланды орамы С.Мұхамеджанов көшесінен басталып, А.Байтұрсынов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 630 м.
Оғыланды – Үстірттің оңтүстік сілеміндегі киелі орын. Бекет ата мешіті осы қасиетті орынға жақын орналасқан. Ел арасында сақталған аңыздарға қарағанда, Бекет атаны осы жерден мешіт салуға бастап келген де Оғыланды екен. Оғыланды – түркі сөзі, ол «ұлан», «бала» деген ұғымды береді.
Одесский қысқа көшесі
Одесский қысқа көшесі Севастополь қысқа көшесінен басталады. Ұзындығы – 180,5 м.
Одесский (Одесса) – Украинадағы қала. Көше аты осы қаланың құрметіне қойылған.
П.Морозов қысқа көшесі
П.Морозов қысқа көшесі Ә.Сембинов көшесінен басталып, Е.Брусиловский көшесінде аяқталады. М.Ломоносов, Б.Бейсекбаев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 757,5 м.
Павлик Морозов (1918-1932) – Свердлов облысы «Герасимовка» пионерлік отрядының төрағасы.
П.Чайковский қысқа көшесі
П.Чайковский қысқа көшесі Кенесары көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 402,5 м.
Петр Ильич Чайковский (1840-1893) – композитор, дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. «Евгений Онегин», «Орлеан қызы», «Мазепа», т.б. көптеген опералардың авторы.
Рауан қысқа көшесі
Бұрынғы атауы – Связистер қысқа көшесі. Рауан қысқа көшесі А.Чехов көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Сүмбе орамымен қиылысады. Ұзындығы – 905,5 м.
«Рауан» – «таңғы жарық, сәуле, нұр» деген мағынаны білдіреді.
Речной қысқа көшесі
Речной қысқа көшесі М.Ғабдуллин көшесімен қиылысып, Ш.Иманбаева көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 348,3 м.
«Кеме жүретін өзен жолы» деген мағынаны білдіреді.
Переулок Речной
Переулок Речной пересекается с улицей М.Габдуллина, заканчивается на улице Ш.Иманбаевой. Длина – 348,3 м.
С.Разин №1 қысқа көшесі
С.Разин №1 қысқа көшесі Жамбыл көшесінен басталып, Мәскеу көшесінде аяқталады. Домбыралы, С.Разин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 410,5 м.
Разин Степан Тимофеевич (1630-1671) – Дон казагы, Ресейдегі шаруалар көтерілісінің жетекшісі.
Сайрам орамы
Бұрынғы атауы - №16 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Сайрам орамы Балқантау көшесінен басталып, Таскескен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 200,9 м.
Сайрам – ортағасырлық қала. Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Қазіргі кезде осы аттас аудан бар.
Саққорған орамы
Бұрынғы атауы – Ф.Ушаков қысқа көшесі. Саққорған орамы М.Дулатов көшесінен басталады. Ұзындығы – 686,3 м.
Саққорған – алтын адам табылған жердің атауы.
Сандықтас орамы
Бұрынғы атауы – Кирпичный қысқа көшесі. Сандықтас орамы Арқарлы көшесінен басталып, Аққайың орамында аяқталады. Ұзындығы – 102 м.
Сандықтас – мекен аты. Бұл аттас мекендер республиканың әр тұсынан кездеседі.
Сартау орамы
Бұрынғы атауы - №14 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Сартау орамы Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 301,5 м.
Сартау – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілеміне кіретін жекелеген тау жотасы.
Сарыағаш орамы
Бұрынғы атауы - №131 қысқа көше. Сарыағаш орамы Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабыда (оң жақ) орналасқан. Ұзындығы – 409,6 м.
Сарыағаш – қала, Сарыағаш ауданының орталығы. Облыс орталығы Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 110 шақырым жерде орналасқан.
Сарыадыр орамы
Бұрынғы атауы – Школьный қысқа көшесі. Сарыадыр орамы Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Ақбидай көшесінде аяқталады. Аршалы орамымен қиылысады. Ұзындығы – 424,9 м.
Селеу жапқан белдерді қазақ халқы «сарыадыр» деп атаған. Осыған байланысты елді мекен аттары пайда болған.
Сарыарқа қысқа көшесі
Бұрынғы атауы – Делегатский қысқа көшесі. Сарыарқа қысқа көшесі С.Челюскиндер көшесінен басталып, Н.Некрасов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 120,8 м.
Саян орамы
Бұрынғы атауы - №139 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ұзындығы – 446,5 м.
«Саян» – монғол тілінен енген сөз, «тау аты» деген мағынаны білдіреді. Бұл аттас адам және жер-су атаулары бар.
Севастополь қысқа көшесі
Севастополь қысқа көшесі Е.Брусиловский көшесінен басталып, А.Янушкевич көшесінде аяқталады. А.Жұбанов, Д.Лихачев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 474,3 м.
Севастополь – Севастополь қаласының құрметіне қойылған.
Сүмбе орамы
Бұрынғы атауы – Н.Филатов қысқа көшесі. Сүмбе орамы Рауан қысқа көшесінде аяқталады. Шыршық, Қараой, Айдын орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 407,7 м.
Сүмбе – жер атауы. Осы аттас елді мекендер кездеседі.
Тайтөбе қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №8 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Тайтөбе қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 486,9 м.
Тайтөбе – Ақмола облысы Целинный ауданының оңтүстік шығысындағы шоқы.
Талас қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №7 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Талас қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 290,7 м.
Талас – Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен.
Тарлан орамы
Бұрынғы атауы - №25 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Тарлан орамы Дауылпаз көшесінен басталып, Балталы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 285,8 м.
Тарлан – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Тасбұлақ орамы
Бұрынғы атауы – В.Вересаев қысқа көшесі. Тасбұлақ орамы А.Чехов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 55,8 м.
Тасбұлақ – атаудың «тастай суық бұлақ» немесе «табанында тасы көп бұлақ» дегенді білдіреді. Еліміздің бірқатар жерлерінде осы аттас бұлақтар кездеседі.
Теміртау орамы
Бұрынғы атауы - №7 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Теміртау орамы Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395,2 м.
Теміртау – Қарағанды облысындағы ірі өнеркәсіптік қала, теміржол стансасы.
Теңіз орамы
Бұрынғы атауы – Л.Чайкина қысқа көшесі. Теңіз орамы Шиелі көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 160,1 м.
Теңіз – Қорғалжын алабындағы көл.
Тобыл қысқа көшесі
Бұрынғы атауы – М.Кутузов қысқа көшесі. Тобыл қысқа көшесі А.Чехов көшесінен басталады. Ұзындығы – 81,8 м.
Тобыл – Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай облысы және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады.
Тұлпар орамы
Бұрынғы атауы - №4 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Тұлпар орамы Ырғыз көшесінен басталып, Сілеті көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 94,6 м.
Асқан жүйрік, дүлдүл жылқыны қазақ халқы «тұлпар» деп атаған.
У.Громова қысқа көшесі
У.Громова қысқа көшесі Кенесары көшесінен басталады. Ұзындығы – 145,2 м.
Ульяна Громова (1924-1943) – Кеңес Одағының Батыры.
Уральский қысқа көшесі
Уральский қысқа көшесі Железнодорожный қысқа көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Т.Бигелдинов, Ә.Әлімжанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 264,9 м.
Училищный қысқа көшесі
Училищный қысқа көшесі А.Иманов көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 200 м.
Ұлан орамы
Бұрынғы атауы – Пришкольный қысқа көшесі. Ұлан орамы Мереке көшесінен басталып, Аралқұм көшесінде аяқталады. Қарқара орамы мен Нұрлыжол көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 540,1 м.
Ұлан – «жасөспірім, жеткіншек, өрен» дегенді білдіреді. Қазақстанда «Ұлан» атты бірнеше елді мекендер бар.
Ұлпан орамы
Бұрынғы атауы - №176 қысқа көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Ұлпан орамы Ұмай ана көшесінен басталып, Тұмар ханым, Айша бибі, Қыз Жібек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 492,3 м.
Фестивальный қысқа көшесі
Фестивальный қысқа көшесі А.Иманов көшесінен басталып, М.Дубинин қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 203,7 м.
Фестивальный – ағылшын, француз және латын тілдерінен аударғанда – «көңілді, мерекелі» деген мағынаны білдіреді.
Шабыт орамы
Бұрынғы атауы - №12 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Шабыт орамы Обаған көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Шабыт орамы Жанкент көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 222,2 м.
Шабыт – адамның көңіл-күйінің ерекше ықыласты, әсерлі сәті.
Шаған орамы
Бұрынғы атауы – Путейский қысқа көшесі. Шаған орамы Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 144,7 м.
Шаған – Ақтөбе облысының Шалқар, Байғанин аудандары жеріндегі өзен.
Шарын орамы
Бұрынғы атауы - №141 қысқа көше. Шарын орамы Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 277 м.
Шарын – Алматы облысындағы Шарын өзенінің төменгі ағысындағы жартасты табиғи өңір.
Шаттық орамы
Бұрынғы атауы - № 9 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Шаттық орамы Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 379,1 м.
Шаттық – адамның қуанып, шат-шадыман күйге түсуі.
Шерқала орамы
Бұрынғы атауы – Заводской қысқа көшесі. Шерқала орамы Республика даңғылынан басталады. Ұзындығы – 255,9 м.
Шерқала – Жем өзенінің орта бөлігінің шығысындағы бұйратты қырқа. Қырқа арабша «жолбарыс қала» деген мағынаны білдіреді.
Шымбұлақ қысқа көшесі
Бұрынғы атауы - №3 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Шымбұлақ қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 257,3 м.
Шымбұлақ – Алматыдан 25 шақырым жерде, Кіші Алматы шатқалының көркем жерлерінің бірінде орналасқан спорт кешені.
Шымкент қысқа көшесі
Шымкент қысқа көшесі Абай даңғылынан басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Ә.Әлімжанов, Т.Бигелдинов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 350,8 м.
Шымкент – Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі қалалардың бірі. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Шымкент (түркіше «шым» - алқап, қойнау және иранша «кент» - елді мекен) – «Жасыл қала» деген мағынаны білдіреді.
Шыңтас орамы
Бұрынғы атауы – Ф.Кривогуз қысқа көшесі. Шыңтас орамы Ф.Кривогуз көшесінен басталып, Қарасай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 936,2 м.
Шыңтас – Алматы облысындағы жер атауы.
Шырайлы орамы
Бұрынғы атауы - №15 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Шырайлы орамы Таскескен көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 201,2 м.
Шырайлы – «көрікті, келбетті, реңді» деген мағынаны білдіреді.
Шыршық орамы
Бұрынғы атауы – Тепловозный қысқа көшесі. Шыршық орамы Сүмбе орамынан басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Қашаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 241,9 м.
Шыршық каналы – Өзбекстан мен Қазақстан мемлекетаралық жер суару жүйесіне жатады.
Шідерті орамы
Бұрынғы атауы – Г.Димитров қысқа көшесі. Шідерті орамы Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, С.Разин көшесінде аяқталады. Жамбыл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 332,3 м.
Шідерті – Қарағанды облысындағы өзен.
Шілікті қысқа көшесі
Бұрынғы атауы – А.Герцен қысқа көшесі. Шілікті қысқа көшесі Тамшалы көшесінен басталып, А.Герцен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 259 м.
Шілікті – жер атауы. Шілік – өзен жағалай немесе сазды жерге топталып өсетін өзегі жіңішке ағаш түрі.
Ырыс орамы
Бұрынғы атауы – М.Шолохов қысқа көшесі. Ырыс орамы М.Шолохов көшесінен басталып, Бестөбе көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 272,8 м.
Ырыс – мол байлық, береке дегенді білдіреді.
Ю.Гагарин қысқа көшесі
«Көктал» тұрғын алабы. Ю.Гагарин қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 225,9 м.
Ақпан орамы
Бұрынғы атауы – Ремонтный қысқа көшесі. Ақпан орамы Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 563,1 м.
Ақпан – қыстың соңғы айы.
Балтакөл орамы
Бұрынғы атауы – Узкий қысқа көшесі. Балтакөл орамы М.Шолохов көшесінен басталады. Ұзындығы – 121,6 м.
Балтакөл – көл, елді мекен аты. Балта – көне түркіше «тас», ал Балтакөл – «тастақ көл», «түбі тасты көл» мағынасындағы атаулар.
И.Сеченов тұйық көшесі
И.Сеченов тұйық көшесі Бекетай көшесінен басталып, Дальний қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 148,6 м.
Иван Михайлович Сеченов (1829-1905) – ойшыл материалист, орыс физиологиялық мектебінің іргесін қалаушы.
Теректі орамы
Бұрынғы атауы – ФЗО қысқа көшесі. Теректі орамы Ақбидай көшесінен басталады. Ұзындығы – 112,7 м.
Теректі – терегі мол өсетін жерді айтады. Сондай-ақ Қазақстанның әр түкпірінде кездесетін осы аттас елді мекендер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |