1 2 2 p2
1 2 2 p3
1 2 2 p4
1 2 2 p5
1 2 2 p6
↑
↑↓
↑↓ ↑ __ __ __
↑↓ ↑↓ __ __ __
↑↓ ↑↓ ↑ __ __
↑↓ ↑↓ ↑ ↑ __
↑↓ ↑↓ ↑ ↑ ↑
↑↓ ↑↓ ↑↓ ↑ ↑
↑↓ ↑↓ ↑↓ ↑↓ ↑
↑↓ ↑↓ ↑↓ ↑↓ ↑↓
|
Бұдан соң III период элементтері атомдарының электрондық және графикалық формуласы жазылады.
Энергетикалық деңгейлерде электрондардың орналасуы жөнінде оқушылар жалпы қорытынды жасайды.
1. Бірінші период элементтерінде бірінші энергетикалық деңгейдің S-орбиталі екі электронмен толады.
2. Екінші период элементтерінде энергетикалық деңгейдің 2S-орбиталі екі, 2р-орбиталі алты электронмен толады.
3. Үшінші период элементтерінде үшінші энергетикалық деңгейдің Зs-орбиталі екі, Зр-орбиталі алты электронмен толады.
Бұлардың бәрі негізгі топ элементтеріне жатады, s және р-элементтер деп аталады.
Бұдан соң мұғалім үшінші d -орбитальдың қалғанын ескертіп, төртінші период элементтерінде энергетикалық деңгейшелердің толу ретін түсіндіреді: 4s →Зd→4р. Мұнда периодтың басындағы екі элемент (калий және кальций) 4s-орбиталін екі электронмен толтырады. Үшінші элемент скандийден бастап галлийге дейінгі он элементте электрондар сыртқының астындағы үшінші деңгейдің d -орбитальында орналасады. Ол орбиталь электронға толған соң ғана 4р-орбиталі алты электронмен толады. Бесінші периодта электрондардың орналасуы төртіншіге ұқсас жүзеге асады: 5s → 5d →5р. Бұл екі периодта энергетикалық деңгейлерін электрондармен толтыратын элементтер саны 18-ге жетеді, s және р-дар басқа d-элементтер пайда болып, қосымша топшалар құрайды.
Алтыншы және жетінші периодтарда электрондардың орналасуы бұлардан да күрделі, яғни мына ретпен жүреді: 6s 5d 4f 6p.
Бұл периодтағы f -элементтер (лантаноидтер, актиноидтар) туралы түсінік жалпы химия курсында беріледі.
1.2.1. Периодтық заңды атом құрылысы тұргысынан түсіндіру.
Периодтық жүйе - периодтық заңның графикалық бейнесі, ол жеті период, сегіз топтан тұрады. Периодтар үлкен және кіші топтарға негізгі және қосымша топшаларға жіктеледі.
Элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруінің себебін түсіну үшін оқушылар ядро заряды мен сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны арасындағы тәуелділікті көрсететіи диаграмма сызады. Көлбеу бағытта ядро зарядының өсуі, тік бағытта электрон саны керсетіледі. Сонда екінші және үшінші период элементтерінде сыртқы деңгейдегі электрон санының бірден сегізге дейін өсетіні байқалады. Бұл алдыңғы сабақтарда сызылған валенттіліктің өзгеру графигіне сәйкес келеді. Сыртқы қабаттың электрондары валенттік электрондар деп аталады, екінші және үшінші периодтарда сегіз элементтен кейін қайталанады. Оттегі бойынша валенттілік сыртқы электрондардың санына, сутегі бойынша валенттілік сегізден сыртқы электрондар санын алғандағы айырмаға тең. Бұл заңдылық негізгі топшалардың элементтеріне ғана тән. Қосымша топшалардың элементтерінде валенттік электрондары сыртқы және сыртқының астындағы деңгейлерде орналасады.
Периодта бейметалдық қасиеттердің күшеюі ядро зарядының өсуіне байланысты сыртқы деңгейдегі электрон санының артуымен және атом радиусының кішіреюімен тусіндіріледі. Бұл жағдайда ядро мен электрондар арасындағы тартылу күші артады.
Бір топта және топшада орналасқан элементтердің қасиеттерінің ұқсас болатын себебі электрондық құрылымы, әсіресе сыртқы деңгейлерінің электрондық құрылысы ұқсас, мысалы, сілтілік металдарда: Li 2s1, Nа 3s1, К 4s1, Rb 5s1, Fr 6s1; галогендерде: F 2s2 2р5, С1 3s2 3р5, Вr 4s2 4р5, I 5s2 5р5.
Бір периодтан екінші периодқа өткенде электрондар жаңа деңгейлерге орналасады, негізгі топ элементтерінің радиусы үлкейеді. Осыған орай металдарының электрон беру қасиеті күшейеді, бейметалдардың электронды қосып алу қасиеті кемиді. Бұл заңдылыққа қосымша топ элементтерінің бағынбайтынын айту қажет, оның себебі d-сығымдалу әсерінен атом радиустарының кішіреюінде.
Электрондық теория тұрғысынан периодқа және топқа анықтама беріледі. Период — электронмен толатын энергетикалық деңгейлерінің саны бірдей элементтердің көлбеу қатары. Топ - энергетикалық деңгейлеріндегі валенттік электрондарының саны бірдей элементтердің вертикаль қатары. Әр периодтың ұзындығы, үлкен период элементтерінің қасиеттеріндегі ерекшеліктер энергетикалық деңгейлердің толу ретімен түсіндіріледі. Мысалы 2,8,8,18,18,32 электрондар саны I - IV периодтардағы химиялық элементтердің санына сәйкес келеді. IV - V периодтарда 10 элемент d-орбиталын электрондармен толтырғанда сыртқы деңгейдегі электрон саны тұрақты күйінде қалады, сондықтан олардың металдық қасиеті де сақталады. Орбитальдағы электрон сандары артқанда қосылыстарында бейметалдық қасиеттер пайда болады.
Химиялық элементтердің электрондық құрылымының периодты түрде өзгеруі олардың жай заттары, оксидтері, негіздері, қышқылдары қасиеттерінің де периодты түрде өзгеруіне әкеледі. Бірақ бұл өзгерістер жеке атомдардағы өзгерістерге қарағанда басқаша болып келеді. Өйткені оларға қосылыстардың құрамындағы атомдар арасындағы химиялық байланыстың сипаты, байланыс энергиясы, заттың түзілу жылуы, т.б. әсерін тигізеді. Бұл мәселені заттың құрылысы және химиялық байланыс өтілгеннен кейін периодтық жүйе тұрғысынан кеңірек қарастырған жөн.
Қорытынды
Орта мектеп химия курсындағы Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы, периодтық жүйесі және атом құрылысы туралы ұғым қалыптастыру және дамыту мақсатында зерттеуге №37 мектеп-гимназиясының 8-сыныбы алынды. Онда жетекшінің және пән мұғалімінің көмегімен химияның алғашқы ұғымдарын қалыптастыру негізінде сабақтар өткіздім. Оқушылардың алған білімін тексеру мақсатында өздік жұмыстар, тест тапсырмаларын орындаттым, әр оқушыдан жеке есеп алдым. Тест тапсырмалары бойынша оқушылардың нәтижесін 1-кестеден көруге болады.
Мектепте химия курсындағы негізгі түсінікті шегіне жете білу үшін тек ғылым және өнеркәсіп жетістіктері емес, табиғат жөнінде ғылыми көзқарасқа шығармашылық ой қалыптастыру тиімді.
Химиялық түсініктерді қалыптастыру кезінде теориялық білімді табиғатпен байланыстыру керек. Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық ғылымның қазіргі жетістіктерін және озық тәжірибелерін соңғы талаптарға сай көрсету міндетке алынуда. Әр ұғымды игеруде оқушылардың белсенділігін арттыру, тәжірибе қою, талқылау, бақылау, қорытынды жасау, ұғымның мазмұнын, көлемін, елеулі белгілерін, мәнін ашу және мысалдар келтіру, анықтама беру, ұғымдар жүйесіндегі орнын табу біліктерін қалыптастыру.
Білім беруде оқушыларды білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Д.М.Кирюшкин, В.С.Полосин «Химияны оқыту методикасы». Алматы «Мектеп» 1984ж.
Н.Нұрахметов, К.Сарманова «Химия» Орта мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2004ж.
И.Нұғыманұлы «Химияны оқыту әдістемесі» Алматы «Prints» 2005ж.
Г.И.Шелинский, А.Д.Смернов «Химияны оқыту методикасы» Алматы «Мектеп» 1967ж.
А.Мырзабаев «Химияның қызығы» Алматы. «Мектеп» 1963ж.
Ізденіс (Жаратылыстану) - 2006ж. №3.
Химия мектепте, 2007ж. №2.
Химия мектепте, 2008ж. №1.
Қазақстан мектебі, 2007ж. №2
Биология. География. Химия, 2005ж. №1.
Қосымша
кесте. Тест тапсырмасы бойынша оқушылардың
білім деңгейінің көрсеткіші
Сынып
|
Оқушы саны
|
Бағасы мен пайызы
|
Абсолютті үлгерімі
|
Білім сапасы
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«2»
|
8 «Ә»
|
25
|
24%
|
52%
|
24%
|
-
|
100%
|
76%
|
6 оқушы
|
13 оқушы
|
6 оқушы
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |